Galaxy Buds Pro су өткізбеушілік деңгейі қандай

Соңғы жаңартулардың күні : 27.06.2024

Galaxy Buds Pro барлық Samsung Galaxy Buds сериясының құлаққаптары арасында ең жоғары су өткізбеушілік стандартына ие.

Galaxy Buds Pro-дағы IPX7 су өткізбеушілік дәрежесі

IPX7 дәрежесі құрылғының тұщы суда 1 метр тереңдікте 30 минутқа дейін су өткізбейтінін білдіреді. Дегенмен, құлаққаптар IPX7  стандартына сәйкес келмейтін жағдайларда пайдаланылғанда зақымдалуы мүмкін. Ықтимал зақымдануды болдырмау үшін осы кеңестерді мұқият орындағаныңызға көз жеткізіңіз.

water resistance decor
  • Құлаққаптар тұщы су әсеріне ұшыраса, оларды таза жұмсақ шүберекпен сүртіп, электронды бөліктерден суды кетіру үшін бірнеше рет шайқау арқылы мұқият құрғатыңыз.
  • Құлаққапты тұзды су, бассейн суы, сабынды су, май, әтір, күннен қорғайтын крем, қол тазалағыш сияқты сұйықтықтардың, косметика, иондалған су, алкогольдік сусындар немесе қышқыл сұйықтықтар сияқты химиялық өнімдердің әсірене ұшыратпаңыз.
water resistance decor
  • Құлаққаптарға таза судан басқа сұйықтықтар тиіп кетсе немесе олар байқаусызда сұйықтыққа батып кетсе, оларды ыдыстағы таза сумен дереу шайып, таза, жұмсақ шүберекпен жақсылап құрғатыңыз. Содан кейін құрылғылардан суды кетіру үшін шайқаңыз және қағаз сүлгімен бірнеше рет сүртіңіз. Осы нұсқаулықтарды орындамағанда, су ішке кіріп, құрылғының жұмысына, соның ішінде динамиктердің дыбыс сапасына және сыртқы түріне әсер етуі мүмкін.

Galaxy Buds Pro пайдалану кезіндегі сақтық шаралары

  • Құрылғыны су спортымен айналысқанда, душ қабылдағанда, спа-салонға немесе саунаға барғанда кимеңіз. Бұл құрылғыны зақымдауы мүмкін.

  • Құлаққаптарды ағын су әсеріне  ұшыратпаңыз.

  • Құлаққаптарды кір жуғыш машинаға немесе кептіргіш машинаға салмаңыз. Құлаққаптарды суда пайдалану ұсынылмайды.

  • Құрылғыларды тұщы суға 1 м астам тереңдікте батырмаңыз немесе су астында 30 минуттан артық ұстамаңыз.

  • Құлаққаптар бақыланатын ортада сыналған және белгілі бір жағдайларда су өткізбейтін деп сертификатталған.

  • Зарядтау қабының су өткізбеушілігі жоқ және тер мен ылғал әсеріне төзімді емес.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!