Samsung Galaxy-де қауіпсіз қалтаның сақтық көшірмесін қалай жасауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 19.12.2024

Телефон сынған немесе жоғалған жағдайда қауіпсіз қалтаның (Knox қалтасының) мазмұнын жоғалтпау үшін оның сақтық көшірмесін Smart Switch көмегімен – жад картасына немесе компьютерге сақтауға болады.

Бұлт қоймасында Knox қалтасының сақтық көшірмесін қалай жасауға болады

Егер сіз бұрын жасаған болсаңыз, бұлтты қоймадан сақтық көшірмені қалпына келтіруге болады. Бұлтқа жаңа көшірме жасау қазіргі уақытта қолдау көрсетілмейді.

Жаңа көшірмені сақтау үшін төмендегі басқа әдістерді қолданыңыз.

Knox қалтасының көшірмесін қалпына келтіру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1-қадам. Параметрлерді ашып, қауіпсіздік және құпиялылық (Биометрия және қауіпсіздік) бөліміне өтіңіз.

2-қадам. Knox қалтасы тармағын таңдаңыз (Қорғалған қалта).

3-қадам. Мұрағаттау/қалпына келтіру түймесін басыңыз.

4-қадам. Қалпына келтіру бөліміне өтіп, Қалпына келтіру түймесін басыңыз.

SD картасында немесе сыртқы дискіде Knox қалтасының сақтық көшірмесін қалай жасауға болады

Smart Switch көмегімен Knox қалтасының сақтық көшірмесін SD картасына немесе сыртқы дискіге (мысалы, USB флешкасы немесе сыртқы қатты диск) сақтауға болады.

Назар аударыңыз:

USB дискісін телефонға қосу үшін сізге OTG адаптері қажет болуы мүмкін. 

SD картасын немесе USB дискісін телефонға қосып, Smart Switch қолданбасын іске қосыңыз. Егер қолданба құрылғыда орнатылмаған болса, оны Galaxy Store дүкенінен жүктеп алыңыз. Содан кейін жоғарғы оң жақ бұрыштағы SD картасының белгішесін түртіңіз.

Келесі қадамдарды орындаңыз:

1-қадам. Сақтық көшірмені сақтағыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз.

2-қадам. Басқа элементті белгілеп, Келесі түймесін басыңыз.

3-қадам. Қолданбалар бөліміне өтіңіз.

4-қадам. Knox қалтасын таңдап, Дайын түймесін басыңыз.

5-қадам. Көшіргіңіз келетін деректерді белгілеңіз немесе барлығын таңдаңыз. Содан кейін Сақтық көшірме тармағын басыңыз.

6-қадам. Knox қалтасының көшірмесін растау үшін Келесі түймесін басыңыз.

Компьютерде Knox қалтасының сақтық көшірмесін қалай жасауға болады

Smart Switch бағдарламасын компьютерге жүктеп, орнатыңыз.

Компьютерде Smart Switch іске қосыңыз және оған USB кабелі арқылы смартфонды қосыңыз. Содан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1 Телефон экраны құлыптаулы болса, оның құлпын ашыңыз.
2 Компьютердегі қолданбада Сақтық көшірме тармағын таңдаңыз.
3 Қолданбалар бөлімінде Knox қалтасына құсбелгіні қойыңыз, содан кейін Сақтық көшірме түймесін басыңыз.
4 Смартфондағы Knox қалтасынан құпиясөзді енгізіңіз.
5 Сақтық көшірмеге кіру үшін қажет құпиясөзді орнатыңыз және OK түймесін басыңыз.

Деректерді тасымалдау аяқталғанға дейін кабельді ажыратпаңыз.

Дайын. Сақтық көшірме компьютерде сақталады.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!