Samsung Galaxy-де қолданба белгішелерінің өлшемін қалай өзгертуге болады
Өкінішке орай, смартфондағы қолданба белгішелерінің өлшемін өзгертудің жеке параметрі жоқ. Дегенмен, кейбір өзгерістерді жасауға болады.
Ескерту:
Үшінші тарап лончерін (қабығын) пайдаланған кезде белгішелердің өлшемін өзгертуге болады. Стандартты One UI қабығында (және басқа ерте нұсқаларында) мұндай параметр жоқ.
Егер сіз Samsung Galaxy-де қолданба белгішелерінің өлшемін өзгерткіңіз келсе, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Қарапайым режим арқылы қолданба белгішелерінің өлшемін қалай үлкейтуге болады
Қарапайым режим қосылған кезде қолданба белгішелері үлкейеді.
Қарапайым режим негізгі экранның жеңілдетілген орналасуын және үлкейтілген элементтерді пайдаланады. Бұрын жасалған кез келген негізгі экран өзгерістері жойылады және қолданба белгішелері максимумға дейін ұлғайтылады.
Ескерту:
Қарапайым режимге барлық құрылғыларда қолдау көрсетілмейді. Мысалы, A01 Core (Android GO) жүйесінде қолдау көрсетілмейді. Толығырақ смартфонның нақты үлгісіне арналған пайдаланушы нұсқаулығынан көруге болады.
Қарапайым режимді қалай қосуға болады?
Экран торын пайдаланып қолданба белгішелерінің өлшемін қалай өзгертуге болады
Экран торының арқасында белгішелердің өлшемі оның параметріне байланысты өзгереді. Егер сіз тордың минималды өлшемін таңдасаңыз (көлденеңінен 4 қолданба таңбашасы және тігінен 5 таңбашасы), онда белгішелер өлшемі бойынша сәл үлкенірек болады. Егер сіз тығыз торды таңдасаңыз (көлденеңінен 5 қолданба таңбашасы және тігінен 5 таңбаша), онда белгішелер сәл кішірек болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар