Samsung Galaxy-де Google аккаунтында контактілерді қалай сақтауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 16.12.2024

Контактілерді неге Google аккаунтында сақтаған дұрыс

Әдетте контактілер SIM-картаның жадында немесе құрылғы жадында сақталады. Екі жағдайда да контактілерді жоғалту оңай: SIM-карта немесе құрылғы бұзылған кезде.

Контактілерді Google аккаунтында сақтау ыңғайлы және қауіпсіз: ол жерде олар құрылғыға немесе SIM-картаға байланыстырылған емес. Және оларға қол жеткізу оңайырақ болады: жай ғана компьютерден немесе басқа телефоннан аккаунтқа кіру керек.

Контактілерді Google аккаунтына қалай сақтауға болады

Төменде Android әртүрлі нұсқаларына арналған нұсқаулықтарды табасыз.

Құрылғыға Google аккаунтын қосыңыз.

Контактілер Контактілер

1. Контактілер қосымшасын ашыңыз. Телефон емес, Контактілер.

Мәзір Мәзір

2. ☰ (Мәзір) белгішесін басыңыз.

Контактілерді басқару Контактілерді басқару

3. Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.

Контактілер жалжыту Контактілер жалжыту

4. Контактілер жалжыту тармағын таңдаңыз.

Телефон Телефон

5. Телефон (немесе контактілерді тасымалдағыңыз келетін орынды) таңдаңыз.

Тасымалдағыңыз келетін контактілерді таңдап Тасымалдағыңыз келетін контактілерді таңдап

6. Тасымалдағыңыз келетін контактілерді таңдап, Дайын басыңыз.

Google > Жылжыту Google > Жылжыту

7. Google таңдаңыз және Жылжыту басыңыз.

Жарайды Жарайды

8. Дайын, Жарайды басыңыз.

Ескерту:

Контактілерді аккаунтқа тек ішкі жадтан тасымалдауға болады. Егер контактілер SIM-картада сақталған болса, оларды құрылғы жадына көшіріп, одан кейін аккаунтқа тасымалдаңыз.

2 Контактілер қосымшасын ашыңыз. Телефон емес, Контактілер.
3 ⋮ (Опциялар)белгішесін басыңыз.
4 Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.
5 Контактілерді телефоннан тасымалдау тармағын таңдаңыз.

Ескерту:

 Егер мұндай тармақ жоқ болса, телефонның жадында бір де бір контакт жоқ деген сөз: олар аккаунттарда немесе SIM-картада сақталып тұр.

Контактілерді аккаунтқа тек ішкі жадтан тасымалдауға болады. Егер контактілер SIM-картада сақталған болса, оларды құрылғы жадына көшіріп, одан кейін аккаунтқа тасымалдаңыз.

6 Google таңдаңыз.
7 Тасымалдау басып, жүктеудің аяқталуын күтіңіз.

Контактілер Google аккаунтында сақталғанын қалай тексеруге болады

1 Компьютеріңізден мына сілтемені ашыңыз: https://contacts.google.com/.
2 Аккаунтыңыздың пайдаланушы атын енгізіп, Әрі қарай басыңыз.
3 Құпия сөзді енгізіп, Әрі қарай басыңыз.
4 Контактілер тізімі пайда болады. Сондай-ақ контактілерді бірден компьютерде жасауға және өңдеуге болады, барлық өзгерістер мобильді құрылғыда автоматты түрде пайда болады.

Барлық жаңа контактілерді Google аккаунтына сақтауды қалай баптауға болады

Төменде Android әртүрлі нұсқаларына арналған нұсқаулықтарды табасыз.

Контакт жасау Контакт жасау

1. Контактілерқосымшасын ашыңыз. "+" (Контакт жасау) басыңыз.

Жоғарғы жақта контактіні сақтау орны көрсетіледі Жоғарғы жақта контактіні сақтау орны көрсетіледі

2. Жоғарғы жақта контактіні сақтау орны көрсетіледі. Оны басыңыз.

Google аккаунтыңызды Google аккаунтыңызды

3. Google аккаунтыңызды таңдаңыз.

Деректерді толтырып Деректерді толтырып

4. Деректерді толтырып, Сақтау басыңыз.

Дайын. Енді барлық жаңа контактілер Google аккаунтында сақталады.

1 Контактілер қосымшасын ашыңыз. Телефон емес, Контактілер.
2 ☰ (Мәзір) белгішесін басыңыз.
3 Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.
4 Сақтау орны немесе Әдепкі жад тармағын таңдаңыз.
5 Аккаунтыңызды таңдаңыз.

Дайын. Енді барлық жаңа контактілер Google аккаунтында сақталады.

1 Контактілер қосымшасын ашыңыз. Телефон емес, Контактілер.
2 ⋮ (Опциялар) белгішесін басыңыз.
3 Контактілерді басқару тармағын таңдаңыз.
4 Әдепкі сақтау орны таңдаңыз.
5 Аккаунтыңызды таңдаңыз.

Дайын. Енді барлық жаңа контактілер Google аккаунтында сақталады.

Контактілерді жаңа Android смартфонына қалай тасымалдауға болады

Жай ғана жаңа смартфондағы аккаунтыңызға кіріңіз. Барлық контактілер автоматты түрде жүктеледі.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!