Samsung ыдыс жуғыш машинасында 4C қатесі
Не болып жатыр
Samsung ыдыс жуғыш машинасының дисплейінде "4E", "4C" немесе "E1" хабарламасы пайда болды.
Егер ыдыс жуғыш машинаңыздың дисплейі жоқ болса, басқару панелінде "Үнемді жуу" немесе "Жылдам жуу" индикаторлары жыпылықтайды:
Негізгі себеп
Су құйылмаған, себебі:
- Су беру шүмегі жабық/су қысымы төмен.
- Су құятын құбыршек бұралып қалған/ құбыршек майысқан.
- Сумен жабдықтау жүйесі ағытылған (үйде су жоқ).
- "Aqua Safe" су құятын құбыршегі бөгелген (бұғатталған).
- Техниканың ішкі ақауы (мысалы, су құятын клапан жарамсыз).
Не істеу керек:
- Егер шүмектен су ақпаса (немесе қысым өте әлсіз болса), су қысымы қалпына келгенше күтіңіз.
- Егер шүмектен су ақса және қысым жақсы болса, келесі қадамға өтіңіз.
Құбыршек бұғатталған болса, су құбырына қосылу жеріндегі құбыршек индикаторы қызыл болып жанып тұрады.
Ол үшін: су беру шүмегін жабыңыз, су құятын құбыршекті машинадан ажыратыңыз, оны ваннаға, шұңғылшаға немесе шелекке бағыттаңыз, су беру шүмегін ашыңыз. Бұл ретте су құятын құбыршекті міндетті түрде ұстап тұрыңыз.
- Егер қысым болмаса немесе қысым әлсіз болса, сантехникке хабарласыңыз немесе су қысымы күшейгенін күтіңіз.
- Егер қысым күшті болса, келесі қадамға өтіңіз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар