Samsung ыдыс жуғыш машинасындағы E9/ bc2 қатесі
Не болып жатыр
Ыдыс жуғыш машинаның дисплейінде «E9» немесе «bC2» хабарламасы пайда болды.
Дисплейі жоқ ыдыс жуғыш машина үлгісінде келесі индикаторлар бір мезгілде жыпылықтайды:
«Үнемді жуу» және «Алдын ала жуу» |
Себептері
- Түймеге не басқару панеліне су немесе шаң түскен.
- Басқару панеліндегі түйме 30 секунд басылған.
- Басқару панеліндегі түйме жарамсыз.
Не істеу керек
Түйменің «жатып қалғанын» көрсеңіз, оны бастапқы орнына қайтару үшін бірнеше рет басыңыз.
Бұл көмектеспесе, 4-тармаққа өтіңіз.
- Ластану болса, басқару панелін жақсылап сүртіп, ыдыс жуғыш машинаның жұмысын тағы да тексеріңіз.
- Басқару панеліне су түссе, оны жақсылап сүртіп, құрғатыңыз (1-2 сағат), содан кейін ыдыс жуғыш машинаның жұмысын тағы да тексеріңіз.
- Механикалық зақымданулар бар болса өкінішке орай, бұл кепілдікті емес жағдай кепілдікті емес жөндеу үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Механикалық зақымданулар жоқ болса, келесі тармаққа өтіңіз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар