Galaxy S20 | S20+ | S20 Ultra смартфондарында файлдарды ортақ пайдаланудың әртүрлі мүмкіндіктерін пайдаланыңыз
Galaxy S20 сериялы смартфондарының жаңа функцияларын пайдаланатын барлық адамдармен музыканы ғана емес, мазмұнды да бөлісе аласыз.
Music Share функциясы құрылғыңызға қосылған Bluetooth бағанасынан басқалармен музыканы бөлісуді жеңілдетеді. «Жылдам жіберу» функциясы Wi-Fi Direct немесе Bluetooth арқылы жақындағы құрылғылармен, сондай-ақ SmartThings қолдайтын құрылғылармен мазмұнды бөлісуге мүмкіндік береді.
Музыканы Bluetooth қосылымынсыз бөлісіңіз
Музыканы бөлісу үшін Bluetooth қосылымы енді қажет емес. Синхрондаусыз достарыңыздың бағаналарына қосылуға болады. Galaxy S20 құрылғыңызда жай ғана Music Share пайдаланып, смартфоныңызда музыканы қосыңыз.
Бұл функция тек Music Share қолдайтын құрылғыларда қолжетімді.
Ескертпе: бөлісу керек болғанда, екі телефонда да Wi-Fi және Bluetooth қосулы болуы керек.
- Дайындау («Беруші»): бағанамен синхрондауды орындаңыз да, Music Share қосыңыз.
- Белсендіру («Қабылдаушы»): Bluetooth құрылғылар тізіміне өтіңіз, Music Share бағанасымен қосылыңыз. Музыканы қосыңыз.
- Music Share тек Music Share функциясын қолдайтын Galaxy құрылғыларында қолжетімді.
- Music Share – Wi-Fi және Bluetooth негізіндегі жаңа функция; оның жұмысы Wi-Fi чипсетіне байланысты.
- Music Share функциясын кез келген музыка қосымшасымен пайдалануға болады.
- Android Q ОЖ бар құрылғылар «Жылдам жіберу» функциясын қолдайды, ал оның қолжетімділігі үлгіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
«Жылдам жіберу» туралы негізгі фактілер
«Жылдам жіберу» фотосуреттерді, бейнелерді және файлдарды достарыңызбен лезде бөлісуге мүмкіндік береді. Құрылғыларды синхрондаусыз файлдарды 5 досыңызға бере аласыз.
1-қадам: Басқа құрылғыда хабарламалар панелін ашыңыз, төмен сырғытыңыз және басу арқылы «Жылдам жіберуді» белсендіріңіз.
2-қадам: Галерея қосымшасын іске қосып, суретті таңдаңыз. «Бөлісу» батырмасын басып, суретті беру үшін құрылғыны таңдаңыз. Басқа құрылғыдан файлды беруді сұрауды қабылдаңыз.
Ескертпе:
- Егер басқа құрылғы иесі жауап бермесе, оның құрылғысында «Жылдам жіберу» бар-жоғын және жылдам рұқсат панелінде «Телефонның көрінуі» қосулы екенін тексеріңіз. Сондай-ақ басқа құрылғының экраны белсенді екеніне көз жеткізіңіз. Мобильді интернет арқылы файлдарды беру үшін қосымша төлем алынуы мүмкін.
- Android Q ОЖ бар құрылғылар «Жылдам жіберу» функциясын қолдайды, ал оның қолжетімділігі үлгіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Қабылдаушы құрылғы Wi-Fi Direct стандартын қолдауы керек. Қабылдаушы құрылғының экраны белсенді.
- Wi-Fi қосулы болуы керек.
- Бір ретте 1 ГБ дейін және күніне ең көбі 2 ГБ беруге болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар