«500 000 теңгеден бастап тұрмыстық техниканы сатып алып, сыйлыққа ие бол»
жарнамалық акциясына қатысу ережелері

 

Осы «Сатып ал да, қабыл ал» жарнамалық науқанына («Науқан») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Науқанға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Науқанға қатыса отырып, қатысушы https://117.p.syniva.es/kz_ru/ ; https://117.p.syniva.es/kz_kz/  сайтында («Науқанның Сайты») орналастырылған осы Науқанға қатысу ережелерімен («Ережелер») келіседі.

 

1.         Жалпы ережелер

1.1.      Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.

1.2.      Науқанды өткізу кезеңі:   2024 жылдың 15 мамыры мен 31 желтоқсаны аралығында (қоса алғанда) Алматы уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.

1.3.      Науқанды өткізу аумағы: Науқан Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.

 

2. Науқанның Қатысушысы

2.1.      Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері болмайтын тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары Науқанның Қатысушылары (бұдан әрі – «Қатысушы») бола алады.

2.2.      Науқанға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Науқан сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Науқанның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау  үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.3.      Қатысушы Науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар тиісті фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

3. Науқанға қатысудың шарттары

3.1. Қатысушы Науқанға қатысу үшін Науқан өткізілетін кезеңде келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

- Науқан жүргізіліп жатқан кезеңде Науқанның сайтында «Тұрмыстық техника» санатындағы тұрмыстық техниканы (бұдан әрі - Тауарды) 500 000 (бес жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға сатып алуы керек;

- Содан кейін ол 1 кестеде көрсетілген сыйлықты алады.

3.2. Науқан сайтының техникалық талаптарына сәйкес Науқанға қатысу үшін себетте тек «Тұрмыстық техника» санатындағы тауарлар орналасуы керек.

 

Төменде Науқанға қатысатын Тауарлардың тізімі, сондай-ақ тиісті сыйлық ұсынылған:

 

ТОВАР

ПОДАРОК

1

Жалпы құны 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын кез келген тұрмыстық техника

Жинаққа келесі заттар кіреді:

• Брендтелген худи;

• Брендтелген алжапқыш;

• Брендтелген жамылғы;

• Брендтелген қолшатыр;

• Брендтелген термос;

• Брендтелген шоппер.

 

 

4. Сыйлық

4.1. Науқанның қатысушысына арналған жинақ сыйлық (бұдан әрі – «Сыйлық») болып табылады;

4.2. Науқан шарттарына сәйкес әр Қатысушы Тауарды сатып алғанда 1 (бір) Сыйлықтан артық сыйлықты ала алмайды;

4.3. Сыйлықтың түсі және моделі оның қоймада болуына байланысты және Науқан сайтындағы кескіннен өзгеше болуы мүмкін;

4.4. Сыйлықтарды жеткізу Тауарға тапсырыс берілген және ол Науқан сайтында төленген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар Сыйлықты қалаға жеткізгені үшін қандай да бір ақыны, салықтарды немесе өзге төлемдерді төлеуді талап етсе,  өтінеміз, осындай төлемдерді жасамай, бірден Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттері арқылы байланысуға болады.

4.5. Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе өзге тауарларға алмастыруға тыйым салынған. Науқанның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, алайда осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүргізілмейді.

4.6. Науқанды өткізу кезеңінде қандай да бір себептермен тапсырылмаған Сыйлықтар, соның ішінде Науқан Қатысушының бас тартуы, алынған промокодты/кодты белсенді етпеу, не болмаса электронды пошта мекенжайын қате көрсету салдарынан Науқан Қатысушысына жеткізілмеген Сыйлықтар талап етілмеген болып танылады. Ұйымдастырушы талап етілмеген Сыйлықтарды сақтамайды және өз қалауы бойынша қолдана алады.

4.7. Ережелер талап етілмеген Сыйлықтарды сақтау және осы Ережелерде көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін оларды талап ету мүмкіндігін қарастырмайды.

4.8. Науқанның Қатысушы Сыйлықты алған сәттен бастап, оның кездейсоқ сынып кетуі және/немесе зақымдануы үшін тәуекелді өз басымен көтереді.

 

5. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1.      Науқан Қатысушының құқықтары:

˗           Осы Ережелермен танысу;

˗           Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Науқанға қатысу;

˗           Науқанның мерзімдері және өту шарттары туралы ақпаратты жария ресурстардан және Науқан Сайтының байланыс арналарынан алу;

˗           Науқанның сайтында осы Ережелерге өзгерістердің енгізілуі туралы ақпаратты алу;

˗           Науқанның Ұйымдастырушысы туралы мәліметтерді алу;

˗           Осы Ережелерге сәйкес оларды сақтаған жағдайда Сыйлық алу.

5.2.      Науқанға Қатысушының міндеттері:

˗           Ережелерді сақтау, с.і. осы Ережелерде белгіленген мерзімде Науқанға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗           Науқанға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындарын және тағы басқаларды өз бетімен көтеру;

˗           Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

6. Науқанды Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

6.1.      Ұйымдастырушының құқықтары:

˗           Науқан Ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Науқанды өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Науқан Сайтында жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Науқанға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады;

˗           Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру;

˗           Ұйымдастырушы осы Науқанның Ережелерімен және қолданыстағы ҚР заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;

˗           Ережелердің 3.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орындамаған Науқанның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту;

˗           Науқанның Қатысушысы осы Ережелерді сақтамау фактісі анықталған жағдайда Науқанның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту.

6.2.      Ұйымдастырушының міндеттері:

˗           Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімдерде Науқанды өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗           Науқанның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;

˗           Науқанның Қатысушыларын Науқан Ережелерін Науқан Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету.

- 3.1. тармағына сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған Науқанның барлық  Қатысушыларына Науқанның Сыйлықтарын беру.

 

7.         Өзге шарттар:

7.1. Науқанның барлық Қатысушылары Науқанға қатыса отырып, Науқан Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Науқанның ережелерін бұзса немесе Сыйлықты алу үшін айлакерлік және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.

7.2. Қатысушы Науқанға қатыса отырып, өзінің осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді сақтаудан толығымен және/немесе ішінара бас тартуы, Қатысушының Науқанға қатысудан бас тартуы болып танылады.

7.3. Науқан байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.

7.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының Қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі Қатысушыға қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.5. Науқанды орындау барысында, Ұйымдастырушы Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін талап етуі мүмкін.

7.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

7.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін ұсынбауға, сондай-ақ басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Науқанға байланысты болмайтын өзге де мақсаттарда табыстамауға сөз береді. 

7.8. Ұйымдастырушының Науқанды өткізудің Ережелеріне сәйкес Науқанды өткізуге байланысты барлық сұрақтар бойынша қабылдаған шешімдері түпкілікті болып танылады.

7.9. Науқанның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде атқармағаны үшін жауапкершілік көтермейді.  

7.10. Ұйымдастырушы Науқан шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

7.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса,  қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, онда Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны қатыстырмауға құқылы және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының  қандай да бір жерде хабарланса, бейнеленсе немесе жарияланса да, Ұйымдастырушы оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

7.12. Осы Ережелердің кез келген талабының жарамсыздығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа талаптардың растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір талап жарамсыз немесе өзгеше орындалмайтын болып танылса, не заңға қайшы келсе, онда қалғандары осы Ережелердің қолданысын жалғастырады және осында жарамсыз немесе заңға қайшы талап болмағандай бекітілген талаптарға сәйкес түсіндіріледі. 

Акцияға қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз:

Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:

7700 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін; 

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.