Samsung тұмшапеш шкафында «----» (4 жол) қатесі
Не болды
Тұмшапеш шкафы дисплейінде «––––» қатесі туралы хабарлама пайда болады.
Қате неге пайда болды
- Пісіру режимі таңдалды («Гриль» режимінен басқа) және қуат орнатылды.
- «Гриль» режимі таңдалып, температура орнатылды.
Не істеу керек
- «Гриль» режимінде пісіргіңіз келсе, температураны орнату тетігін барлық температура мәндерінен кейін келетін үш қуат мәнінің біріне дейін бұраңыз.
- Кез келген басқа режимде пісіргіңіз келсе, қажетті температура мәнін градуспен орнатыңыз.
- Қате пайда болмаса, техника жарамды, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
- Қате қайта пайда болса, техниканың жұмысын диагностикалау және оны жөндеу үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар