«TRADE-IN»
ПРОМОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы «Trade-in» промоакциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Акцияға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы samsung.com/kz_kz/smartphones/trade-in сайтында («Акция сайты») орналастырылған осы Акция Ережелерімен («Ережелер») келіседі.
АНЫҚТАМАЛАР:
«Trade-in акциясы» Ұйымдастырушының Samsung Online Store-да өткізетін SAMSUNG брендінің Тауарларды ілгері шығару және олардың бөлшек сатылымдарын арттыру бойынша промоакциясын білдіреді. Оның барысында Акцияға Қатысушы өзінің құрылғысын Серіктеске сату және Акция Сайтында жарияланған «Trade-in» промоакциясының осы Ережелерінде анықталатын тәртіппен және талаптармен Samsung Online Store-да Тауар сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алады; |
«Құрылғының төлеп алу құны» Серіктес Құрылғыны Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясының шеңберінде Қатысушыдан сатып алу кезіндегі Құрылғы құнын білдіреді; |
«Грейдинг» осы Ережелерге Қосымшада көрсетілген Серіктестің санаттары бойынша Құрылғының жай-күйін бағалау нәтижесін білдіреді және ол Қатысушының Құрылғының Төлеп алу құнын есептеу кезінде қолданылады; |
«Құрылғыны Төлеп алу шарты» Серіктестің Құрылғыны Қатысушыдан төлеп алуы кезінде негіз болатын және Серіктестің Trade-in Жеңілдігі жағынан Құрылғының Төлеп алу құнын беруді ұйымдастыру міндетін, сондай-ақ Қатысушының Флагманды алу кезінде Құрылғы(лар)ны Курьерге беру міндетін белгілейтін шарт; «Мульти Trade-in» Ұйымдастырушының Samsung Online Store-да өткізетін SAMSUNG брендінің Тауарларды ілгері шығару және олардың бөлшек сатылымдарын арттыру бойынша промоакциясын білдіреді. Оның барысында Акцияға Қатысушы бірмезгілде Серіктеске 10 (он) құрылғыға дейін сату және Акция Сайтында жарияланған «Trade-in» промоакциясының осы Ережелерінде анықталатын тәртіппен және талаптармен Samsung Online Store-да Тауар сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алады; |
«Trade-in серіктесі» Ұйымдастырушының Құрылғы(лар)ды қашықтықтан диагностикалау, бағалау және Тұтынушылардан Мульти Trade-in Акциясы бойынша төлеп алу үшін жауап беретін серіктесін білдіреді және, өз кезегінде, оған Ұйымдастырушы Мульти Trade-in Акциясы бойынша Қызметтерді көрсетеді; |
«Самсунг жария шарты» Samsung Online Store-да орналастырылған және Ұйымдастырушы мен Қатысушының арасындағы Флагманды, соның ішінде Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акцияларының шеңберінде сатып алу жөніндегі өзара қатынастарды реттейтін Тауарларды сатып алу-сату бойынша қосылу шартын білдіреді; |
«Самсунг жеңілдігі» Ұйымдастырушының Қатысушыға Samsung Online Store-дан Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясы бойынша Флагман сатып алуға беретін және мөлшері Флагманның моделіне байланысты жеңілдігін білдіреді; |
«Trade-in жеңілдігі» Ұйымдастырушының Қатысушыға Флагманды Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясы бойынша сатып алу кезінде беретін жалпы жеңілдік сомасын білдіреді, оған: (1) Құрылғының Төлеп алу құнының, және (2) Ұйымдастырушы Жеңілдігінің сомасы жатады; «Тауар» - Samsung Online Store-да жарияланған SAMSUNG брендінің/тауар белгісінің тауарларын/өнімдерін білдіреді. |
«Құрылғы» Қатысушының Серіктеске Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының шеңберінде сататын, бұрын пайдаланылған (қолданыста болған) құрылғыны білдіреді; |
«Қатысушы» Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясына қатысатын және Тrade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының Ережелерінде осындай Қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетін тұтынушыны білдіреді; |
«Флагман» Ұйымдастырушының Қатысушыға Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының шеңберінде Trade-in Жеңілдігімен өткізілетін Тауарды білдіреді; «Samsung Online Store» келесі сілтемелер бойынша орналасқан Ұйымдастырушының интернет-ресурсын білдіреді: 117.p.syniva.es/kz_kz, соның ішіне доменнің барлық деңгейлері кіреді, немесе Ұйымдастырушының (бағдарламалық жасақтама) ұялы қолданбасында Тауарлар туралы ақпарат беру және тұтынушыларға Тауарларды бөлшектеп сатуға арналған платформа ретінде жұмыс істейді. |
1. Жалпы шарттар
1.1. Акцияның сипаттамасы: осы Ережелерге сәйкес Акцияны өткізу мерзімінің ішінде Акцияға Қатысушының қолданыста болған құрылғысын («Құрылғы») Ұйымдастырушының серіктесі - «Telekominvest Kazakhstan (Телекоминвест Қазақстан)» ЖШС-не («Серіктес») кейіннен Ұйымдастырушының келесі тауарларының бірін жеңілдікпен сатып ала отырып, сату мүмкіндігі бар:
1.2. SAMSUNG Galaxy A25 / Galaxy A35/ Galaxy M15/ Galaxy A55/ Galaxy S24 / S24+ / S24 Ultra / Z Flip 6/ Z Fold 6/ Tab S9 / Tab S9+/ Tab S9 Ultra/ Watch6 / Watch6 Classic / Watch 7/ Watch Ultra/ Buds3 / Buds3 Pro/ ("Флагман"). Акцияны өткізу мерзімі: 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 31желтоқсанға дейін (қоса алғанда), Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Орал, Қостанай, Ақтау, Өскемен, Павлодар, Атырау, Боралдай, Өтеген Батыр (Алматы облысы), Абай ауылы (Алматы облысы), Бесағаш ауылы (Алматы облысы), Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Петропавловск, Рудный, Семей, Тараз, Теміртау, Екібастұз.
2. Акцияға қатысушы
2.1. 18-ге толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар, Акцияның шарттарын орындаған тұлғалар Акцияға Қатысушылар («Қатысушы») бола алады.
2.2. Қатысушы төмендегі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айрылады:
• Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;
• өзінің анық емес немесе қате деректерін берсе;
• Ұйымдастырушы немесе Серіктес алаяқтық әрекеті немесе басқа заңсыз іс-қимылдар фактілерін анықтаса.
2.3. Акцияны орындау барысында қатысушы жеке басын куәландыратын құжатты, Флагман сатып алуға чекті ұсынады, мұндай құжаттардың көшірмелерін және Флагманның сәйкестендіру деректерін беруге келісімін береді.
2.4. Акцияға қатыса отырып, Акцияға Қатысушы Ұйымдастырушы мен Серіктеске Акцияға қатысушының дербес және жеке деректерін Акцияның өткізілуін бақылау мақсатымен келесі көлемде: ТАӘ, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, Флагманның ІМЕІ-кодын/сериялық нөмірін, сондай-ақ жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтары бар хат-хабарларды жіберу үшін, сонымен қатар маркетингтік мақсаттарда басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ТАӘ мен телефон нөмірін жинауға, сақтауға, өңдеуге, табыстауға, соның ішінде трансшекаралық беруге өзінің шартсыз келісімін береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлерінде, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), жою, өшіру, соның ішінде басқа тұлғалардың, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, атап айтқанда, «Cheil Kazakhstan» (Чейл Қазақстан) ЖШС-ң және басқа да Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардың аталған әрекеттерді жасауы кезінде қолданылады. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап осы келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қолданылады.
3. Акцияның механикасы.
3.1. Акция бойынша Флагманды сатып алуды рәсімдеу кезінде Қатысушы төмендегі екі бөліктен есептелетін Акция бойынша Trade-in Жеңілдігінің («Trade-in жеңілдігі») мөлшерін шамалап есептеу үшін Samsung Online Store-да орналастырылған тапсырыс нысанының жолдарын толтырады:
(1) Ұйымдастырушының жеңілдіктері;
(2) Құрылғының төлеп алу құны.
Құрылғының төлем алу құны Құрылғының жай-күйіне және оның бағалануына Выкупная стоимость Устройства зависит от состояния и оценки Устройства («Грейдинг») байланысты. Оны Серіктес Құрылғының алдын ала тиісінше визуалды диагностикалағаннан кейін Серіктес анықтайды. Құрылғының төлеп алу құнын Қатысушы Құрылғы туралы деректер, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Құрылғының ІМЕІ коды немесе сериялық нөмірі, атауы, жады көлемі Samsung Online store-да көрсетілген жағдайда анықтайды. Қатысушы Құрылғының жоғары сападағы 4 (төрт) дана фотосуретін ұсынуға міндетті. Олар Серіктестің Құрылғының тиісінше визуалды диагностикалауы үшін қажет. Қажет болған жағдайда Серіктес Қатысушыдан Құрылғы туралы қосымша деректерді Samsung Online store-да Серіктестің онлайн-чатының көмегімен сұратады.
Құрылғының төлеп алу сомасы және Самсунгтың жеңілдігі Samsung Online store сайтында Флагманды Акция бойынша сатып алуды рәсімдеу барысында көрсетіледі.
3.2. Қатысушыдан Құрылғы туралы деректерді алған соң Серіктес төмендегі санаттар бойынша талаптарды сақтай отырып Ережелерге №1 Қосымшаға сәйкес Грейдинг береді:
˗ Мінсіз күйде (Grade-A);
˗ Жақсы күйде (Grade-B);
˗ Жұмыс күйінде (Grade-C);
˗ Бұзылған күйде (Grade-D).
3.3. Қатысушы Серіктеске Акция бойынша Trade-in Жеңілдігімен Флагманды кейіннен сатып ала отырып бірмезгілде 10 (онға) дейiн Құрылғыны сатуға құқылы. Мұндай жағдайда Флагманға Trade-in Жеңілдігі Құрылғыны Төлеп алу Шарты бойынша Құрылғылардың Төлеп алу құндарын және Ұйымдастырушының Жеңілдіктерін білдіреді.
3.4. Құрылғының кез-келген санаттарында зауыттық қаптамасы, толығымен немесе ішінара аксессуарлар жиынтығы болмауы мүмкін.
3.5. Грейдингке сәйкес Серіктес Қатысушыға Құрылғының Төлеп алу құнын ұсынады және Қатысушы Төлеп алу құнымен келіскен жағдайда Серіктес Қатысушымен Trade-in Жеңілдігін Ұйымдастырушының ұсынуы түрінде Төлеп алу құнын төлеу туралы шартты көрсете отырып, Samsung Online Store-да Құрылғыны Төлеп алу шартын жасасады.
3.6. Флагмандарға алдын-ала тапсырыс беру кезінде Акция талаптарын қолданған жағдайда Құрылғыны Төлеп алу шартын рәсімдеу және Құрылғыны алу Акция бойынша Флагманды стандартты сатып алуға қарағанда ұзағырақ кезеңнің ішінде жүзеге асырылады. Флагманды алдын-ала тапсырыс беру бойынша алған кезде Құрылғының жай-күйі сай болмаған жағдайда Серіктестің Құрылғыға қайтадан Грейдинг жасауға құқығы бар.
3.7. Құрылғыны қабылдауды Серіктестің атынан «Пони Экспресс» ЖШС курьерлік компаниясы («Курьер») Құрылғыны алғаннан кейін Курьер Қатысушыға көрсететін экспедиторлық қолхат бойынша Серіктестің атынан жүзеге асырады.
3.8. Құрылғыны табыстау кезінде Қатысушы Құрылғыны бұғаттан шығарады, деректерді базалық теңшелімдерге дейін арылтады, барлық аккаунттар мен қосымшалардан (с.і. Google, Samsung Account, Apple ID және т.б.) шығады, сондай-ақ Құрылғыдағы барлық жеке, дербес, байланыс деректерін, есеп жазбаларын, жұмыс материалдарын, бейнежазбалар мен кескіндерді, хат-хабарламаларды, құжаттарды, дыбыстық файлдарды және басқа да құпия деректерді («Қорғалған деректер») өшіреді.
3.9. Қатысушының Құрылғысын қабылдау кезінде Курьер Қатысушының бұрын мәлімдеген деректері, Samsung Online Store-да Құрылғыны диагностикалау кезіндегі Грейдингі бар Құрылғы деректерін тексереді, және Құрылғы талаптарға сай болған жағдайда Курьер Құрылғыны қабылдайды. Құрылғы тапсыруға жарамды болып танылған және Курьерге берілген жағдайда Флагман Қатысушыға беріледі.
3.10. Қатысушы Құрылғыда қандай да бір Қорғалған деректердің болмауын растайды және оған кепілдік береді және Қорғалған деректердің берілуі мен тиісінше таратылмауының, сондай-ақ осындай деректерді үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануының салдары үшін толық жауапкершілік көтереді. Ұйымдастырушы, Серіктес және Акцияны ұйымдастыруға тартылған басқа тұлғалар Құрылғыдағы Қорғалған деректердің тиісінше жойылу немесе тарату фактісін тексеру, сондай-ақ Қатысушының Қорғалған деректерді жою бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамау салдары үшін жауапкершілік көтермейді.
3.11. Құрылғыны табыстау кезіндегі маңызды шарт Қатысушының Құрылғыны беруінің заңдылығы туралы шарт болып табылады, осылайша Қатысушы төмендегідей Құрылғыны табыстап жатқанын растайды:
(i) қатысушының меншігі болып табылады немесе оны Қатысушыға Құрылғыны Ұластыру шарты бойынша иелік ету, табыстау құқығын беретін басқа заңды негіздермен сатып алынған, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан ауыртпалық салынбаған;
(ii) түпнұсқалық құрылғы болып табылады және оны қатысушы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағында заңды тұлға – тиісті брендтің өнімінің ресми дистрибьюторынан немесе тиісті бренд өнімін өндіруші сауда серіктесінен сатып алған (тиісті дистрибьюторлар мен сауда серіктестері туралы ақпарат тиісті бренд өнімін өндірушінің сайтында орналастырылған). Егер Құрылғы ЕАЭО аумағынан тыс жерде сатып алынған және ЕАЭО-на әкетілген болса, Акцияға қатысушы Құрылғыны ЕАЭО аумағына жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкелінгенін және оның ЕАЭО пен ҚР кедендік заңнамасында белгіленген барлық ережелерді сақтағанын растайды;
(iii) табыстау күні жұмыс істеп тұрған Құрылғы болып табылады, Құрылғының бағдарламалық жасақтамасы өзгертілмеген немесе басқа жолмен қайта өңделмеген, тиісті лицензиялық келісімді бұза отырып өзгертілмеген;
3.12. Құрылғы заңсыз табысталған жағдайда Қатысушы Құрылғыны бұлай пайдаланғаны үшін толық жауапкершілік көтереді және Ұйымдастырушы мен Серіктесті кез-келген шағымдардан қорғайды. Қатысушы Серіктеске Samsung Online Store-да Құрылғыны алдын-ала визуалды диагностикалау кезінде Акцияға Қатысушыға белгілі болған Құрылғының барлық ақаулары туралы хабарлауға міндетті.
3.13. Акция бойынша тиісті сападағы Флагманды сатқан және Ұйымдастырушының Авторландырылған Сервис Орталығынан техникалық жай-күй туралы қорытынды алған жағдайда Ұйымдастырушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушының алдында жауапкершілік көтереді.
Бұл ретте Қатысушының Флагман үшін төлеген ақшаны қайтарған жағдайда Серіктес сатып алған Құрылғы үшін Қатысушыға өтемақыны Ұйымдастырушы немесе Серіктес төмендегілерге байланысты өтейді:
(1) егер Серіктес Флагманды қайтарған сәтте Ұйымдастырушыға көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төленбеген болса, онда Серіктес Құрылғы үшін Қатысушыға ақшала өтемақыны Құрылғыны тексергеннен кейінгі 10 жұмыс күннің ішінде төлейді;
(2) егер Серіктес Флагманды қайтарған сәтте Ұйымдастырушыға көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төленген болса, Ұйымдастырушы Құрылғы үшін Қатысушыға ақшалай өтемақыны 14 жұмыс күннің ішінде төлейді;
(3) егер Флагман үшін төлемді Курьер қабылдаған болса, Қатысушыға ақша қаражаттарын Курьер Флагман үшін берілген фискалдық чек бойынша қайтарады;
(4) егер Флагман бөліп төлеу тәсілімен рәсімделген болса, Қатысушыға ақша қаражаттары тапсырыстың мәртебесіне қарай қайтарылады, бұл ретте Тауар үшін Қатысушыға ақшалай өтемақыны Самсунг өтейді.
3.14. Құрылғының нақты жай-күйі бұрын мәлімделген деректер мен Грейдингке сай болмаған жағдайда Серіктес Қатысушыға Акция бойынша Құрылғыны қабылдаудан бас тартатыны туралы мәлімдеу құқығын өзіне қалдырады;
3.15. Серіктес құқылы:
(1) әр модель бойынша белгіленген көлемде Құрылғыларды қабылдауға лимит белгілеуге;
(2) Құрылғылардың белгілі бір моделі бойынша қабылдаудан лимитке жеткен жағдайда Құрылғыларды қабылдауды тоқтатуға.
3.16. Ұйымдастырушы мен Қатысушының өзара қатынастары Samsung Online Store-ң Жария шартымен реттеледі және төмендегілермен шектеледі:
(1) Акция бойынша Trade-in Жеңілдіктерін берумен;
(2) Құрылғыны Төлеп алу шартымен байланысты Серіктес (сатушы) мен Қатысушының (сатып алушы) қатынастарымен;
(3) Флагманның сапасы мен оған кепілдік қызмет көрсету мәселелерімен. Ұйымдастырушы Қатысушыға Акция талаптарының жеткізілуі үшін жауап береді;
(4) Samsung Online Shop-ң техникалық қолдау мүмкіндіктерімен.
3.17. Trade-in қорытынды жеңілдігі таңдалған тауар бағасының 99% (тоқсан тоғыз пайызынан) аспайды.
4. Құрылғыларға қойылатын талаптар
4.1. Акция келесі Құрылғыларға қатысты қолданылады:
Смартфондар:
SAMSUNG |
APPLE |
HUAWEI |
HONOR |
OPPO |
VIVO |
XIAOMI |
Galaxy J1 2016 |
iPhone 5 |
P20 |
Honor 20 |
RX17 NEO |
V17 |
REDMI 9C |
Galaxy J5 2016 |
iPhone 5S |
P20 LITE |
|
RX17 PRO |
V15 PRO |
REDMI 9T |
Galaxy J5 2017 |
iPhone 6 |
P20 PRO |
|
RENO 3 PRO |
NEX |
REDMI NOTE 8 |
Galaxy J4 2018 |
iPhone 6 plus |
Mate 20 |
|
RENO 2Z |
V21 |
REDMI NOTE 8 2021 |
Galaxy J6 2018 |
iPhone 6s |
Mate 20 PRO |
|
A53 |
V21E |
REDMI NOTE 8 PRO |
Galaxy A5 2017 |
iPhone SE (2016) |
Mate 20 X |
|
|
Y15S |
REDMI NOTE 8T |
Galaxy A6 |
iPhone7 |
P30 |
|
|
Y33s |
REDMI NOTE 9 |
Galaxy A7 2018 |
iPhone7 plus |
P30 Lite |
|
|
V20 |
REDMI NOTE 9 5G |
Galaxy A8 |
iPhone 8 |
P30 PRO |
|
|
V20 SE |
REDMI NOTE 9S |
Galaxy A9 2018 |
iPhone 8 plus |
P40 |
|
|
X50 |
REDMI NOTE 9T |
Galaxy A40 |
iPhone X |
P40 Lite |
|
|
X50 Pro |
REDMI NOTE 9 PRO |
Galaxy A50 |
iPhone Xr |
P40 Lite E |
|
|
Y1S |
REDMI NOTE 9 PRO 5G |
Galaxy A70 |
iPhone Xs |
P40 PRO |
|
|
Y20 |
REDMI NOTE 9 PRO MAX |
Galaxy A80 |
iPhone Xs Max |
P40 PRO PLUS |
|
|
Y30 |
REDMI NOTE 10 |
Galaxy A51 |
iPhone SE (2020) |
Nova 5T |
|
|
NEX 3 |
REDMI NOTE 10 5G |
Galaxy A71 |
iPhone 11 |
Y5P |
|
|
V17 Neo |
REDMI NOTE 10 PRO |
Galaxy A10 |
iPhone 11 Pro |
P SMART 2021 |
|
|
Y12 |
REDMI NOTE 10 PRO MAX |
Galaxy A21s |
iPhone 11 Pro Max |
|
|
|
Y17 |
REDMI NOTE 10S |
Galaxy A31 |
iPhone 12 mini |
|
|
|
Y19 |
REDMI NOTE 10T 5G |
Galaxy A41 |
iPhone 12 |
|
|
|
Y91 |
REDMI NOTE 11 |
Galaxy A02 |
iPhone 12 Pro |
|
|
|
Y91C |
REDMI NOTE 11 PRO |
Galaxy A02s |
iPhone 12 Pro Max |
|
|
|
Y93 Lite |
REDMI NOTE 11 PRO 5G |
Galaxy A12 |
iPhone 13 mini |
|
|
|
|
REDMI NOTE 11 PRO PLUS |
Galaxy A22 |
iPhone 13 |
|
|
|
|
REDMI NOTE 11T 5G |
Galaxy A32 |
iPhone 13 Pro |
|
|
|
|
|
Galaxy A52 |
iPhone 13 Pro Max |
|
|
|
|
|
Galaxy A72 |
iPhone 14 |
|
|
|
|
|
Galaxy A13 |
iPhone 14 Pro |
|
|
|
|
|
Galaxy A23 |
iPhone 14 Pro Max |
|
|
|
|
|
Galaxy A33 |
iPhone 15 |
|
|
|
|
|
Galaxy A53 |
iPhone 15 |
|
|
|
|
|
Galaxy A73 |
iPhone 15 |
|
|
|
|
|
Galaxy A03 core |
iPhone 15 Plus |
|
|
|
|
|
Galaxy A03s |
iPhone 15 Plus |
|
|
|
|
|
Galaxy A03 |
iPhone 15 Plus |
|
|
|
|
|
Galaxy A04e |
iPhone 15 Pro |
|
|
|
|
|
Galaxy A04 |
iPhone 15 Pro |
|
|
|
|
|
Galaxy A04s |
iPhone 15 Pro |
|
|
|
|
|
Galaxy A14 |
iPhone 15 Pro |
|
|
|
|
|
Galaxy A24 |
iPhone 15 Pro Max |
|
|
|
|
|
Galaxy A34 |
iPhone 15 Pro Max |
|
|
|
|
|
Galaxy A54 |
iPhone 15 Pro Max |
|
|
|
|
|
Galaxy S7 Edge |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S8 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S8 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S9 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S9 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Note 8 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Note 9 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S10e |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S10 lite |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S10 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S10 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Note 10 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Note 10 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Note 20 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Note 20 Ultra |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S20 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S20 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S20 ultra |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S20 FE |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S21 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S21 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S21 ultra |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S21 FE |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S22 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S22 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S22 ultra |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S23 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S23 plus |
|
|
|
|
|
|
Galaxy S23 ultra |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Z Fold 4 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Z Flip 4 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Z Fold 3 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Z Flip 3 |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Z Flip |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Fold |
|
|
|
|
|
|
Galaxy Z Fold 2 |
|
|
|
|
|
|
Планшеттер:
SAMSUNG |
APPLE |
Galaxy Tab A 10.1 2019 |
iPad 3 |
Galaxy Tab A 7.0 LTE |
iPad Air 3 |
Galaxy Tab A 8.0 LTE |
iPad Air 4 |
Galaxy Tab A 8.0 LTE 2017 |
iPad Air 4 |
Galaxy Tab A 8.0 LTE 2018 |
iPad mini 2 |
Galaxy Tab A 8.0 LTE 2019 |
iPad mini 3 |
Galaxy Tab A 10.5 2018 |
iPad mini 3 |
Galaxy Tab E 9.6 3G |
iPad mini 4 |
Galaxy Tab Pro 8 inch LTE |
iPad mini 4 |
Galaxy Tab S 10.5 inch LTE |
iPad mini 4 |
Galaxy Tab S2 9.7 LTE T819 |
iPad mini 4 |
Galaxy Tab S3 9.7 LTE |
iPad mini 5 |
Galaxy Tab S4 10.5 LTE |
iPad Pro 12.9 |
Galaxy Tab S8 |
iPad Pro 12.9 |
Galaxy Tab S8 plus |
iPad Pro 12.9 |
Galaxy Tab S8 ultra |
iPad Pro 9.7 |
Galaxy Tab S7 |
iPad Pro 9.7 |
Galaxy Tab S7 plus |
iPad Pro 9.7 |
Galaxy Tab S7 FE |
iPad Pro 10.5 |
|
iPad Pro 10.5 |
|
iPad Pro 10.5 |
|
iPad Pro 12.9 2017 |
|
iPad Pro 12.9 2017 |
|
iPad Pro 11 2018 |
|
iPad Pro 11 2018 |
|
iPad Pro 12.9 2018 |
|
iPad 10.2 9 GEN |
5. Басқа талаптар
5.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Ережелерде белгіленген құқықтары мен міндеттері бар.
5.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен шартсыз келісетінін білдіреді. Қатысушының Ережелерді толық және/немесе оның бір бөлігін сақтаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.
5.3. Ұйымдастырушы осы Ережелерді бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы, бұл туралы ол Қатысушыға Акцияның Сайтында және/немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тиісті хабарлама орналастыру арқылы алдын-ала хабарлайды. Сайта тиісті ақпаратты жариялау күні немесе талаптар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабарлау күні болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісуі болып қаралады. Қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Ұйымдастырушының Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін.
5.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойы болып табылмайды;
5.5. Акцияны Ұйымдастырушы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістің, зиянды бағдарламалардың әсер етуінің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенін (Интернет-ресурсын) рұқсатсыз пайдалануға және/немесе істен шығаруға бағытталған арам іс-қимылдарының нәтижесі болған өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
5.6. Осы интернет-сайт және онда көрсетілген деректердің барлығы тек қана ақпарат беру үшін берілген және ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерінде анықталған жария оферта болып табылмайды. Флагмандардың нақты сипаттамалары интернет-сайтта келтірілген сипаттамалардың өзгеше болуы мүмкін, барлық кескіндер анықтама үшін келтірілген. Флагмандардың белгілі бір түстерде және белгілі бір функцияларымен қолжетімді болуы Флагмандардың Samsung Online Store веб-сайтында нақты болуына байланысты.
5.7. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
5.8. Сіздің өңіріңізде сатылатын Флагмандардың болуы және құны туралы толығырақ ақпарат алу үшін Samsung Online Store сайтының клиенттерін қолдау қызметіне хабарласыңыз.
5.9. Акцияға қатысты кез-келген мәселелер бойынша Samsung Online Store веб-сайтының клиенттерін қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Акцияның шарттары жөнінде түсініктеме алу үшін мына байланыс деректерін пайдаланыңыз:
7700 – қоңырау шалу тегін
Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:
https://vk.com/samsungkazakhstan
https://www.instagram.com/samsungkz/
https://www.facebook.com/SamsungKazakhstan
Шағымдар мен ұсыныстарға арналған байланыс деректері:
[email protected] – Құрылғыларды бағалау және табыстау, Құрылғыны Төлеп алу шарты және Құрылғыны қайтару мәселелері бойынша
shop[email protected] – Флагманды сатып алу мәселелері және осы Ережелердің шарттары жөніндегі басқа мәселелер бойынша.
«TRADE-IN» ПРОМОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ №1 ҚОСЫМША
1. Серіктестің Грейдингті жүзеге асыруына қойылатын минималды талаптар:
• Құрылғы Apple және Google аккаунттардан ажыратылған және графикалық кілті алып тасталған;
• Құрылғы қосылады;
• Құрылғының экраны кескінді көрсетіп тұр және тач скрин дұрыс жұмыс істеп тұр;
• Саусақ іздерінің сканері/бет-жүз сканері жұмыс істеп тұр;
• Сұрау бойынша IMEI *#06# корпустағы IMEI-мен бірдей (құрылғының артқы жағында немесе SIM-картаның науашасында);
• Жарлық жай-күйде зауыттық қаптаманың немесе акссуарлардан құралатын жиынтықтың болмауына рұқсат етіледі.
2. Серіктес келесі жай-күйлер бойынша Грейдинг жасайды
Мінсіз күйде (Grade-A):
Дисплей:
• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол берілмейді
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар: Жол берілмейді
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): біреуден көп емес
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді
• Жарылу: Жол берілмейді
Корпус:
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар: Жол берілмейді
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): біреуден көп емес
• Кез келген көлемдегі майысқан жерлер: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді
• Жарылу: Жол берілмейді
• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол берілмейді
• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол берілмейді
• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол берілмейді
• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол берілмейді
Түймелер:
• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақаусыз
• Өшіру түймесі: Ақаусыз
• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақаусыз
• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақаусыз
• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақаусыз
Жақсы күйде (Grade-B):
Дисплей:
• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол берілмейді
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп емес
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп емес
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді
• Жарылу: Жол берілмейді
Корпус:
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар: біреуден көп емес
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп емес
• Кез келген көлемдегі майысқан жерлер: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: біреуден көп емес
• Жарылу: Жол берілмейді
• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол берілмейді
• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол берілмейді
• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол берілмейді
• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол берілмейді
Түймелер:
• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақаусыз
• Өшіру түймесі: Ақаусыз
• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақаусыз
• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақаусыз
• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақаусыз
Жұмыс күйде (Grade-C):
Дисплей:
• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол беріледі
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол берілмейді
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол берілмейді
• Жарылу: Жол берілмейді
Корпус:
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп
• Кез келген көлемдегі майысқан жерлер: Жол беріледі
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол беріледі
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол беріледі
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: біреуден көп
• Жарылу: Жол берілмейді
• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол берілмейді
• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол берілмейді
• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол берілмейді
• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол берілмейді
Түймелер:
• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақаусыз
• Өшіру түймесі: Ақаусыз
• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақаусыз
• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақаусыз
• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақаусыз
Бұзылған күйде (Grade-D):
Дисплей:
• Матрицада өңі кеткен, сарғайған, ағарып кеткен дақтар және матрицаның басқа кез-келген ақаулары: Жол беріледі
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол беріледі
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол беріледі
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол беріледі
• Жарылу: Жол беріледі
Корпус:
• Тырнақпен сезілетін сызаттар (Көмескі жарықта кез-келген бұрыштан көрінетін сызаттар): біреуден көп
• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (Тек қана жарық жақсы болса және белгілі-бір бұрыштан ғана көрінетін болса): 10-нан көп
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: Жол беріледі
• Кез-келген көлемдегі жарықшақтар: Жол беріледі
• Кез-келген көлемдегі сызаттар: Жол беріледі
• Жарық нашар болған кезде кез-келген бұрыштан көрінетін кез-келген тозған жерлер: біреуден көп
• Жарылу: Жол беріледі
• Корпустың бүтіндігі бұзылған, корпус сыртқы бүгілген (бүгілген корпус деп тегіс бетте үстіңгі немесе астыңғы шетін басқан кезде құрылғының тербелуін айтады): Жол беріледі
• Құрылғыда түпнұсқалық емес құрауыштар немесе элементтер бар: Жол беріледі
• Құрылғыда түпнұсқалық емес жөндеудің іздері бар: Жол беріледі
• Құрылғыға аэрография немесе лазерлік нақыштама салынған: Жол беріледі
Түймелер:
• Дауыс қаттылығы түймелері: Ақауы бар
• Өшіру түймесі: Ақауы бар
• Экранның астындағы «Үйге» түймесі (егер бар болса): Ақауы бар
• Дыбысты өшіру түймесі (егер бар болса): Ақауы бар
• Басқа түймелер (егер бар болса): Ақауы бар