Android-те қосымшаларды қалай дұрыс жою керек. Қосымшаларды қалай өшіруге болады

Соңғы жаңартулардың күні : 24.12.2024

Смартфондарда орнатылған қосымшалардың көбісі сіз оларды пайдаланбасаңыз да жұмыс істейді. Қосымшалар неғұрлым көп болса, процессор соғұрлым көп жүктеледі. Осыған байланысты құрылғының заряды тез таусылып, баяу жұмыс істейді. Пайдаланылмайтын қосымшалар құрылғының ресурстарын жұмсамауы үшін оларды жойыңыз немесе өшіріңіз.

Төменде Samsung Galaxy-де қосымшаларды қалай дұрыс жою немесе өшіру туралы нұсқаулықты табасыз.

Қосымшаны құрылғыдан қалай жоюға болады

Қосымшаны жоюдың екі тәсілі бар: қосымша белгішесі арқылы және смартфон баптаулары  арқылы.

Бағдарламаны белгішесі арқылы жою – ең оңай және жылдам тәсіл.

Жойғыңыз келетін қосымша белгішесін басып, ұстап тұрыңыз. Жойғыңыз келетін қосымша белгішесін басып, ұстап тұрыңыз.

1-қадам. Жойғыңыз келетін қосымша белгішесін басып, ұстап тұрыңыз.

Пайда болған мәзірде «Жою» басыңыз. Пайда болған мәзірде «Жою» басыңыз.

2-қадам. Пайда болған мәзірде «Жою» басыңыз.

Жоюды растау - OK басыңыз. Жоюды растау - OK басыңыз.

3-қадам. Жоюды растау - OK басыңыз.

Ескертпе:

Жұмыс үстелінде қосымшаны таңдаған кезде, мәзірде екі ұқсас батырма болады: Алып тастау және Жою. «Алып тастау» батырмасын бассаңыз, қосымша құрылғыдан жойылмайды, ал оның белгішесі басты экраннан жоғалады. Белгіше Қосымшалар экранында қалады және қосымшаны іске қоса аласыз.

Барлық қосымшалар экранындағы белгішені бассаңыз, мәзірде тек «Жою» батырмасы пайда болады.

Кейбір қосымшалар смартфонға қосымша деректерін сақтауды ұсынуы мүмкін.

  • Қосымшаны қайта орнатқыңыз келсе, құсбелгіні қойып, қосымшаны жою үшін OK басыңыз. Деректер смартфонның жадында сақталады және қосымшаны қайта орнатқаннан кейін қолжетімді болып қалады.
  • Қосымшаны бұдан былай пайдалануды жоспарламай, оны толығымен жойғыңыз келсе, бірден OK батырмасын басуға болады.

Қосымшаны жоюдың екінші тәсілі – баптаулар мәзірі арқылы.

«Баптаулар → Қосымшалар» ашыңыз «Баптаулар → Қосымшалар» ашыңыз

1-қадам. «Баптаулар» ашып, «Қосымшалар» (Қосымшалар диспетчері) тармағын таңдаңыз.

Қажетсіз қосымшаны таңдаңыз Қажетсіз қосымшаны таңдаңыз

2-қадам. Жойғыңыз келетін қосымшаны тауып, оны басыңыз.

«Қойма (Жад)» ашыңыз «Қойма (Жад)» ашыңыз

3-қадам. «Қойма» (Жад) тармағын таңдаңыз.

«Деректерді тазалау» басыңыз «Деректерді тазалау» басыңыз

4-қадам. «Деректерді тазалау» батырмасын басыңыз.

Кері оралу үшін көрсеткіні басыңыз Кері оралу үшін көрсеткіні басыңыз

5-қадам. Көрсеткіні пайдаланып кері оралыңыз.

«Жою» басыңыз. «Жою» басыңыз.

6-қадам. «Жою» басыңыз.

Қосымша баптауларында «Жою» батырмасы болмаса, бұл жүйелік немесе алдын ала орнатылған қосымша.

Жүйелік немесе алдын ала орнатылған қосымшаны қалай жоюға болады

Смартфонды сатып алғаннан кейін бірден пайдалану үшін оның алдын ала орнатылған қосымшалары бар:

  • Samsung экожүйесінің қосымшалары,
  • Android операциялық жүйесінің қосымшалары (Google),
  • аймақтық заңнама талаптарына сәйкес орнатылған қосымшалар.

Samsung және Google қосымшалары смартфонның негізгі функцияларын пайдалану және оны әрі қарай баптау (аккаунттарда авторлану және қосымшаларды жүктеп алу) үшін қажет. Мысалы, қоңырау шалу үшін Galaxy Store немесе Google Play-ден кез келген қосымшаны орнатуға болады, бірақ «Телефон» қосымшасын жою мүмкін емес.

Сондай-ақ, смартфон сатуға арналған аймаққа байланысты оған қосалқы қосымшалар орнатылуы мүмкін.

Өкінішке орай, алдын ала орнатылған кейбір қосымшаларды жою мүмкін емес, бірақ оларды өшіруге болады. Өшірілген кезде қосымша жойылмайды, ол «ұйықтап қалады» да, оны қосқанша іске қосылмайды. Өшіру батарея зарядын, құрылғы жады кеңістігін және интернет трафигін үнемдейді.

Қосымшаны жою немесе өшіру мүмкін болмаса, бұл қосымша құрылғының қалыпты жұмысы үшін қажет.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!