SmartThings қолданбасы арқылы Samsung Galaxy-ді Samsung теледидарына қалай қосуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 20.08.2024

Smart TV теледидарын планшеттен немесе смартфоннан басқаруға болады. Ол үшін SmartThings көмегімен мобильді құрылғыны теледидарға қосыңыз.

Телефонды теледидарға қосу үшін не қажет

  • SmartThings қолданбасын қолдайтын телефон
    (үйлесімділікті тексеру үшін телефонның нұсқаулығын қараңыз немесе Galaxy Store арқылы SmartThings қолданбасын жүктеп көріңіз, жүктелсе - бәрі дұрыс);
  • Smart TV теледидары;
  • SmartThings қолданбасы (дәл осы бағдарлама қажет, SmartThings Classic-пен шатастырмаңыз);
  • Samsung Account есептік жазбасы;
  • Wi-Fi Direct.

Телефонды теледидарға қалай қосуға болады

1 Телефон мен теледидарды бірдей Wi-Fi желісіне қосыңыз.

Теледидарда Wi-Fi қосу үшін:
1) теледидарда Параметрлерге өтіңіз;
2) Тарату тармағына өтіңіз;
3) Желi таңдаңыз;
4) Желі параметрлерін ашу тармағын басыңыз;
5) Сымсыз қосылымды таңдаңыз;
6) қосылатын Wi-Fi таңдаңыз.

Теледидарды интернетке қосу туралы толығырақ мына мына жерденоқыңыз.

2 Телефондағы SmartThings қолданбасын ашыңыз.
SmartThings қосымшасы
3 Телефон экранында жаңа құрылғыны қосу туралы хабарлама пайда болады. Қосу пәрменін таңдап, 5-қадамға өтіңіз.
SmartThings қосымшасы
4 Егер хабарлама пайда болмаса, + түймесін басыңыз.
SmartThings қосымшасы
5 Құрылғыны қосу опциясын таңдаңыз.
SmartThings қосымшасы
6 Жаңа терезеде TV санатын таңдаңыз немесе Жақын сканерлеу түймесін басыңыз, сонда телефон теледидарды өзі табады.
SmartThings қосымшасы
7 Қолжетімді құрылғылардың тізімі ашылады. Онда қосылатын теледидарды таңдаңыз.
SmartThings қосымшасы
8 Смартфонды теледидарға жақындатыңыз.
SmartThings қосымшасы
9 Теледидар экранында PIN коды көрсетіледі.
SmartThings қосымшасы
10 Телефонға осы PIN кодын енгізіп, Дайын түймесін басыңыз.
SmartThings қосымшасы
11 Теледидар үшін орынды мен бөлмесін таңдап, Дайын түймесін басыңыз.
SmartThings қосымшасы
12 Samsung Account-та теледидардың тіркелуін күтіңіз.
13 Егер теледидар мен телефон әртүрлі Samsung есептік жазбаларын пайдаланса, есептік жазбаны өзгерту сұралады. Теледидарда смартфонда қолданылатын есептік жазбаға кіру орындалады.
14 Теледидар SmartThings қолданбасындағы қосылған құрылғылар тізімінде көрсетіледі.
SmartThings қосымшасы
15 Теледидарда қосылған мобильді құрылғыға рұқсат етілгенін тексеріңіз:
  • теледидарда Параметрлерге өтіңіз;
  • Жалпы бөліміне өтіңіз;
  • Сыртқы құрылғылар менеджері тармағын басыңыз;
  • Қосылған Кұрылғы менеджері тармағын таңдаңыз;
  • Құрылғылар тізімін ашыңыз..
    Теледидарға қосылған мобильді құрылғыға қарама-қарсы Рұқсат ету деп белгіленуі керек.
  •  

    Енді теледидарды телефоннан немесе планшеттен басқаруға болады. Қолжетімді мүмкіндіктер теледидар үлгісіне және телефонның операциялық жүйесіне байланысты өзгереді.

SmartThings қолданбасы

Мобильді құрылғы мен теледидар арасында деректерді тасымалдау үшін Wi-Fi Direct, DLNA немесе Bluetooth пайдаланыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!