Кір жуу кезінде Samsung кір жуғыш машинасының есігін қалай ашуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 01.07.2024

Кейде, кір жууды бастағаннан кейін бірдеңе салуды ұмытқаныңыз есіңізге түсуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны бірден ашып, қажетті затты қосып, әрі қарай жууды бастағыңыз келуі мүмкін. Алайда бұлай жасауға болмайды. Кір жуғыш машинаның ағып кетуін және кездейсоқ ашылуын болдырмау үшін оның есігі жуу кезінде бұғатталады. Жуу аяқталғанша күтіп, ұмытылған затты келесі жолы жуған дұрыс.

Төтенше жағдай болса, жуу циклын бірнеше жолмен үзуге болады. Төмендегі нұсқаулықта кір жуғыш машинаны зақымдамай қалай ашу керектігін айтамыз.

Ескертпе:

  • Жарақаттануды, зақымдануды немесе бөлмені су басуын болдырмау үшін жұмыс істеп тұрған кір жуғыш машинаның есігін күштеп ашуға әрекеттенбеңіз.
  • Кір жуғыш машинада балалардан бұғаттау қосулы болса, алдымен оны өшіріп, содан кейін есікті ашып көріңіз.

Кір жуғыш машинаны жууды бастағаннан кейін бірден қалай ашуға болады

Кір жуғыш машинаға су құйылу әлі басталмаса, жууды бастамас бұрын есікті ашуға болады.

1-қадам. Кір жуғыш машинаны тоқтату үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз. Есіктің бұғаты ашылғанша 2-3 минут күтіңіз.

2-қадам. Есікті ашыңыз, содан кейін кірді қосыңыз немесе алыңыз.

3-қадам. Есікту жауып, жууды қайта бастау үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

Жуу кезінде кір жуғыш машинаны қалай ашуға болады

Кір жуғыш машинаға су құйылған және жуу басталған болса, есікті су ағызылғаннан кейін ғана ашуға болады. Заттарды алып тастағанда немесе қосқанда, қайта кір жуғыш ұнтақты қосып, жуу циклін іске қосу керек болады.

1 Су ағызу режимін пайдаланыңыз.

1-қадам. Ағымдағы циклдың жұмысын тоқтата тұру үшін Бастау/Үзіліс түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

2-қадам. Басқару панелінде Су ағызу режимін таңдаңыз.

3-қадам. Циклды бастау үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

4-қадам. Цикл аяқталғаннан кейін, кір жуғыш машина есігінің бұғаты ашылғанша 3-5 минут күтіңіз. Осыдан кейін кір жуғыш машинаны ашуға болад

Кір жуғыш машинада Су ағызу режимі болмаса, келесі тәсілге өтіңіз. Режим аяқталғаннан кейін есік ашылмаса, №4 қадамға өтіңіз.

2 Сығу режимін пайдаланыңыз.

1-қадам. Ағымдағы циклдың жұмысын тоқтата тұру үшін Бастау/Үзіліс түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

2-қадам. Басқару панелінде Сығу режимін таңдаңыз.

3-қадам. Сығусыз опциясын қосыңыз, ол үшін индикатор жанғанша Сығу түймесін бірнеше рет басыңыз. Бұл ретте дисплейде «1» немесе «2» уақыт индикаторы жанып тұруы керек.  

4-қадам. Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз – кір жуғыш машина барабаннан суды ағызады.

5-қадам. Цикл аяқталғаннан кейін, кір жуғыш машина есігінің бұғаты ашылғанша 3-5 минут күтіңіз. Осыдан кейін кір жуғыш машинаны ашуға болады.

Кір жуғыш машинаңызда «Сығусыз» режимі болмаса, келесі тәсілге өтіңіз. Режим аяқтағалннан кейін есік ашылмаса, №4 қадамға өтіңіз.

3 Мақта режимін пайдаланыңыз.

1-қадам. Ағымдағы циклдың жұмысын тоқтата тұру үшін Бастау/Үзіліс түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

2-қадам. Басқару панелінен Мақта режимін таңдаңыз. Циклды бастау үшін Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз

3-қадам. Кір жуғыш машина суды ағыза бастайды. Осыдан кейін Автоөлшеу функциясы іске қосылады. Машина дисплейінде индикация пайда болады  немесе белгіше жанады. Өлшеу кезінде кір жуғыш машинаның ішінде су болмайтындықтан, оны ашуға болады. Автоөлшеу индикациясы аяқталғанша, Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

4-қадам. Кір жуғыш машина есігінің бұғаты ашылғанша 3-5 минут күтіңіз. Осыдан кейін кір жуғыш машинаны ашуға болады.

Есік ашылмаса, №4 қадамға өтіңіз.

4 Егер су ағызылғаннан кейін есіктің бұғаты ашылмаса, кір жуғыш машинаны өшіріңіз, оны қуат көзінен ажыратыңыз және барабаннан суды апаттық ағызуды орындаңыз. Осыдан кейін есікті ашып көріңіз.

AddWash есігі (AddDoor) арқылы кірді жууға қалай қосуға болады

Цикл іске қосылып қойғанда, AddWash есігін пайдаланып, кір жуғыш машина барабанына кір қосуға болады.

Басқару панелінде индикатор көрсетілгенде ғана AddWash есігін ашуға болады.

AddWash есігін пайдалану

Ескертпе:

  • Бастау/Үзіліс түймесін алдын ала баспай, машина жұмыс істеп тұрған кезде AddWash есігін ашуға әрекеттенбеңіз..
  • Барабан ішіндегі су температурасы 50°C-тан жоғары болса, күйіп қалмас үшін, AddWash есігін ашуға болмайды.
  • Балалардан бұғаттау функциясы орнатылған болса, AddWash есігін ашуға болмайды. Алдымен бұғаттауды өшіріңіз, содан кейін есікті ашыңыз. Бұғаттауды қалай алып тастау туралы толығырақ «Балалардан бұғаттау. Кір жуғыш машинадағы түймелер басылмайды» мақаласында оқыңыз.

Кір жуғыш машинаға кірді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1-қадам. Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

2-қадам. AddWash есігін ашып, кірді кір жуғыш машинаға салыңыз.

3-қадам. Жуу циклын қайта бастау үшін есікті жауып, Бастау/Үзіліс түймесін басыңыз.

Ескертпе:

  • AddWash есігі үлкен заттарды қосуға арналмаған.
  • AddWash есігі арқылы тым көп заттарды қоспаңыз, олар есіктің тығыз жабылуына кедергі жасап, кірдің бүлінуіне немесе су ағып кетуіне әкелуі мүмкін.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!