Кір жуғыш машинаның су ағызатын құбыршегін кәрізге қалай қосу керек
Су ағызатын құбыршектің басы кір жуғыш машинаның ішіне бекітілген.
Құбыршектің ортасын жоғары көтеріп, оны сақина немесе ілмек түріндегі зауыттық бекіткіштерге бекітіңіз.
Ескертпе:
Бекіткіштер кір жуғыш машинаның үлгісіне байланысты үстіңгі немесе бүйір жағында орналасуы мүмкін.
Құбыршектің ұшын төмен түсіріп, оны кәрізге үш тәсілдің кез келгенімен қосыңыз:
Бірінші тәсіл
Құбыршекті пластик ұстағышқа бекітіп, шұңғылшаның немесе ваннаның шетіне іліп қойыңыз. Су ағызатын құбыршек 60 - 90 см биіктікте орналасуы керек.
Екінші тәсіл
Құбыршекті шұңғылша сифонындағы арнайы тармаққа жалғап, оны қамытпен бекітіңіз. Құбыршектің ұшы еден деңгейінен кемінде 60 см биіктікте болуы үшін тармақ шұңғылшаның су ағызатын сифонынан жоғары орналасуы керек.
Егер сифоныңызда мұндай тесік болмаса, жаңа сифон сатып алыңыз немесе басқа тәсілді қолданыңыз.
Үшінші тәсіл
Құбыршекті кәріз құбырына тікелей қосыңыз. Ол үшін биіктігі 60 - 90 см және диаметрі кемінде 5 см тік құбырды пайдаланыңыз.
Құбыршек пен құбырдың түйіскен жерін тығыздау үшін арнайы тығыздағышты қолданыңыз.
Ұзындығы қандай құбыршекті қолдануға болады
Өндіруші жиынтықтағы су ағызатын құбыршекті (әдетте ұзындығы 1,75 метр) пайдалануды ұсынады. Қажет болса, құбыршекті 3 метрге дейін ұзартуға болады.
Құбыршекті қате қоссаңыз не болады
Құбыршекті қате қоссаңыз, су машинаға жиналып, дереу кәрізге ағызылады. Егер су ағызылса, кір жуу тоқтатылады және дисплейде «LE» немесе «4E» қатесі пайда болады. Бұл әдетте кір жуудың басында немесе шаю алдында болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар