Интернеттен файлдар жүктелуді қойса, не істеу керек
Браузерді пайдалану кезінде ол қажетті файлдарды (құжаттар, фотосуреттер немесе бейнелерді) жүктемейді деген мәселеге тап болсаңыз, оны шешу үшін төмендегі ұсынымдарды орындаңыз.
Нақты сайттағы файлдардың жолы дұрыс көрсетілмеген болуы мүмкін.
- Егер файлдар басқа сайттардан қалыпты түрде жүктелсе, құрылғыда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
- Егер файлдар басқа сайттардан жүктелмесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Егер сіз Google Chrome қолдансаңыз, файлды Samsung Internet браузері арқылы жүктеп көріңіз және керісінше.
Мәселе қосылым іркілісіне байланысты болуы мүмкін және қайта жүктеу бұл іркілісті шешеді.
- Қайта жүктеуден кейін файлдар жүктелсе, құрылғыда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
- Қайта жүктеуден кейін де файлдар жүктелмесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
- Мобильді интернетті пайдалансаңыз, Wi-Fi желісіне қосылыңыз немесе басқа оператордың SIM картасын қолданып көріңіз.
- Wi-Fi желісін пайдаланып жатсаңыз, басқа рұқсат нүктесіне қосылып көріңіз.
Қосымша файлды жүктеген кезде оны смартфонның жадына орналастырады. Қосымшаның жадқа кіруге рұқсаты болмаса, файлдар жүктелмейді.
Қосымша деректерін жойған кезде ол бірінші рет іске қосылғандай болады. Деректермен бірге қосымшаның жұмыс істеуіне кедергі келтіретін қателер де жойылады.
Кейбір жүктеп алынған қосымшалар құрылғының қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Қауіпсіз режимде тек жүйелік қосымшалар жұмыс істейді.
Баптауларды арылту құрылғыдағы барлық деректерді жояды.
Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар