Jet жетеді!

Сымсыз вертикалды шаңсорғыштардың жаңа сериясы

Jet вертикалды шаңсорғышы сізге қуаныш сыйлайды

Үйдегі жүннен біржола құтылыңыз, ұзартылған саптамамен төбеге жетіңіз, барлық шаңды жарықтандырыңыз.
Өйткені, тазалау деген қызық нәрсе! Ғалым Қалиақбаров мұны растайды.

Jet ырғағында тазалау: бұрыңғыдан да мықтырақ, жылдамырақ және қызығырақ!

Қуаты артты, үйдің
тазалығы да артты!

Бір сағаттың ішінде едендер мен кілемдерді мықты тазалайды. HexaJet қозғалтқышы 210 Вт* дейінгі сору қуатын жасайды. Ауаның аэродинамикалық қозғалыс жүйесі ауа ағындарын оңтайландырады, ал ауаны сүзудің мультициклонды жүйесі шаңның ұсақ бөлшектерін тиімді ұстап жинайды. Сонымен қатар, қозғалтқыштың салмағы жеңілдеді**, бұл басқаруды да жеңілдетті.

  • * МЭК 62885-2 стандартының 5.8. тармағына сәйкес ішкі сынақтардың нәтижелері бойынша. Толықтай қуатталған аккумулятормен және Jet режіміндегі бос шаң жинауышпен моторландырылмаған қондырманы іске қосқанда өлшенген шама. Нәтижелер пайдаланудың нақты жағдайларына тәуелді өзгеше болуы мүмкін.
  • ** VS9000 қозғалтқышы: 205 г. Жаңа қозғалтқыш: 109 г.

Жүнді тамаша жинайды,
махабатты көбірек сыйлайды

Резеңке ұшы мен қылы бар Pet Tool + шағын турбо щеткасы* жүн қалдыратын үй жануарларыңыз үшін арнайы жасалған.
Щетка үй жануарларыңыздың ең жұқа және ұсталуы қиын жүндерін де жинап, кеседі**.
Ол сондай-ақ жануарлардың жүнін ғана емес, беттерден адамның шаштарын да жояды.
Енді сіз үй жануарыңызбен құшақтасудан рахаттанып, дивандағы жүнді ойламайсыз***.
Ештеңе де болмағандай.

  • * Жиынтыққа кіретін қондырмалар мен аксессуарлардың түрлері модельге байланысты әр түрлі болады.
  • ** Pet Tool + қондырмасын шағын бөлмелерде ұзақ уақыт бойы қолдануға және бір орында ұзақ уақыт айналдыруға ұсынылмайды.
  • *** Әр түрлі беттерде кейде бөлек шаштар қалып қоюы мүмкін."

Жолыңыздағы барлық шаңды
жарықтандырады!

Slim LED щёткасы* – бұл бірегей щётка, оның көмегімен кез келген затты табуға болады. LED жарығы соңғы жылдары диван астында тығылған барлық шаңды көрсетеді.** Ол тазалау кезінде адамның ең жақын досы болып табылады.

  • * Жиынтыққа кіретін қондырмалар мен аксессуарлардың түрлері модельге байланысты әр түрлі болады.
  • ** Min, Mid, Max және Jet режімдерін пайдаланғанда жүргізілген ішкі сынақтардың деректеріне негізделген. Нәтижелер пайдалану ерекшеліктеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Еден жуыңыз және шаң тазалаңыз

Еденнің тазалығын сақтау ылғалды тазалауға арналған щёткамен одан да жеңіл*.
Енді шаң туралы біржола ұмытуға болады. Микрофибрадан жасалған айналатын жастықшалардың арқасында едендегі ластанулар мен кір дақтары біржола кетеді. Олар 100 минут ішінде 260 айналым/минутына жылдамдықпен айналып, тиімді тазалауды қамтамасыз етеді,** сондай-ақ олардың мөлшері және массасы ұлғайтылған.*** Көлемі 150 мл болатын су жиналатын ыдыс бүкіл тазалау барысында суды тиімді шашады.

  • * Жиынтыққа кіретін қондырмалар мен аксессуарлардың түрлері модельге байланысты әр түрлі болады.
  • ** Жұмыс уақыты толықтай қуатталған аккумулятормен және орнатылған су шашатын щёткамен ылғалды тазалау режімінде өлшенген.
  • *** Қарапайым Spinning Sweeper щёткасымен салыстырғанда: щётканың массасы = 1,4 кг (су жиналатын ыдыспен) және тиісті 1,02 кг. Жастықшалардың мөлшері = 170π және 150π.

Қуаттау станциясы

Эргономикалық және ыңғайлы станция, оған сіздің шаңсорғышқа арналған 1000 және 1 щётканы орналастыруға болады. Енді барлық қондырмалар мен щёткалар шкафта шаң басып тұрмайды, станциямен бірге олардың барлығы бір жерде жиналып тұрады. Станцияның ыңғайлы және шағын құрылымы оны кез келген жерде орналастыруға мүмкіндік береді. Аккумуляторды қуаттау уақыты бар болғаны 3,5 сағатты құрайды. * Қосымша аккумуляторларға арналған бөлек қуаттау құрылғысы** жиынтыққа кіреді.

  • * Аккумуляторды 0% бастап 100% дейін қуаттау кезінде жүргізілген ішкі сынақтардың деректері бойынша. Нәтижелер қолданудың жеке жағдайларына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
  • ** Техникалық сипаттамаларға байланысты өзгеше болуы мүмкін.