Samsung Galaxy-ге қосылған құлаққаптарда дыбыс өте төмен болса, не істеу керек
Құлаққаптар сіздің кез келген жағдайда: көшеде, үйде, жолда немесе кеңседе бейнелерді көруге, музыканы және басқа аудио мазмұнды тыңдауға мүмкіндігіңіз болғанына арналған. Ойнатып жатқан ақпараттан ештеңені жіберіп алмау үшін ол жеткілікті дыбыс қаттылығымен айтылу керек.
Дыбыс қаттылығы аудио құрылғыға да (бұл жағдайда смартфонға) да, құлаққаптардың өзіне де байланысты болуы мүмкін. Оларды таңдаған кезде келесі сипаттамаларға назар аудару керек:
- Сезімталдық. Ол неғұрлым жоғары болса, құлаққаптардың дыбысы соғұрлым қатты болады.
- Қарсылық. Егер бұл көрсеткіш 32 Ом-нан жоғары болса, мұндай құлаққаптар смартфондармен тікелей пайдалануға жарамайды, бірақ оларды портативті күшейткіш арқылы қосуға болады.
- Амбушюрлар. Олар ыңғайлы киюді және шуды басудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуі керек.
Samsung Galaxy смартфонымен құлаққаптарды пайдаланған кезде төмен дыбыс мәселесіне тап болсаңыз, келесі ұсынымдарды орындап көріңіз:
Сымды құлаққаптарды пайдалансаңыз, олардың телефондағы ағытпаға қосылымын тексеріңіз.
- Істікше толығымен салынбаса, дыбыс дұрыс берілмейді. Құлаққап істікшесін шығарып алып, қайта салыңыз.
- Құрылғыдағы керек-жарақтар құлаққап істікшесін толығымен салуға кедергі келтіруі мүмкін. Тысқапты шешіп, құлаққаптарды қосыңыз.
- Телефон ағытпасын тексеріңіз – оған шаң немесе ұсақ қоқыс түсіп, құлаққапты қосуға кедергі келтіруі мүмкін. Ағытпадан қоқысты шығару үшін оған қатты үрлеңіз немесе шаң бөлшектерін тіс тазалағышпен ақырын алыңыз.
Сымсыз құлаққаптарды пайдалансаңыз, шуды басу режимінің жұмысын тексеріңіз.
Ол өшірілген кезде қоршаған орта дыбыстары (көлік шуы немесе адамдардың дауысы) анық естілетін болады, ал телефондағы музыка тыныш немесе мүлде естілмейтін болады. Шуды басу режимінің баптауларын құлаққаптар нұсқаулығынан анықтуаға болады.
Телефон экранын бұғаттаудан ашыңыз және дыбыс деңгейін көтеру түймесін басып тұрыңыз.
- Экранда ешқандай хабарлама пайда болмаса және дыбыс деңгейі шкаласы толығымен толы болса, келесі қадамға өтіңіз.
- Экранда "Дыбыс деңгейі шегіне жетті" хабарламасы пайда болса, ондағы Параметр басып, бұғаттау функциясын өшіру үшін сырғытпаны басыңыз. Шектеуді толығымен өшірмеуге болады, бірақ оның дыбыс деңгейін сәл көтере аласыз – Реттелмелі дыбыс шегі сырғытпасын оңға қарай қажетті мәнге дейін жылжытыңыз.
Немесе Параметрлер > Дыбыстар мен діріл > Дыбыс деңгейі тармағын ашыңыз, содан кейін жоғарғы оң жақ бұрыштағы үш нүктені басыңыз және Мультимедиа дыбыс деңгейін шектеу тармағын таңдаңыз.
Мысалы, музыка тыңдап жатсаңыз, басқа қосымшада немесе браузерде бейнені ашып, ойынды іске қосып көріңіз.
- Егер дыбыс тек бір қосымшада тыныш болса, оның баптауларын тексеріңіз, ол жерде дыбыс деңгейі баптауы болуы мүмкін.
- Егер дыбыс барлық қосымшаларда тыныш болса, келесі қадамға өтіңіз.
- Егер басқа құлаққаптарда дыбыс қатты болса, бірінші құлаққаптарға бірдеңе болып, олар ақаулы болуы мүмкін..
- Басқа құлаққаптардағы дыбыс та тыныш болса, келесі қадамға өтіңіз.
Қолжетімді жаңартулар болса, оларды орнатыңыз. Кейбір жаңартулар міндетті және құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Тақырып бойынша:
Кейбір қосымшалар телефон функцияларының жұмысына әсер етуі мүмкін. Қауіпсіз режимде тек жүйелік қосымшалар жұмыс істейді, барлық бөгде қосымшалар өшірілген.
Телефон барлық орнатылған баптауларды арылтуды орындайды. Дербес деректер мен сақталған файлдар телефон жадында қалады.
Толығымен арылту құрылғыңыздағы барлық деректерді жояды.
Арылтудан бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды қатаң ұсынамыз.
Баптауларды толығымен арылтуды орындағаннан кейін дыбыс әлі де тыныш болса, смартфонның жұмысын диагностикалау үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар