Samsung кір жуғыш машинасының дисплейінде 2H, 3H немесе 4H хабарламасы
Не болды
Кір жуғыш машинаның дисплейінде "2H", "3H" немесе "4H" пайда болды.
Хабарламаны "H2" деп шатастырмаңыз – бұл қыздыру қатесі.
Хабарлама нені білдіреді?
Бұл хабарлама қате емес, кір жуғыш машинаңызда бәрі жақсы.
Ол жуудың аяқталуына 100 минуттан астам уақыт қалғанда пайда болады.
"2H"/"3H"/"4H" хабарламасы жуу циклының аяқталуына шамамен 2, 3 немесе 4 сағат қалғанын білдіреді (H әрпі hour – сағат дегенді білдіреді).
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар