Samsung Galaxy-де қосымшаның ескі нұсқасын қалай қайтаруға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 20.12.2024

Қосымшаның ескі нұсқасын не үшін қайтарады

Жаңа мүмкіндіктерді қосу және қателерді түзету үшін әзірлеушілер қосымшаларды жаңартып тұрады. Бірақ кейде жағымсыз тосынсыйлар болады: жаңартудан кейін қосымша ұнамайды, іске қосылмайды немесе дұрыс жұмыс істемейді.

Тақырып бойынша:

Мұны түзету үшін қосымша нұсқасын зауыттық нұсқаға қайтарады – жаңартуларды жояды.

Жаңартуларды зауытта орнатылған жүйелік қосымшалардан ғана жоюға болады. Жүктелген – өзіңіз жүктеп алған қосымшалардан жаңартуларды жоя алмайсыз.

Жаңартуларды жойғаннан кейін қандай нұсқа болады

Жаңартуларды жойғаннан кейін соңғының алдындағы нұсқа емес, зауытта орнатылған нұсқа қалпына келтіріледі.

Зауыт смартфонға 1.0 нұсқалы Google Chrome қосымшасын орнатқан. Біраз уақыттан кейін қосымша 2.0 нұсқасына, сосын 3.0 нұсқасына, сосын 4.0 нұсқасына жаңартылды. Жаңартуларды жойсаңыз, қосымша нұсқасы 3.0 емес, 1.0 болады.

Қосымша Google Play арқылы қайта жаңартылса, 4.0 нұсқасы орнатылады.

Жүктелген қосымшаның жаңартуларын жою қажет болса, не істеу керек

Жалғыз амал – ағымдағы нұсқаны жою, интернетте ескі нұсқаның орнатушы файлын табу, оны орнату және қосымшаны бұдан былай жаңартпау. Бірақ абай болыңыз және шешімді жақсы ойланып қабылдаңыз: қосымша вирус болып шықпайтынына ешкім кепілдік бермейді.

Жаңартуларға байланысты мәселелерден өзіңізді қорғау оңай: қосымшаларды автоматты түрде жаңартуды өшіріңіз және оларды жаңартпаңыз немесе пікірлерді оқығаннан кейін қолмен жаңартыңыз.

Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады

«Баптаулар» ашып, «Қосымшалар» тармағын таңдаңыз («Қосымшалар диспетчері» деп аталуы мүмкін).

Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады

Нұсқасын зауыттық нұсқаға дейін қалпына келтіргіңіз келетін қосымшаны таңдаңыз

Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады

«Жаңартуларды жою» батырмасын басыңыз.

Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады

Жаңартуларды, файлдарды және қосымша баптауларын жою үшін OK немесе «Жою» басыңыз.

Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады

Дайын. Қосымшаның зауыттық нұсқасы қалпына келтірілді.

Жүйелік қосымшаның жаңартуларын қалай жоюға болады

Жаңартулардан басқа, барлық қосымша деректері жойылады: баптаулар мен файлдар. Қосымша оны бірінші рет іске қосқандағыдай болады.

Егер мұндай батырма жоқ болса, алдымен «Опциялар» басыңыз (оң жақ жоғарғы бұрышта үш нүкте сияқты көрінуі мүмкін), содан кейін «Жаңартуларды жою» батырмасын басыңыз.

«Опциялар» немесе «Жаңартуларды жою» батырмалары жоқ болса немесе оларды басу мүмкін болмаса, онда: а) зауыттық нұсқа әлдеқашан орнатылған; б) бұл жүйелік қосымша емес.

Қосымшаның ағымдағы және соңғы нұсқасын қайдан көруге болады

Қосымшаның ағымдағы нұсқасын мына жолмен көруге болады: Баптауларқажетті қосымшаны таңдау беттің төменгі жағына айналдыру.

Қосымшаның соңғы нұсқасы Google Play-де берілген. Оны көру үшін Google Play-де қажетті қосымшаны тауып, «Толығырақ» немесе көрсеткіні басыңыз, содан кейін «Нұсқа» тармағына дейін төмен айналдырыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!