Бөліп төлеу немесе несие рәсімдегенде тапсырыс мәртебесін қалай білуге болады?
Алаңдамаңыз, сіздің тапсырысыңыз жақын арада құрылады. Сіз банк тарапында өтінімді рәсімдеумен байланысты барлық қадамдарды орындаған соң, SAMSUNG онлайн-дүкенінен тапсырыс нөмірі көрсетілген хат жолданады.
Тапсырыс статусын жеке кабинетте «Менің тапсырыстарым» бетбелгісінде немесе «Track Order Page» бетінде тексеруге болады (осында e-mail мен хаттағы тапсырысыңыздың нөмірін енгізуіңіз қажет).
Егер сұрақтарыңыз болса, 7700 нөміріне қоңырау шалыңыз — біз барлық мәселені шешеміз.