Samsung Galaxy (Watch, Buds, Fit) тағуға болатын құрылғыларда бағдарламаны қалай жаңартуға болады
Samsung Galaxy тағылатын құрылғыларына арналған жаңа бағдарламаны — Galaxy Wear сағаттарын, Galaxy Buds құлаққаптарын немесе Galaxy Fit білезігін тексеріп, оны Samsung Wearable (бұрынғы атауы — Samsung Gear) фирмалық қолданбасының көмегімен жаңартуға болады.
Бағдарламалық жасақтама (бағдарлама) "әуе арқылы" жаңартылады — Firmware over-the-air (FOTA).
Samsung Wearable қолданбасы арқылы бағдарламалық жасақтаманы қалай тексеруге және жаңартуға болады
Samsung Galaxy тағылатын құрылғыларының жаңа үлгілеріндегі бағдарламаны жаңарту үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Samsung Galaxy тағылатын құрылғыларының алғашқы үлгілеріндегі бағдарламаны жаңарту үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
- Galaxy Wearable қолданбасын ашыңыз.
- Егер смартфонға бірнеше құрылғы қосылған болса, үш жолақты нұқыңыз және бүйірлік мәзірден тізімнен қажетті құрылғыны таңдаңыз.
- Қажетті құрылғыға байланысты Сағаттың БЖ жаңартуды, Құлаққаптың БЖ жаңартуды немесе Білезіктің БЖ жаңартуды таңдаңыз.
- Жүктеу және орнату тармағын таңдаңыз. Егер жаңа нұсқа қолжетімді болса, жаңартуды жүктеу немесе орнату туралы ұсыныс пайда болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар