Samsung Galaxy смартфонында немесе планшетінде Samsung есептік жазбасынан қалай шығуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 19.12.2024

Төмендегі мақалада смартфонды немесе планшетті Samsung аккаунтынан қалай ажыратуға болатынын айтып береміз.

Samsung аккаунты толығымен жойылмайды, бірақ құрылғымен байланысты болмайды.

Samsung аккаунтын не үшін жою керек?

Басқа Samsung аккаунтын қосу үшін.

Смартфонға немесе планшетке Samsung есептік жазбасын қосқанда, құрылғы автоматты түрде сол аккаунтқа байланыстырылады.

Құрылғыны тек бір Samsung аккаунтына байланыстыруға болады, сондықтан құрылғыға тек бір Samsung аккаунтын қосуға болады. Басқа Samsung есептік жазбасын қосу үшін алдымен құрылғыдан ескісін алып тастау керек.

Құрылғыдан Samsung аккаунтын жойғаннан кейін сіз ондағы Samsung сервистерін пайдалана алмайсыз және Samsung Cloud-тан деректерді синхрондай алмайсыз.

Samsung аккаунтын құрылғыдан қалай жоюға болады

Бірінші тәсіл: құрылғыдағы Samsung аккаунтын жою

Android нұсқасына байланысты Samsung аккаунтын құрылғыдан жою тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Есептік жазбаны жою үшін құрылғы интернетке міндетті түрде қосылған болуы керек.

«Есептік жазбаларды басқару» таңдаңыз «Есептік жазбаларды басқару» таңдаңыз

1-қадам. Баптауларға кіріп, «Есептік жазбалар және мұрағаттау» тармағына өтіңіз. «Есептік жазбаларды басқару» таңдаңыз.

2-қадам. Samsung есептік жазбасын басыңыз.

«Есептік жазбаны жою» түртіңіз «Есептік жазбаны жою» түртіңіз

3-қадам. «Есептік жазбаны жою» батырмасын түртіңіз. Телефон әрекетті растауды сұрайды – «Есептік жазбаны жою» батырмасын қайтадан басу керек.

Нажмите «Выйти» Нажмите «Выйти»

4-қадам. Жою алдында құрылғы профиліңізді Контактілер қосымшасында сақтауды ұсынады. Сақтағыңыз келсе, Профильді сақтау жанында құсбелгі қойыңыз. Экранның төменгі жағындағы «Шығу» басыңыз.

Құпия сөзді тексергеннен кейін есептік жазбаңыз құрылғыдан жойылады.

Құпия сөзді ұмытсаңыз, Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? тармағын таңдап, қалпына келтіру шеберінің нұсқауларын орындаңыз. Немесе бір реттік тексеру кодын алу үшін E-mail арқылы тексеруді пайдаланыңыз.

1-қадам. Баптауларды ашып, «Есептік жазбалар және мұрағаттау» кірістірмесіне  өтіңіз.

2-қадам. «Есептік жазбалар» кірістірмесін таңдаңыз.

3-қадам. Samsung account басыңыз.

4-қадам. «Шығу» басыңыз.

5-қадам. Есептік жазбадан шыққаннан кейін контактілерді құрылғыңызда сақтағыңыз келсе, «Сақтау» жанында құсбелгі қойыңыз да, «Шығу» басыңыз.

6-қадам. Дайын! Енді Samsung аккаунты есептік жазбалар тізімінде болмайды және жаңасын қосуға болады

Екінші тәсіл: Samsung аккаунтынан Samsung Account сайты арқылы шығу

Құрылғы сізбен бірге болмаса, Samsung есептік жазбасын жоюдың тағы бір жолы.

1 account.samsung.com сайтын ашып, «Кіру» басыңыз.
Samsung аккауынтына кіріңіз
2 Samsung аккаунтына кіріңіз: логин мен құпия сөзді енгізіп, «Кіру» басыңыз.
3 Құрылғылар бөліміне өтіңіз.
«Құрылғылар» бөліміне өтіңіз
4 Қажетті құрылғының жанындағы «Шығу» басыңыз.
«Шығу» басыңыз
5 Аккаунттан шығуды растаңыз: «Шығу» басыңыз.
«Шығу» басыңыз

Құпия сөзді ұмытсаңыз және оны қалпына келтіре алмасаңыз, Samsung аккаунтынан қалай шығуға болады

Samsung аккаунтынан құпия сөзді есіңізде сақтамасаңыз және оны қалпына келтіре алмасаңыз, ал e-mail арқылы тексеру үшін бір реттік код ала алмасаңыз, деректерді толық арылту арқылы аккаунтты азбаңызды құрылғыдан ажыратуға болады. Арылту кезінде телефондағы барлық файлдар мен ақпарат жойылады, сондықтан деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!