«SAMSUNG теледидарын сатып алыңыз да, Kinopoisk сервисіне жазылымды сыйлыққа алыңыз» АКЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«SAMSUNG теледидарын сатып алыңыз да, IVI, Okko, MEGOGO онлайн-кинотеатрларына жазылымды сыйлыққа алыңыз» жарнамалық акциясына (бұдан әрі – «Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Қатысушының сайтта келесі мекенжай бойынша: https://117.p.syniva.es/kz_kz/ (бұдан әрі – «Акция сайты») жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») танысқандығын және сөзсіз келіскендігін білдіреді.

 

1.            Жалпы ережелер:

1.1.     Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3 қабат.

1.2.     Акцияны өткізу кезеңі:   2024 жылдың 1 мен 30 маусым аралығында (қоса алғанда) Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.

1.3.     Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.

1.4.       Акцияны өткізу тәсілі: Акция Акцияның Сайтында SAMSUNG онлайн-дүкенінде сатып алынған осы Ережелерде көрсетілген тауарларға таралады.

 

2. Акцияға Қатысушысы

2.1.         Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері болмайтын тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның Қатысушысы (бұдан әрі – «Қатысушы») бола алады.

2.2.         Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олармен байланысты тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа да компаниялардың  қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3.         Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау  үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4.         Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

3.      Акцияның сипаттамасы

3.1.   Осы Ережелерге сәйкес әрбір Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, осы Ережелерде көрсетілген SAMSUNG тауар белгісімен теледидарларды және проекторларды (бұдан әрі – «Тауар») сатып алғанда Ұйымдастырушыдан сыйлықты алу мүмкіндігін иеленеді.

 

4.      Акцияға қатысудың шарттары

4.1.    Қатысушы Акцияға қатысу үшін Акцияның Сайтынан Акция өткізілген кезеңде осы Ережелердің №1 қосымшасында көрсетілген Тауарлардың келесі модельдерінің ішінен бір модельді сатып алу керек.

4.2.    Қатысушы Тауарды сатып алу арқылы осы Ережелердің №1 қосымшасына сәйкес Ұйымдастырушыдан Kinopoisk сервисіне тегін жазылымды (бұдан әрі – «Сыйлық») алады.

4.3.    Қатысушы Тауарды сатып алған сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде SMS түрінде Kinopoisk сервисіне жазылымды белсенді ету үшін кодты алады.

4.4.    Алынған жазылымды SMS хабарламаны алған сәттен бастап бір ай ішінде белсенді ету қажет.

4.5.    Алынған жазылым фильмдердің, сериалдардың, мультфильмдердің кейбір санаттарына таралмайды.

4.6.    Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтарды ақшалай қаражатқа немесе өзге тауарларға алмастыруға тыйым салынған. Акцияның Қатысушысы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, алайда осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражатты/өтемақыны төлеу жүргізілмейді.

 

5.          Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1.      Акцияға Қатысушының құқықтары:

˗        Осы Ережелермен танысу;

˗        Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗        Акцияның мерзімдері және өту шарттары туралы ақпаратты жария ресурстардан және Акция Сайтының байланыс арналарынан алу;

˗        Акцияның сайтында осы Ережелерге өзгерістердің енгізілуі туралы ақпаратты алу;

˗        Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тарту. Қатысушының осы күннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыруы оның енгізілген өзгерістермен келіскендігі ретінде қарастырылады;

˗        Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәліметтерді алу;

˗        Осы Ережелерге сәйкес оларды сақтаған жағдайда Сыйлықты алу.

5.2.      Акцияға Қатысушының міндеттері:

˗        Ережелерді сақтау, с.і. осы Ережелерде белгіленген мерзімдерде Акцияға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗        Акцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындарын және тағы басқаларды өз бетімен көтеру;

˗        Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді орындау.

 

6.          Акцияны Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

6.1.      Акцияны Ұйымдастырушының құқықтары:

˗        Акция Ережелерінің ресми бетінде тиісті хабарламаны жариялау жолымен Қатысушыны алдын ала хабардар етіп, Акцияны өткізу кезеңінде осы Ережелерді бір жақты тәртіпте өзгерту. Тиісті ақпарат Акцияның Сайтында жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабардар ету күні болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістерге келіскендігі ретінде қарастырылады;

˗        Осы Ережелермен көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрастыру;

˗        Ұйымдастырушы осы Акцияның Ережелерімен және қолданыстағы ҚР заңнамасымен көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;

˗        Ережелердің 4.1. тармақшасында көрсетілген барлық шарттарды орындамаған, дұрыс орындамаған және толық көлемде орындамаған Акцияның Қатысушысына Сыйлықты беруден бас тарту;

˗        Акцияға Қатысушының осы Ережелерді сақтамауының фактісі анықталған жағдайда, Акцияға Қатысушыға Сыйлықты беруден бас тарту.

6.2.      Ұйымдастырушының міндеттері:

˗        Ережелерді сақтау, Ережелерде белгіленген мерзімдерде Акцияны өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді орындау;

˗        Акцияның Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;

˗        Акцияға Қатысушыларды Акцияның Ережелерін Акцияның Сайтында орналастыру және таңдалған байланыс арналары арқылы оны өткізу Ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;

˗        4.1. тармақшасына сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акцияға Қатысушыларға Сыйлықтарын беру.

 

7.          Өзге шарттар

7.1.      Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акцияның Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы келесі жағдайларда Сыйлықты алу құқығынан айырылады:

˗        Акцияның осы Ережелерін бұзса;

˗        Сыйлықты алу үшін айлакерлік және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса;

˗        жалған/қате деректерді ұсынса;

˗        Ұйымдастырушы Қатысушы көрсеткен байланыс деректері бойынша онымен 30 күн ішінде байланыса алмаған жағдайда.

7.2.      Қатысушы Акцияға қатыса отырып, өзінің осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді сақтаудан толығымен және/немесе ішінара бас тартуы, Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.

7.3.      Акцияны орындау барысында, Ұйымдастырушы Қатысушыны Өтінімде көрсетілген тұлғамен растау және сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін талап етуі мүмкін;

7.4.      Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға және/немесе уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетинг мақсаттарында басқа да контактілерді бақылау  үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде өзінің сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді: толық аты-жөні, жеке куәлігі, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы, үшінші тұлғалар, соның ішінде, жеке алғанда, «Cheil Kazakhstan» (Чейл Казахстан) ЖШС және Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

7.5.      Принимая участие в Акции, Участник также дает согласие на размещение фотографий/видео/промо ролика с его изображением/участием на сайте Организатора, а также на официальных страницах Организатора/ иных связанных с Акцией лиц в социальных сетях;

7.6.      Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ Ұйымдастырушының ресми беттерінде/Акциямен байланысты өзге де тұлғалардың әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарды орналастыруға келісімін береді;

7.7.      Акция байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды;

7.8.      Ұйымдастырушының/Серіктестің Қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі Қатысушының пікірін алу мақсатында оған қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.9.      Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Модельдің сипаттамалары алдын ала хабардар етпей өзгертілуі мүмкін. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Акцияға қатысты туындаған кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыз.

 

Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:

7700 – Қазақстанның кез келген ұялы операторының нөмірінен қоңырау шалу тегін.

 

«SAMSUNG теледидарын сатып алыңыз да, Kinopoisk сервистеріне жазылымды сыйлыққа алыңыз» акциясының ережелеріне №1 қосымша

 

Теледидар

Сыйлық

QE43LS03DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE43QN90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE48S90DAEXCE

Kinopoisk 12 мес

QE50LS03DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE55LS03DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE55QN85DBUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE55QN90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE55S90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE55S95DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE55QN95DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65LS03DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65QN800DUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65QN85DBUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65QN900DUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65QN90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65S90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65S95DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE65QN95DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE75LS03DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE75QN800DUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE75QN85DBUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE75QN900DUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE75QN90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE77S90DAEXCE

Kinopoisk 12 мес

QE77S95DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE83S90DAEXCE

Kinopoisk 12 мес

QE85LS03DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE85QN800DUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE85QN85DBUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE85QN900DUXCE

Kinopoisk 12 мес

QE98QN90DAUXCE

Kinopoisk 12 мес

SP-LFF3CLAXXCE

Kinopoisk 12 мес