Менің тапсырысымды жеткізу кешіктірілді. Маған не істеу керек?

Жеткізу тауардың қоймада болмауына, логистикалық серіктес тарапынан туындаған жағдайларға, табиғи апаттарға немесе басқа да жағдайларға байланысты кешіктірілуі мүмкін.

Егер сіздің тапсырысыңызды жеткізу кешіктірілсе, біз сізге тапсырыс беру кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайы немесе телефон нөміріңізге хабарлаймыз.

Тапсырыс бойынша деректерді нақтылау үшін сіз біздің байланыс орталығымызға 7700 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.

Біз әрқашан сіздің тауарыңызды бүтін және мүмкіндігінше тезірек жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Егер сіздің тапсырысыңыздың статусы "Жеткізілген" болса, бірақ сіз тауарды алмасаңыз, 7700 нөмірі бойынша біздің байланыс орталығымызға хабарласыңыз.

Бұл ақпарат пайдалы ма?

Пікіріңіз үшін рахмет! Кері байланыс қолдау қызметіміздің сапасын жақсартуға көмектеседі.