USB 3.1 FIT Plus жинақтауыш 256ГБ
Қосулы күйде қалдырыңыз
Жадты арттырудың қолайлы жолы. Құрылғыңызға қосалқы, жетілдірілген сақтау орнын қосу үшін FIT Plus жад картасын салыңыз да, көптеген файлдарды өзіңізбен алып жүріңіз. Ол қосулы күйніде сізге кедергі келтірмейді және файлдарға жылдам қолжеткізе аласыз, USB 3.1 нұсқасы жылдамдық пен сенімділікті қамтамасыз етеді.
Көбірек сақтаңыз. Жалғанған күйде қалдырыңыз.
Қосалқы жад әрқашан сізбен бірге. FIT Plus — бұл өзіңізбен алып жүруге болатын карта, ол сіздің құрылғыңызға жалғаулы қалу үшін, әрқашан қолданысқа әзір болу үшін жинақы түрде жасалған. Оны ноутбуктерде, смарт теледидарларда және көлікте қосулы күйде қалдыруға болады, себебі кездейсоқ соққыдан немесе түсіп қалудан қорғалған.
Жылдам. Әрі әрқашан әзір.
Уақытыңызды үнемдеңіз, сыйымдылықты арттырыңыз. 300 Mб/сек¹ дейінгі оқу жылдамдығына ие, соңғы USB 3.1 нұсқасындағы жылдам әрі сенімді карта деректерді сіздің уақытыңызды шығындамастан көшіреді. З Гб 4K UHD видео файлын өзіңіздің FIT Plus тасымалдағышыңыздан компьютерге небәрі 10 секундта² көшіріңіз. Көбірек фильмдер, ойындар мен музыка сақтаңыз.
¹256/128 ГБ модельдері үшін 300 МБ/сек дейін; 64/32 ГБ модельдері үшін 200 МБ/сек дейін. ²256/128 ГБ модельдері үшін ең азы 10 секунд; 64/32 ГБ модельдері үшін ең азы 14 секунд (Asus Z370-G, Intel i7-8700K @ 3,70 ГГц, 8 ГБ DDR4 және Windows 10 Enterprise 64bit комбинациясында сыналған).*Іс-жүзіндегі жылдамдығы бас құрылғыға және/немесе пайдалану жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
Мықты әрі сенімді
Файлдарыңыз қайда барсаңыз да қауіпсіздікте болады. Samsung компаниясының флэш-жад саласындағы көшбасшылығы FIT Plus құрылғысын құнды деректеріңізді сақтау үшін сенімді етеді. Ол судан¹, соққыдан2, температурадан3, магниттен4, рентген сәулелерінен5 қорғайтын корпусының негізінде жұмыс істейді, сондай-ақ осының барлығына 5 жыл кепілдік мерзімі6 берілген.
¹Теңіз суында 72 сағатқа дейін. ²1500 дейін гравитациялық үдеме. ³Жұмыс қалпында -25°C…85°C, жұмыс істемейтін қалпында -40°C…85°C шыдайды. ⁴15 000 Гс дейін (МРТ-ға тең). ⁵50 Рентгенге (әуежайдағы рентген аппаратымен бірдей) дейін. ⁶Samsung компаниясы UFD деректерін қалпына келтіруге байланысты орын алған шығындар, зақымдар және/немесе деректердің жойылуы үшін жауапкершілік көтермейді. Кепілдікке қатысты арнайы ақпарат алу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз: 117.p.syniva.es/support
Сипаттамалары
-
Өнімдер қатары FIT Plus
-
Сыйымдылығы 256Гб
-
Интерфейс USB 3.1 Gen 1
-
Салмағы Шамамен 3.1 г
-
Өнімділігі USB 3.1
-
Кепілдік 5 жылға шектелген
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз