Samsung тоңазытқышындағы температура индикаторы жыпылықтап тұр
Не болды
Температура индикаторы тоңазытқыш немесе мұздатқыш бөлімшедегі температура белгіленген мәндерден асқанда жыпылықтайды.
Ықтимал себептері
- қуат көзінің іркілісі (электр қуатының өшуі, кернеу айырымы, найзағай және т.б.);
- есік ұзақ уақыт ашық;
- техникалық жарамсыздық.
Ескертпе:
- RB үлгілерінде жыпылықтайтын индикатор тоңазытқыш («Fridge») немесе мұздатқыш («Freezer») бөлімшеде температура орнатылмағанын білдіреді. Температураны орнату үшін панельдегі тиісті түймені басыңыз.
- Егер индикатор 12 сағаттан астам жыпылықтаса, техниканың жұмысын диагностикалау және оны жөндеу үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Не істеу керек
Тоңазытқыш ұзартқыш, ауыстырғыш немесе басқа ұқсас құрылғы арқылы қосылған болса, оны 15 минутқа ажыратып, содан кейін тікелей розеткаға қосыңыз.
Қандай мәндерді орнату керектігін білмесеңіз, ұсынылатын мәндер: тоңазытқыш бөлімшесі үшін +3 °C және мұздатқыш бөлімшесі үшін -19 °C. Әдетте температура белгіленген мәнге бірнеше сағат ішінде жетеді.
Тоңазытқыш орнатылған температураны қалпына келтірмесе, техниканың жұмысын диагностикалау және оны жөндеу үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар