#withGalaxy арқылы
мобильді кинорежиссерлік көзқарасыңызды
жүзеге асырыңыз
Ли Чан Хённің «Жүрек талмасы» атты жаңа фильмін түсіру кезінде пайда болған кеңестер.
Толығымен Galaxy S20 Ultra құрылғысына түсірілген режиссер Ли Чан Хённің «Жүрек талмасы» атты жаңа фильмінен көрініс.
Тұрақтандырғыштар, жоғары технологиялық камералар және күрделі жарықтандыру сияқты жабдықтарды қолданбай қысқаметражды фильм түсіру идеясы өте қорқынышты көрінуі мүмкін. Егер ойлаған идеяңыз көлемді, бірақ оны орындауға ресурстарыңыз аз болса, корей режиссері Ли Чан Хённің Galaxy S20 сериясындағы смартфоннан басқа ештеңені қолданбай трагедия, махаббат және уақыт саяхаты туралы ғажайып оқиғаны қалай жүзеге асырғанын көру үшін мақаланы оқи беріңіз.
Бұл контент жасаушылар үшін керемет сәт.
Бүгінгі таңда Galaxy құрылғыларына ендірілген кино түсіру технологиясының көлемімен идеяны экранға ұсынатын уақыт келді. Цифрлық революциядағыдай, визуалды оқиға жасау құралдары жаппай демократияландырылды. Қарапайым мобильді құрылғы арқылы бүгінде бүкіл студиялары бар кәсіби кинорежиссерлерден гөрі көп нәрсеге қол жеткізуге болады, ал қымбат камералар мен күрделі технологиялардың ауыртпалығына салынбаған еркіндік жаңа фильм кадрларында көрініс табады.
Көреген
Отыз жастағы режиссер Ли Чан Хён Кореяда өзінің атын шығарып үлгерген. 2015 жылы ол өзінің «Келісім» қысқаметражды фильмімен танылды және келесі «Қоңырау» фильмі 2020 жылы дебютқа шығады. Келесі жоба үшін Ли «Діндар» және Пак Чан Вуктың «Үй қызметіндегі әйел» фильмдерін түсірген Yong Film компаниясымен серіктес болды. Galaxy S20 Ultra смартфонын және өзі қалаған кез келген қысқаметражды фильмді түсіруге ұсыныс алған Ли, Galaxy технологиясы керемет баяндаушының қолына түскенде не болатынын көрсету мүмкіндігін алды және оның нәтижелері керемет болды.
«Жүрек талмасы» атты фильмнің эксклюзивті трейлері
«Айтар әңгімесі бар әрбір адамның қолында керек жабдық бұрыннан бар».
—Ли Чан Хён
Оның «Жүрек талмасы» фильмі сүйіктісін жүрек талмасынан құтқару үшін өткен шаққа орала берген жас әйел туралы баяндайды. Көрнекі әсерлі шығарма бізден өткенге және бүгінге қалай қарайтынымызды қайта қарауды сұрайды, ол көрерменді өзінің шынайы ортасымен, айналадағы декорациямен және баурап алатын түсімен керемет тартады.
Жоғарыдағы трейлерді қараңыз да, түсірілім қызметкері ұсынған қысқаметражды фильм жасауға көмектесетін төрт жылдам кеңеске дейін бетті айналдырып көріңіз.