Өткеннің өнері болашақтың экрандарында

Ә. Қастеев атындағы мұрайжайда өнер туындыларының жаңартылған топтамасы суретшінің 120 жылдығына орай The Frame теледидарларында

The Frame

Іске қосылғанда ‑ теледидар, өшірілгенде ‑ жиектемесі бар бұлыңғыр дисплейде бейнеленген өнер туындысы. The Frame ‑ бұл қарапайым теледидар емес, ол ‑ үйді сурет галереясына айналдыратын дизайн элементі.

Оның жіңішке жиектемесі және қабырғаға барынша жақын орналасуы кез келген интерьермен тамаша үйлеседі, ал экран бетіндегі бірегей өнер туындылары қоршаған кеңістікті одан әрі жандандыра түседі.

Өзіңіздің The Frame теледидарын таңдаңыз

The Frame
43LS03
43" The Frame 4К
The Frame
50LS03
50" The Frame 4К
The Frame
55LS03
55" The Frame 4К
The Frame
65LS03
65" The Frame 4К
The Frame
75LS03
75" The Frame 4К
The Frame
85LS03
85" The Frame 4К

Топтама туралы

Заманауи технологиялар өнерді қабылдаудың жаңа жиектерін ашады, оны қол жетімді етеді. Сол себепті біз Әбілхан Қастеевтың Samsung The Frame теледидарлары үшін арнайы таңдап алынған суреттерінің жаңартылған топтамасын мақтанышпен ұсынамыз.

img

Мұз айдынында

1955. кенеп, майлы бояу

1955 жылы Әбілхан Қастеев «Мұз айдынында» суретін салды, ол ‑ суретшінің шығармашылығы өрлеген кезде салынған оның ең атақты өнер туындыларының бірі.

Ә. Қастеев өзінің өнер туындысында өзінің пейзаж көріністерін салудағы бірегей шеберлігін, туған ел табиғатының сұлулығына және қарапайым адамдардың өміріне тамсанудан туындаған эмоциялардың кең шеңберін бере алатын кескінді тамаша көрсетеді.

img

Колхоздың тойы

1937, кенеп, майлы бояу

Ә. Қастеевтің «Колхоздың тойы» суреті оның «Ескі және жаңа тұрмыс» атты цикліне кіреді, суретші бұл циклді 1930 жылдардың екінші жартысында салды. «Колхоздың тойы» туындысы 1930 жылдары жарық көрген Қастеевтің бағдарламалық туындысы болды. Онда жас суретшінің Мәскеуде оқыған кезде меңгерген үлкен кенепте сурет салу шеберлігі табысты көрініс тапты.

img

Бие сауу

1936, кенеп, майлы бояу

Мәскеуде салынған көптеген туындылар суретшінің туған елге жазғы демалысқа барған кезде салған этюдтары негізінде орындалған. Осындай өнер туындылардың бірі ‑ «Бие сауу». Суретте суретшінің туған елге, оның шексіз даласына, ашық аспанына және тату тұрғындарына деген шексіз махаббаты сезіледі.
Суретші туған жер табиғатының сұлулығына және байлығына шын жүректен тамсанған, туындыларында оны қарапайым адамдардың тұрмыс тіршілігімен байланыстырған.

img

Мақта жинау

1935, кенеп, майлы бояу

«Мақта жинау» атты Ә. Қастеевтің көрнекті суреттерінің бірі 1935 жылы суретші Мәскеуде болғанда салынды, ол суретшінің қазақ ауылының социалисттік ұйымдасуын бейнелейтін жанрлық суреттерге көшкенін білдірді. «Мақта жинау» туындысы адамның және машинаның үйлесімді бірлесуі туралы баяндайды және «еңбектің көңілді шығармашылық әуенін көрсетеді».

"Сурет" режімі

Топтаманың өнер туындыларының бірін «Сурет» режімінде қою үшін Samsung есептік жазбасына кіріңіз, содан кейін Art Store → Серіктестер → Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы.

Art Store жазылымын сатып алудың қажеті жоқ ‑ мұражайдағы суреттер 6 айға тегін ұсынылады.