Galaxy Buds құлаққаптарының біріндегі дыбыс екіншісіне қарағанда тынышырақ болса, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 18.12.2024

Galaxy Buds құлаққаптарының біріндегі дыбыс екіншісіне қарағанда тынышырақ екенін қалай білуге болады?

Қосылған құрылғыдағы дыбысты барынша қаттылыққа орнатып, құлақтағы құлаққаптардың орнын уақытша ауыстырыңыз. Құлаққаптардың бірінің дыбысы екіншісіне қарағанда тынышырақ болса, төмендегі ұсынымдарды орындаңыз:

1 Galaxy Wearable қосымшасы арқылы құлаққаптарды қайта жүктеңіз.

Құлаққаптарға қосылым тұрақсыз болса немесе басқа өндірушінің смартфонын пайдалансаңыз, бұл тәсіл жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдайда төмендегі тәсілдерді қолданыңыз.

Қайта жүктеу жолы: Galaxy Wearable қосымшасын ашыңыз → «Құлаққаптар туралы» тармағын таңдаңыз → «Құлаққаптар параметрлерін арылту» тармағын басыңыз.

2 Дыбыс балансын тексеріңіз.

Android 11:
Баптаулар → Арнайы мүмкіндіктер → Естілуді жақсарту → Оң жақтағы/сол жақтағы дыбыс балансы тармағын ашыңыз.

Android 9:
Баптаулар → Құрылғыға қызмет көрсету → Батарея → Үш нүкте → Баптаулар → Баптауларды оңтайландыру → Мультимедиа дыбысы → Өшіру тармағын ашыңыз.

3 Құлаққаптарды басқа құрылғыға қосып, дыбысын тексеріңіз.
4 Құлаққаптарды футляр арқылы қайта жүктеңіз.
Ол үшін оларды футляр-аккумулятордың слоттарына салыңыз да, 10 секундтан кейін қайтадан шығарып алыңыз.
5 Үлгіңізге арналған пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес құлаққаптарды механикалық түрде қайта жүктеңіз.

Негізінде, қайта жүктеу кеңсе қыстырғышы мен қуат түймесі арқылы механикалық түрде орындалады. Микрофон саңылауын байқаусызда зақымдамау үшін нұсқаулықты орындаңыз.

Үлгіңізге арналған пайдаланушы нұсқаулығын «Нұсқаулықтар және жүктеулер» бөлімінен таба аласыз.

6 Құлаққаптарды тазалаңыз. Құлаққаптарда шаң, құлық және басқа қоқыс жиналып, дыбыс сапасын төмендетуі мүмкін.
7 Егер барлық ұсынымдар көмектеспесе, тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Мүмкін құлаққаптардың біреуінд механикалық зақымдану білінген. Назар аударыңыз: жүгіну кезінде барлық сатып алу жиынтығын – футляр-аккумуляторды және екі құлаққапты көрсету керек.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!