SmartThings Find көмегімен Galaxy Watch сағаты мен Galaxy Buds құлаққаптарын қалай табуға болады
Galaxy Watch құрылғысын немесе Galaxy Buds құлаққаптарын қайда қалдырғаныңыз есіңізде болмаса, SmartThings қосымшасының ең пайдалы функцияларының бірі арқасында оларды оңай табуға болады.
Galaxy Watch немесе Galaxy Buds құлаққаптары смартфонға қосулы болғанда, оларды SmartThings Find көмегімен табуға болады.
Егер киілетін құрылғының заряды таусылып, смартфонмен байланыс жоғалса, SmartThings Find оның ажыратылғанға дейінгі соңғы орнын көрсетеді.
Galaxy Watch қалай табуға болады
SmartThings қосымшасымен смартфонға Bluetooth арқылы қосулы болған кездегі Galaxy Watch соңғы орнын бақылай аласыз.
Киілетін құрылғының орны нақты уақытта картада көрсетілуі үшін келесі шарттар орындалуы керек:
- құрылғы қосулы;
- құрылғыда Wi-Fi қосулы немесе ол «Дербес іздеу» функциясы қосылған басқа Samsung смартфондарының әрекет ауқымында;
- құрылғы Samsung есептік жазбасы арқылы авторландырылған.
Galaxy Watch құрылғысының орнын тексеру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
Find элементі жоқ болса, оны қолмен қосуға болады.
Ол үшін үшін экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы ⋮ (Опциялар) басып, тізімнен элементті таңдаңыз.
Егер Galaxy Watch Wi-Fi желісіне қосылған болса немесе "Дербес іздеу" функциясы қосылған басқа Samsung құрылғыларының Bluetooth әрекет ауқымында болса, іздеу үшін дыбыс сигналын пайдалануға болады.
Қоңырау басыңыз, сонда Galaxy Watch дірілдеп, дыбыс шығарады және құрылғының экраны жанады.
Артта қалған кезде хабарлау және Осы кұрылғының орнын бөлісу пайдалы функциялары Galaxy Watch жоғалтпауға көмектеседі.
Ескертпе:
Құрылғының геодеректерін басқа қатысушыға беру үшін оны алдымен SmartThings қосымшасына шақыру керек.
Galaxy Buds құлаққаптарын қалай табуға болады
SmartThings қосымшасында смартфоныңызға Bluetooth арқылы қосылған кездегі Galaxy Buds соңғы орнын қадағалауға болады.
Егер құлаққаптар Samsung Galaxy-ге қосылған болса немесе «Дербес іздеу» функциясы қосылған басқа Samsung смартфондарының әрекет ауқымында болса, заряды таусылмаған және футлярда болмаса, оларды нақты уақыт режимінде қадағалауға болады.
Ескертпе:
Galaxy Buds2 Pro құлаққаптарын футлярда болса да іздеуге болады.
Егер Galaxy Buds қабынан тыс және телефонға қосылған болса, оларды жылдамырақ табу үшін дыбыс сигналын пайдалануға болады.
Іздегіңіз келетін құлаққапты таңдаңыз — ол үшін L/R ауыстырғышын басу арқылы. Содан кейін Қоңырау басыңыз — таңдалған құлаққап қатты дыбыс шығара бастайды.
Артта қалған кезде хабарлау және Осы кұрылғының орнын бөлісу пайдалы функциялары құлаққаптарды жоғалтпауға көмектеседі.
Ескертпе:
Құрылғының геодеректерін басқа қатысушыға беру үшін оны алдымен SmartThings қосымшасына шақыру керек.
Galaxy Watch жоғалған немесе ұрланған жағдайда оны қалай бұғаттауға болады
Galaxy Watch-ті SmartThings Find (Find My Mobile) сервисі арқылы бұғаттауға болады.
Өкінішке орай, Galaxy Buds құлаққаптарын бұғаттау мүмкін емес.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар