«SAMSUNG WALLET: WALLET-ПЕН ТӨЛЕ ЖӘНЕ БОНУС ЖИНА!» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы «SAMSUNGWallet: Wallet-пен төле және бонус жина!» («Акция») жарнамалық Акциясына қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Акцияға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы https://117.p.syniva.es/kz_kz/rewards/ сайтында («Акция Сайты») орналастырылған осы Акцияға қатысу ережелерімен («Ережелер») келіседі.
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, A05D7M5, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115 ғ., 3-қабат;
1.2. Акцияны өткізу кезеңі:2023 жылдың 05 қазаны мен 2024 жылдың 31 желтоқсаны қоса алғанда аралығында;
1.3. Акция өткізілетін қалалар: Қазақстан Республикасының аумағы;
1.4. «Samsung Wallet» («Қолданба») - карталарды, бейілділік бағдарламаларын немесе осы қолданба арқылы ұсынылатын кез келген басқа да мүмкіндіктерді SAMSUNG тауар белгісімен үйлесімді ұялы құрылғылармен, денеге тағатын құрылғылармен және/немесе аксессуарлармен қолдануға арналған қолданба және онымен байланысты қызметтер;
1.5. «Samsung Online Store» - Samsung Online Store ұйымдастырушысының интернет-дүкені, келесі мекенжейлар бойынша орналасқан: https://117.p.syniva.es/kz_kz/, доменнің барлық деңгейлерін қосқанда;
1.6. «Samsung Rewards» бейілділік бағдарламасы – Осы Ережелерде, сонымен қатар «Samsung Rewards» бейілділік бағдарламасының («Бейілділік бағдарламасы») Ережелері мен шарттарында көрсетілгендей Samsung Account («Samsung Account») (аккаунт) қолданыстағы идентификаторы бар жеке тұлғалар SAMSUNG бонустық шотына («Бонустық шоты») жиналатын бонустық балды алуы және Акция Сайтындағы ресми интернет-дүкенде қолдануы мүмкін. Бағдарламаның Ережелері мен шарттары келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://117.p.syniva.es/kz_kz/rewards/terms/.
1.7. Акцияның Ресми Серіктестері («Серіктестер»):
· «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
· "Банк ЦентрКредит" АҚ
· "Еуразиялық банк" АҚ
· «ForteBank» АҚ
· «Хоум Кредит Банк» АҚ
· «Jusan Bank» АҚ
· «ALTYN BANK» АҚ (ДБ China Citic Bank Corporation Ltd)
· «RBK Bank» АҚ
· «КазЕвроМобайл» АҚ
· «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ
· ТОО «Silk Pay» ЖШС
2. Акцияға қатысушы
2.1. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматы болып табылатын Акцияның шарттарын орындаған тұлғалар Акцияға қатысушы («Қатысушы») бола алады.
2.2.Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға Акцияны жүргізуді қадағалау мақсатында ТАӘ, жеке куәлігінің деректері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көлеміндегі Акцияға қатысушының дербес және жеке деректерін, сондай-ақ жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтық жіберілімдерді жүзеге асыру, сонымен қатар маркетингтік мақсаттарда және қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру үшін, соның ішінде трансшекаралық жинауға, сақтауға, беруге өзінің сөзсіз келісімін береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, алуға, жазуға, сақтауға, нақтылауға, пайдалануға, беруге (соның ішінде қолдануға болатын заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруге), алып тастауға, жоюға, соның ішінде Ұйымдастырушы уәкілеттік берген басқа да тұлғалардың өңдеудің барлық түрлерін жүзеге асыруына қатысты. Келісім мұндай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап осы келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен әрекет етеді.
2.3.Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы:
3.1.Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, «Samsung Wallet» қолданбасы арқылы Төлем серіктестерінің төлем карталарымен транзакциялар жүргізгенде Samsung Rewards Бейілділік бағдарламасындағы шотына бонустық балл алу мүмкіндігін алады.
4. Акцияға қатысудың шарттары:
4.1.Акцияға қатысу үшін қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:
4.1.1. Қазақстан Республикасында SAMSUNG тауарларының ресми дистрибьюторынан немесе 117.p.syniva.es/kz_kz сілтемелері бойынша Samsung Online Store Ұйымдастырушысының интернет ресурсында сатып алған SAMSUNG смартфонында («Смартфон») орнатылған «Samsung Wallet» қолданбасының болуы шарт. Қатысушының қолданбасына Серіктестер тізімінен кем дегенде бір белсенді карта байлануы тиіс, осы ретте корпоративті банк карталары Акцияға қатысу үшін қолданылмайды;
4.1.2. Қолданбада тіркелген болу немесе барлық сұралған ақпаратты беріп Қолданбада тіркелу (ТАӘ, телефон нөмірі, электронды мекенжай). Қатысушы тіркелу деректерін үшінші тұлғаларға бермей жеке өзі тіркелуі тиіс;
4.1.3. Ережелермен танысып «Акциялар» бөлімінде Қолданбада өз қатысуын растау.
5. Сыйлық:
5.1.Акция бойынша сыйлық Қатысушыға арнайы шарттармен Samsung Online Store-да SAMSUNG тауар белгісімен тауар сатып алу құқығын беретін Samsung Rewards бейілділік бағдарламасындағы бонустық балдар болып табылады («Сыйлық»);
5.2.Акция Шарттарына сәйкес орындалған әрбір транзакция үшін Қатысушы күнтізбелік бір ай ішінде Бейілділік бағдарламасы мен Samsung Rewards-тағы шотына балл алады:
5.2.1. Қола деңгейі - бірінші 65 транзакция үшін 30 (отыз) бонустық балл;
5.2.2. Күміс деңгейі - 66 бастап 130 дейінгі транзакция үшін 40 (қырық) бонустық балл;
5.2.3. Алтын деңгейі - 131 бастап 200 дейінгі транзакция үшін 50 (елу) бонустық балл;
5.2.4. Бонустық балдар Акцияны өткізу кезеңінде бір күнтізбелік ай ішінде 200 (екі жүз) дейінгі транзакция үшін беріледі;
5.2.5. 1.1.5.Күнтізбелік бір ай аяқталған соң, бонустық балдар Қола деңгейі бойынша қайта есептеледі, яғни транзакция үшін 30 бонустық балл беріледі.
5.2.6. Акция кезеңінен тыс уақытта және/немесе тіркелусіз орындалған транзакциялар осы Ережелерге сәйкес есептелмейді;
5.2.7. Кез келген себептермен бас тартылған транзакциялар Акция мақсаттары үшін есептелмейді.
5.3.Қатысушы Акцияны өткізу кезеңіндегі бір күнтізбелік ай ішінде алуы мүмкін максималды бонустық балл саны — 8 050 (Сегіз мың елу) балл. Осы ретте Ережелерде Акцияны өткізудің бүкіл кезеңінде ай сайын қатысу қарастырылған;
5.4. Бонусные балдар Samsung Wallet қолданбасында тіркелгенде көрсетілген электронды мекенжайға байланған Samsung Rewards аккаунтына жиналады;
5.5. Акция шеңберінде жиналған бонустық балдарға https://117.p.syniva.es/kz_kz/rewards/terms/ сайтында жарияланған Samsung Rewards бейілділік бағдарламасының ережелері қолданалады.
5.6. Балдар Samsung Rewards бонустық шотының балансына түседі;
5.7. Samsung Wallet арқылы орындалған транзакциялар үшін алған бонустық балдардың мерзімі – есептелген күннен бастап 12 ай;
5.8. Бонустық балдарды алу мен қолдану құқығы өзге тұлғаларға табысталмайды.
5.9. Ұйымдастырушы ешбір жағдайда Сыйлықты эквивалентті ақшалай сомаға және/немесе басқа тауарға ауыстыруды жүзеге асырмайды;
5.10. Сыйлықты алумен байланысты туындайтын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен төлейді.
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға Қатысушының Құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес Сыйлықтың берілуін талап ету.
6.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
6.3. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
˗ Қандай да бір Акция шарттарын бұзу;
˗ Тіркелу шарттарын бұзу (соның ішінде жалған деректерді беру, бірнеше аккаунтпен қатысу және т.б.);
˗ Қатысушымен байланысу үшін берілген деректер жалған/қате болса;
˗ Қатысушы тіркеу кезінде көрсеткен деректер бойынша Ұйымдастырушы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;
˗ Алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса.
7. Басқа
7.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.
7.2. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
7.3. Ұйымдастырушы Акция сайтында немесе Бағдарламада сәйкес хабарлама жариялау арқылы Қатысушыға алдын ала хабарлап біржақты тәртіпте осы Ережелерді немесе олардың шарттарын ішінара өзгерту құқығы бар. Хабарлау күні сәйкес ақпаратты Акция сайтында немесе Бағдарламада жариялау күні немесе шарттар өзгертілгенде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тарта алады. Осы мерзім аяқталған соң, Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді.
7.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген құмар ойын болып табылмайды.
7.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
7.6. Акцияны өткізумен байланысты барлық мәселелер бойынша Акцияны өткізу ережелеріне сәйкес Ұйымдастырушы қабылдаған шешімдер қайтарымсыз болып табылады.
7.7. Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, ақпараттық кешеннің техникалық ақаулары (Интернет-ресурс/Қолданба), залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге (ресурс/Қолданба) рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекетінің нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
7.8. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушыны қатысудан шектетсе, ол қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.
7.9. Осы Ережелердің кез келген қағидаларының жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттарға сәйкес түсіндіріледі.
7.10. Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе Сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.
7.11. Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін.
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.
Samsung Rewards бонустық бағдарламасының
ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ
2024 жылғы «17» қаңтардағы редакция
МҰҚИЯТ ТАНЫСУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ.
Осы бағдарламаға қатысу арқылы Сіз Samsung Rewards бонустық бағдарламасын реттейтін келесі ережелермен және шарттармен келісесіз.
A. Samsung Rewards бонустық бағдарламасына шолу
Samsung Rewards бонустық бағдарламасы (әрі қарай — «Бағдарлама») — ұйымдастырушысы «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) (әрі қарай — «Ұйымдастырушы») болып табылатын бейілділік бағдарламасы және оның шеңберінде Samsung Account (Samsung аккаунты) (әрі қарай – «Samsung Account») қолданыстағы идентификаторы (аккаунты) бар жеке тұлғалар (әрі қарай— «Қатысушы(лар)») осы құжатта көрсетілгендей Samsung бонустық шотына (әрі қарай — «Бонустық шот») есептелетін балл жинау (әрі қарай — «Балдар») мүмкіндігін алып, Қатысушылар өз Балдарын төменде сипатталған жолмен қолдануға құқылы болады. Бағдарлама мақсаты Samsung тауарлық маркасымен тауар сатып алатын немесе сатып алуға ниеті бар клиенттердің белсенділігін арттыру болып табылады.
B. Бағдарламаға қатысу құқығы және қатысу тәртібі
1. Бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағында тұратын кәмелетке толған және толығымен әрекетке қабілетті жеке тұлғаларға қолжетімді. Қатысушылардың қолданыстағы Samsung Account-ты болуы тиіс. Бонустық шот ашу үшін ақы алынбайды. Егер сіздің әлі Samsung Account-ыңыз болмаса, https://account.samsung.com сайтына кіріп, есептік жазба ашу үшін сілтемелер мен нұсқаулықтар бойынша өтіңіз. Samsung Account-қа қатысты шарттар осы Ережелер мен шарттардың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Осы Ережелер мен шарттар және Samsung Account шарттары арасында қандай да бір сәйкессіздіктер немесе қарама қайшылықтар кездескен жағдайда осы Ережелер мен шарттардың басымдық күші бар.
2. Тіркелу. Осы Бағдарламаға қатысу және кейіннен Бонустық шот ашу үшін, Қатысушы онлайн-тіркелуден өтуі (
3. Қатысушының дербес деректері: Қатысушы Бонустық шотты және/немесе осы Бағдарламаны пайдалануы барысында Ұйымдастырушының дербес деректерді қалай өңдейтіні туралы ақпарат алу үшін, Ұйымдастырушының Құпиялылық саясатымен танысыңыз: https://account.samsung.com/membership/policy/privacy, https://117.p.syniva.es/kz_kz/info/privacy/ .
4. Ұйымдастырушыдан хабарламалар алу: осы Ережелерді қабылдау мен Бағдарламаға тіркелу арқылы Қатысушылар Ұйымдастырушының Құпиялылық саясатында (https://117.p.syniva.es/kz_kz/info/privacy/) көрсетілгендей, Samsung Account-ына байланған электрондық пошта мекенжайына хат алуға және/немесе Ұйымдастырушының Samsung ұялы құрылғысына жарнамалық, ақпараттық және/немесе басқа мақсаттар үшін push-хабарламалар алуға келісімін береді.
5. Құпиялылық және дербес деректерді қорғау: Сіз Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясына ( әрі қарай - "Samsung компаниясы") дербес деректерді және Өзіңіз туралы ақпаратты Samsung компаниясының Құпиялылық саясатына: https://117.p.syniva.es/kz_kz/info/privacy/ сәйкес өңдеуге, сонымен қатар Бағдарламаның жұмыс істеуі және оны басқару мақсатында Samsung Members қосымшасында орналастырылған Samsung Rewards Құпиялылығы туралы хабарламасын пайдалануға келісім бересіз.
С. Бағдарламаның қолданылу мерзімі, өзгерістер енгізу және қолданысын тоқтату
1. Бағдарлама Ұйымдастырушы Қатысушыларға хабарлап немесе хабарламай, кез келген уақытта Бағдарламаны біржақты тоқтатқанға немесе өзгерістер енгізгенге дейін созылады. Бағдарламаны қолданыстан шығару, өзгерту немесе тоқтату Қатысушының жинаған балдарын қолдану қабілетіне әсер етуі мүмкін.
2. Қатысушының бағдарламаға әрі қарай қатысуы оның осы Ережелерге енгізілетін кез келген өзгерістермен келісетіндігін білдіреді.
D. Балдардың баламасы, Балдардан айыру және Балдарды бақылау
1. Ақша баламасының немесе беру мүмкіндігінің болмауы. Балдар Қатысушының меншігі болып табылмайды, оған құқықтар бермейді және ақшалай баламасы жоқ. Осылайша, балдар қандай да бір себептермен қолма-қол ақшаға айырбастауға, беруге немесе ауыстыруға жатпайды. Тиісінше, Балдар Қатысушы қайтыс болғаннан кейін, отбасылық қатынастар шеңберінде немесе заңға сәйкес басқа жолмен берілмейді. Балдарды сатуға немесе беруге қатаң тыйым салынады. Балдарды қайталама нарықта сатуға болмайды және кез-келген Балдарды қайталама нарыққа беру жарамсыз болып саналады. Қатысушы пайдаланбаған Балдарға өтемақы төленбейді және қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылуы немесе басқа жолмен шығындалуы мүмкін. Егер Ұйымдастырушының біржақты қарастыруы болмаса, Балдарды Ұйымдастырушының басқа бағдарламаларына ауыстыру немесе беру іске асырылмайды.
2. Балдардың қолданылу мерзімі. Жиналған балдардың жарамдылық мерзімі олар есептелгеннен кейін 24 (жиырма төрт) айдан кейін аяқталады. Қолдану кезеңінде пайдаланылмаған балдар құнсызданады және күшін жоғалтады.
3. Есептелген балдарды Қатысушының Бонустық шотынан көруге болады. Әрбір Қатысушы жинаған балл санын Қатысушының Samsung Бонустық шотынан бақылауға болады. Балдар Қатысушының Бонустық шотына (i) төлем операциясы расталғаннан кейін; (ii) қайтарудың қолданылатын кезеңі аяқталғаннан кейін; және/немесе (iii) төлемдерді қайтарудың қолданылатын кезеңі аяқталғаннан кейін есептеледі. Алайда, әр Қатысушы балдарының дұрыс есептелуіне өзі жауап береді. Қате есептелген балдарға қатысты кез келген наразылық осындай балдар есептелген күннен бастап 14 (он төрт) күн ішінде Ұйымдастырушыға берілуі тиіс. Балдарды қолмен есептеу процедурасының ұзақтығы 60 (алпыс) күнге дейін болуы мүмкін. Ұйымдастырушы балдардың жиынтық санындағы немесе Қатысушының Бонустық шотындағы қандай да бір баспа, өндірістік, типографиялық, механикалық немесе өзге қателер үшін жауапты емес. Ұйымдастырушы Қатысушының Бонустық шотындағы балдардың дұрыс есептелмегенін немесе алдау жолымен алынғанын анықтаса, мұндай балдардың күшін жою құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы балдарды есептеу дәлелдемелерін (чектерді, тауарға ілеспе құжаттарды және т.б. қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) талап ету құқығын өзіне қалдырады, сондай-ақ осы Ережелерді сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қатысушыларды хабардар етпей, кез келген балдарды есептеуді немесе пайдалануды кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады. Қатысушылар өздерінің Бонустық шоттарының құпиялылығын және осындай шоттарға қатысты белсенділікті сақтауға жауапты, сондай-ақ Қатысушылар өздерінің Бонустық шоты шеңберінде жүзеге асырылатын кез келген белсенділік үшін жауапкершілік көтереді. Ұйымдастырушы өзге ешқандай құқық қорғау құралдарын шектемейді және Ұйымдастырушы Бағдарлама шеңберінде Қатысушы алаяқтық жасағаны туралы күдіктенсе, Қатысушының Бонустық шотын тоқтатуға немесе жабуға құқылы. Бағдарламаға қатысу осы Ережелермен, сондай-ақ Ұйымдастырушы мезгілді қабылдай алатын немесе оларға өзгерістер енгізе алатын саясаттармен және рәсімдермен регламенттеледі. Осы Ережелерді немесе Ұйымдастырушы қабылдаған кез келген саясаттар мен процедураларды сақтамау, Ұйымдастырушыға нұқсан келтіретін кез келген әрекет немесе бағдарлама аясындағы кез келген жалған ақпарат немесе алаяқтық әрекет Ұйымдастырушы заң жүзінде қолдана алатын кез келген құқықтарға немесе құқықтық қорғаныс құралдарына толықтыру ретінде Ұйымдастырушының біржақты қарастыруымен қабылданған шешімге сәйкес Бағдарламаға қатысуды тоқтатуға, сонымен қатар осы уақытқа дейін жинаған Балдардың күшін жоюға әкелуі мүмкін.
Е. Жалпы Ережелер мен шарттар
1. Ұйымдастырушы осы Ережелерге немесе қолданыстағы заңнаманың кез келген ережелеріне қайшы келетін тәсілмен Бағдарламаны пайдаланатын немесе пайдалануға күдікті кез келген тұлғаның Бағдарламаға қатысуын доғаруға немесе тоқтатуға құқықты өзіне қалдырады. Бағдарламаға қатысу құқығын тоқтату немесе жоюдан басқа, Ұйымдастырушы сәйкес әкімшілік және/немесе сот шараларын қолдана алады, соның ішінде Ұйымдастырушының біржақты қарастыруымен қажетті санаған қылмыстық қудалау да бар.
2. Кепілдікті қызмет көрсету, Балдарды пайдалану арқылы сатып алынған тауарды ауыстыру немесе қайтару Samsung интернет-дүкенінде сату Шарттарын есепке алғанда https://117.p.syniva.es/kz_kz/info/terms-and-conditions-of-sale/ сілтемесі бойынша орналасқан тауарды өндірушінің кепілдікті міндеттемелеріне сәйкес орындалады.
3. Кез келген тұлғаның Бағдарлама жұмысын жүзеге асырудың заңдылығына нұқсан келтіру үшін жасаған кез келген әрекеті қылмыстық және азаматтық заңнаманы бұзуы мүмкін, егер мұндай әрекет жасалса, Ұйымдастырушы кез келген осындай адамнан залалдың орынын толтыруды толық көлемде талап ету құқығын өзіне қалдырады. Демеушінің осы Ережелердің кез келгенін қолданбауы осы немесе басқа Ережеден бас тартуын білдірмейді.
4. Бағдарлама тек жеке тұлғаларға ұсынылады. Бағдарламаға компаниялар, ұйымдар, қоғамдар, соның ішінде мектеп ұйымдары немесе өзге де бірлестіктер қатыса алмайды.
5. Бағдарламаға қатысу құқығына, тауарлардың болуына немесе Қатысушының осы Ережелерді сақтауына қатысты барлық мәселелерді немесе дауларды Ұйымдастырушы өзінің біржақты қарастыруы арқылы шешеді.
6. Ұйымдастырушы Бағдарламаға қатысу кезінде Қатысушылар ұсынған кез келген анықталмаған немесе жалған ақпарат үшін жауап көтермейді.
7. Балдарды есептеу және есептен шығару кезінде жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу жүргізіледі.
8. Қатысушылар Бағдарламаға қатысу нәтижесінде туындайтын барлық салықтар мен алымдарды төлеу жауапкершілігін көтереді.
9. Қатысушылар өздерінің Samsung Account-қа қатысты байланыс ақпаратын үнемі жаңартып отыруға жауапты.
10. Бағдарлама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
F. Балдарды есептеу тәртібі
1. Ұйымдастырушы Қатысушының мына мекенжайда орналасқан және https://117.p.syniva.es/kz_kz/ (доменнің барлық деңгейлерін қосқанда) Samsung интернет-дүкенінде сауда жасағаны үшін Samsung Account-ты қолданып, Қатысушының бонустық шотына балдарды есептейді.
2. Есептелген балдардың саны сатып алған сомаға байланысты және тауардың (тауарлардың) құнынан 1% (бір пайыз) ретінде есептеледі. 1 (бір) Балл 1 (бір) теңгеге тең.
3. Қатысушы тауарға ақы төлеуден бас тартқан кезде (төлем рәсімін үзу) есептен шығаруға жататын балдар Ұйымдастырушы төлемнің күшін жою растауын алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бонустық шотқа қайтарылатын болады.
4. Тауар қайтарылған жағдайда немесе тауарлардан (тауарлардың бір бөлігінен) бас тартылған жағдайда, оны сатып алғаны үшін есептелген балдар жойылады және қалпына келтірілмейді.
5. Тауар үшін ақшалай қаражатты қайтару Қатысушы тауар (Тауарлар) үшін іс жүзінде төлеген ақшалай қаражат мөлшерінде жүзеге асырылады.
6. Бонустық шотқа балдарды есептеу Ұйымдастырушы балдарды есептеуді көздеген Қатысушыға (cатып алушыға) тауар берілген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде немесе физикалық беруді көздемейтін Тауарлар үшін ақы төленген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
7. Ұйымдастырушы жекелеген акциялардың талаптары бойынша қосымша балл есептеу құқығын өзіне қалдырады. Мұндай жағдайда есептелуге жататын балдардың саны тиісті акцияның талаптарымен реттелетін болады.
8. Ұйымдастырушы тауарлардың жекелеген категориялары немесе тауарды сатып алудың белгілі бір тәсілдері үшін қосымша балл есептемеу құқығын өзіне қалдырады.
G. Балдарды есептен шығару тәртібі
1. Балдарды Ұйымдастырушының және https://117.p.syniva.es/kz_kz/ (доменнің барлық деңгейлерін қосқанда) интернет-дүкеніндегі сатып алуларды ішінара төлеу үшін пайдалануға болады.
2. Балдарды есептен шығару үшін, сатып алу қолданыстағы Samsung Account-ын қолдану арқылы жүзеге асырылуы қажет.
3. Ережелерде көзделген балдарды есептен шығару үшін сатып алудың (тауардың) ең төменгі құны 10 (он) теңгені құрайды. Тауарды одан аз сомаға сатып алған жағдайда балмен төлеу жүргізілмейді.
4. Балдармен сатып алудың (сатып алынатын тауарлардың) 90% - ынан (тоқсан пайызынан) аспайтынын, бірақ 10 (он) теңгеден кем емес мөлшерде төлеуге болады. Балдар Ұйымдастырушының қарауы бойынша бір тапсырысқа кіретін тауарлар арасында бөлінуі мүмкін.
5. Балдармен төлеу арқылы жүзеге асқан бір сатып алу кезінде тек бір Бонустық шоттан алынған балдар ғана пайдаланылуы мүмкін.
6. Балдар бонустық шоттан хронологиялық тәртіппен алынады. Алдымен, ең ескі балдар есептелген күні бойынша алынады.
7. Тауарды сатып алу кезінде есептен шығарылған балдар оны қайтарған жағдайда немесе тауардан бас тартқан жағдайда осындай тауар үшін ақша қаражаты қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қайтарылады.
8. Егер арнайы ұсыныстар мен акциялар қолданылатын тауарларды сатып алу кезінде осындай ұсыныстар мен акциялардың шарттарында көрсетілмесе, балдар арқылы төлеуге болмайды. Ұйымдастырушы Galaxy Upgrade бағдарламасы бойынша тауар сатып алған кезде немесе тауарды өзге жолмен лизингке алған кезде балл есептемеу құқығын өзіне қалдырады. Қатысушы Galaxy Upgrade бағдарламасының, сондай-ақ лизингтің өзге де бағдарламаларының талаптарын бұзған жағдайда Ұйымдастырушы берілген балдардың күшін жоюға құқылы.
H. Жауапкершілікті шектеу
1. Ұйымдастырушы және оның бас, еншілес, үлестес және олармен байланысты компаниялары, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларының, директорларының, қызметкерлерінің, акционерлерінің, агенттерінің, құқықтық мирасқорларының, цессионарийлерінің әрқайсысы (әрі қарай- "Босатылған тараптар") кез келген баспа немесе техникалық қателер, әрекетсіздік, тоқтата тұру, ережелерді сақтамау, өшіру, ақаулар, жұмысында немесе берудегі кідірулер, ұрлау немесе жою, Бағдарлама материалдарына рұқсатсыз қол жеткізу немесе өзгерту, сонымен қатар техникалық, желілік, телефон, электрондық, компьютерлік, аппараттық немесе Бағдарламалық кез келген бұзылулар немесе техникалық себептермен немесе Интернеттегі кез келген веб-сайттағы трафиктің шамадан тыс жүктелуіне байланысты немесе барлығын бірге алғандағы Бағдарлама туралы ақпараттың дәл берілмегені үшін жауапкершілік көтермейді.
2. Бағдарламаға қатыса отырып, әрбір Қатысушы барлық жауапкершілікті өзі көтереді және шығындарды өз бетінше өтеуге, сондай-ақ Ұйымдастырушыны және оның Босатылған тараптарын осындай Қатысушының іс-әрекеті және/немесе оның Бағдарламаға қатысуы нәтижесінде туындауы мүмкін кез келген наразылықтардан, міндеттемелерден, залалдардан немесе шығындардан, сондай-ақ үшінші тұлғаларға келтірілген кез келген зиян немесе нұқсан үшін босатуға және арашалауға келіседі.
3. ЕШБІР ЖАҒДАЙДА БОСАТЫЛҒАН ТАРАПТАР, ЕГЕР ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ТАРАПТАРДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕНІ НЕМЕСЕ БАРЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ УӘКІЛЕТТІ ӨКІЛДЕРІ ОСЫНДАЙ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТУЫНДАУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛГЕН БОЛСА ДА, КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, КЕЙІНГІ, НАҚТЫ, АЙЫППҰЛДЫҚ ЗАЛАЛДАР НЕМЕСЕ ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. ОСЫЛАЙША ҚАТЫСУШЫ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНАН, ОНЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫНАН КЕЗ КЕЛГЕН ЖАНАМА, КЕЗДЕЙСОҚ, КЕЙІНГІ, НАҚТЫ, АЙЫППҰЛДЫҚ ЗАЛАЛДАРЫНА НЕМЕСЕ ҰТЫЛҒАН ПАЙДАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДАН БАС ТАРТАДЫ.
4. Босатылған тараптар Ұйымдастырушы немесе тиісті Босатылған тарап өндірген өнімдерден басқа кез келген өнімдер немесе қызметтер үшін жауапты болмайды. ЗАҢДА БАРЫНША КӨЗДЕЛГЕН ДӘРЕЖЕДЕ ДЕМЕУШІ БАҒДАРЛАМА ШЕҢБЕРІНДЕ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ӨНІМДЕРГЕ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛҒАН НЕМЕСЕ КӨЗДЕЛЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН ӨТІНІШТЕР МЕН КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТАДЫ, соның ішінде сатып алушының күткеніне сәйкестіктің немесе мақсатты пайдалану үшін жарамдылықтың жұмыстарды орындау барысында пайда болатын кез келген көзделетін кепілдіктерін және іскерлік (оның ішінде қаржылық) операцияларды жүргізу процесінде туындайтын көзделетін кепілдіктерді қоса алғанда, бас тартады.
5. Бағдарламаға қатысу шарты ретінде Қатысушы қолданыстағы заңнамада бұған тікелей тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, Бағдарламада немесе оның шеңберінде сатып алған кез келген тауармен байланысты туындайтын кез келген даулар, наразылықтар және талап қою үшін негіздер Ұйымдастырушымен жеке тәртіппен шешілетініне өз келісімін береді. Осы Ережелердің қолданылу мүмкіндігін, оны түсіндіру, іске асуын, интерпретациялануын, Бағдарламаға байланысты Қатысушының құқықтары мен міндеттерін және Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттеріне қатысты барлық жағдайлар мен сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коллизиялық құқық нормаларын есепке алмағанда реттеліп түсіндірілуі керек.
6. Егер осы Ережелердің қандай да бір қағидасын сот жарамсыз деп таныса, мұндай қағида өзінің заңды күшін сақтайтын осы Ереженің қалған қағидаларынан бөліп алынады.