Samsung Galaxy смартфонында алақанмен скриншотты қалай жасауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 18.12.2024

Samsung Galaxy-де экран фотосын жасаудың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі – алақанмен сипау арқылы экран фотосын жасау.

Функцияны қандай құрылғылар қолдайтынын және оны қалай пайдалану керектігін білу үшін төмендегі мақаланы оқыңыз.

Қандай смартфондарда алақанмен скриншот жасауға болады

Бұл функция Samsung Galaxy құрылғыларының көбісінде жұмыс істейді, бірақ Galaxy A23 сияқты бастапқы кластағы үлгілерде болмауы мүмкін. Нақты үлгі туралы ақпаратты мұнда табуға болады:

  • Пайдаланушы нұсқаулығындағы «Экран фотосы» бөлімінде (төменде Galaxy A52 және Galaxy A23 үлгілеріне  мысал берілген).
  • Онлайн чатта

Samsung Galaxy A52 пайдаланушы нұсқаулығы: функция қолжетімді.

Samsung Galaxy A23 пайдаланушы нұсқаулығы: функция қолжетімді емес.

Ескертпе:

Құрылғыңыз алақанмен экран фотосын жасауды қолдамаса, скриншотты түймелермен жасаңыз.

Алақанмен экран фотосын жасауды қалай қосуға болады

Смартфондардың көбісінде бұл функция әдепкі қосылған. Бұл функция құрылғыңызда қосылғанын тексеру үшін құрылғыңыздағы Android нұсқасын қарап, төмендегі нұсқаулықтарды пайдаланыңыз.

«Баптаулар» ашып, «Қосымша функциялар» бөліміне өтіңіз «Баптаулар» ашып, «Қосымша функциялар» бөліміне өтіңіз

1-қадам. «Баптаулар» ашып, «Қосымша функциялар» бөліміне өтіңіз.

«Қозғалыстар мен қимылдар» таңдаңыз «Қозғалыстар мен қимылдар» таңдаңыз

2-қадам. «Қозғалыстар мен қимылдар» таңдаңыз.

«Алақанмен экран фотосын жасау» функциясының ауыстырғышын оңға қарай тартыңыз «Алақанмен экран фотосын жасау» функциясының ауыстырғышын оңға қарай тартыңыз

3-қадам. «Алақанмен экран фотосын жасау» функциясының ауыстырғышын оңға қарай тартыңыз.

1-қадам. «Баптаулар» ашыңыз.

2-қадам. «Қозғалыстар» (Алақанмен басқару) / Қосымша / Қосымша функциялар) бөліміне өтіңіз

3-қадам. «Алақанмен экран фотосын жасау» тармағын қосыңыз.

Алақанмен скриншотты қалай жасауға болады

Алақанның қырымен экранды солдан оңға немесе оңнан солға қарай сипап өтіңіз. Алақан экранға тиіп тұруы керек.

Скриншот жасалғанын қалай білуге ​​болады

Экранның жоғарғы сол жақ бұрышында арнайы белгіше пайда болады.

алақанмен скриншотты қалай жасауға болады

Скриншоттарды қайдан табуға болады

Жасалған скриншоттарды «Галерея» немесе «Менің файлдарым» қосымшасында көруге болады. Олар Суреттер/Screenshots немесе Суреттер/ScreenCapture папкасында тұрады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!