Samsung Music-те әннің немесе альбомның атын қалай өзгертуге болады

Соңғы жаңартулардың күні : 12.07.2024

Samsung Music-те әндер мен альбомдардың атын өз қалауыңыз бойынша өзгертіп, мазмұнды баптай аласыз.

Samsung Music

Әннің немесе альбомның атын қалай өзгертуге болады

Samsung Music-те «Мәзір» қосымшасын ашыңыз Samsung Music-те «Мәзір» қосымшасын ашыңыз

1-қадам. Samsung Music қосымшасын ашыңыз. Ойнату экранында экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Мәзір батырмасын (үш нүкте) басыңыз.

«Ән мәліметтерін» ашыңыз «Ән мәліметтерін» ашыңыз

2-қадам. Ән мәліметтерін ашыңыз.

«Өзгерту» батырмасын басыңыз «Өзгерту» батырмасын басыңыз

3-қадам. Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Өзгерту батырмасын (қарындаш) басыңыз. Пайда болған терезеде Рұқсат ету таңдаңыз. Қажетті деректерді өзгертіңіз: аты, орындаушы, альбом, жанр, ән нөмірі немесе жазылған күні.

Альбом мұқабасын қалай өзгертуге болады

«Альбом» ашыңыз «Альбом» ашыңыз

1-қадам. Samsung Music қосымшасын ашыңыз. Ойнату экранында экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Мәзір батырмасын (үш нүкте) басыңыз. Альбом таңдаңыз.

«Қосымша» батырмасын басыңыз «Қосымша» батырмасын басыңыз

2-қадам Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Қосымша батырмасын (үш нүкте) басыңыз.

«Мұқабаны өзгерту» таңдаңыз «Мұқабаны өзгерту» таңдаңыз

3-қадам. Мұқабаны өзгерту таңдаңыз.

Суретті жүктеп салыңыз Суретті жүктеп салыңыз

4-қадам. Галереядан суретті жүктеп салыңыз немесе Камера көмегімен фото жасаңыз.

Ескертпе:

  • Ән сөздерін қосуға қолдау көрсетілмейді.
  • Кейбір әндер үшін деректерді өзгерту мүмкіндігі бұғатталуы мүмкін.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!