Samsung аккаунтынан құпия сөзді немесе электрондық пошта адресін ұмытсаңыз, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 17.12.2024

Бұл мақалада Samsung аккаунтынан құпия сөзді немесе электрондық пошта адресін account.samsung.com сайты арқылы қалай қалпына келтіру керектігін білесіз.

Samsung account құпия сөзін ұмытсаңыз, не істеу керек

Samsung аккаунтынан құпия сөзді қалпына келтіру үшін төмендегі нұсқаулықты орындаңыз:

account.samsung.com сайтында «Кіру» басыңыз. account.samsung.com сайтында «Кіру» басыңыз.

1-қадам. Браузерде account.samsung.com сайтын ашып, «Кіру» басыңыз..

Электрондық пошта адресін енгізіңіз Электрондық пошта адресін енгізіңіз

2-қадам. Samsung аккаунтына байланыстырылған электрондық пошта адресін енгізіп, «Әрі қарайә басыңыз».

«Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» басыңыз. «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» басыңыз.

3-қадам. «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» басыңыз

Электрондық пошта адресін енгізіп, «Құпия сөзді арылту» басыңыз. Электрондық пошта адресін енгізіп, «Құпия сөзді арылту» басыңыз.

4-қадам. Электрондық пошта адресін қайтадан енгізіп, Құпия сөзді арылту басыңыз.

Телефон нөміріңізді енгізіп, «Жалғастыру» басыңыз. Телефон нөміріңізді енгізіп, «Жалғастыру» басыңыз.

5-қадам. Samsung аккаунтын тіркеген кезде көрсеткен телефон нөмірін енгізіңіз. Содан кейін «Жалғастыру» басыңыз.

Нажмите «Продолжить» Нажмите «Продолжить»

6-қадам. Көрсетілген адреске құпия сөзді арылтуға сілтемесі бар хат жіберіледі. Кіріс хаттарға өтіңіз немесе өз пошта жәшігіңізді ашыңыз. Пошта аккаунтына кіріп, Samsung компаниясының хатын ашыңыз да, хаттағы сілтеме бойынша өтіңіз.

Ескертпе:

Электрондық поштада хат болмаса, қажетсіз пошта (спам) папкасын тексеріңіз немесе хатты қайта жіберу батырмасын басыңыз.

  1. Жаңа құпия сөзді енгізіп, оны растаңыз. Содан кейін «Әрі қарай» басыңыз.
  2. Екі нұсқаның бірін таңдаңыз: ол қосылған барлық құрылғылардағы Samsung аккаунтынан шығу немесе шықпау.

Ескертпе:

Құпия сөзде міндетті түрде латын бас әрпі, кіші әрпі және сандар болуы керек. Ең аз құпия сөз ұзындығы: 8 таңба. Қайталанатын немесе қатарынан 3 таңбадан артық пайдалануға болмайды. (~!@#$%^&*-_+=|";[]{}()<>,./?\.) арнайы таңбаларын пайдалануға болады. Кейбір ескі құрылғылар 15 таңбадан асатын құпия сөздерді қолдамайды, ұзындығын 8-15 таңбаға дейін шектеуді ұсынамыз.

Samsung account электрондық пошта адресін ұмытсаңыз, не істеу керек

Samsung аккаунтынан электрондық пошта адресін қалпына келтіру немесе еске салу үшін төмендегі нұсқаулықты пайдаланыңыз:

account.samsung.com сайтында «Кіру» басыңыз. account.samsung.com сайтында «Кіру» басыңыз.

1-қадам. Браузерде account.samsung.com сайтын ашып, «Кіру» басыңыз.

«Сәйкестендіргішті табу» басыңыз «Сәйкестендіргішті табу» басыңыз

2-қадам. «Сәйкестендіргішті табу» басыңыз.

Содан кейін аккаунт байланыстырылған телефон нөмірін есте сақтадыңыз ба, жоқ па екеніне байланысты мына қадамдарды орындаңыз:

• Аккаунт байланыстырылған телефон нөмірі есіңізде болса:

«Жалғастыру» басыңыз «Жалғастыру» басыңыз

3-қадам. Samsung аккаунты байланыстырылған телефон нөмірін енгізіңіз. «Әрі қарай» басыңыз.

Басқа құрылғылардағы аккаунттан шығу немесе шықпау таңдаңыз Басқа құрылғылардағы аккаунттан шығу немесе шықпау таңдаңыз

4-қадам. «Код жіберу» басыңыз – көрсетілген нөмірге растау коды бар хабарлама жіберіледі. Оны енгізіп, «Тексеру» басыңыз.

Егер растау коды ұзақ уақыт келмесе:

  • WhatsApp, VK немесе басқа сервистердегі  кіріс хабарламаларды тексеріңіз. Есептік жазба телефон нөміріңізге байланыстырылған болса, кейде растау коды сол жерге жіберіледі. Хабарлама мәтінінен сізге тек сандар қажет болады. Оларды бос орынсыз, сызықша немесе басқа арнайы таңбаларсыз енгізіңіз.
  • Кодтың жарамдылық мерзімін ұлғайту үшін «Уақыт қосу» басыңыз немесе кодты қайта сұраңыз. Коды бар хабарлама бірден келмеуі немесе 1-2 сағат ішінде келуі мүмкін. Кодты алу жылдамдығы ұялы байланыс операторының немесе мобильді интернеттің жұмысына байланысты.
Аккаунтты таңдап, «Кіру» басыңыз. Аккаунтты таңдап, «Кіру» басыңыз.

5-қадам. Сізге осы телефон нөмірімен байланыстырылған, табылған аккаунттардың тізімі көрсетіледі. Қажетті аккаунтты таңдаңыз.
• Құпия сөз есіңізде болса, «Кіру» басыңыз.
• Құпия сөз есіңізде болмаса, «Что делать, если забыл пароль от Samsung account» «Samsung account құпия сөзін ұмытсаңыз, не істеу керек» нұсқаулығын үшінші қадамнан бастап орындаңыз.

Құпия сөзді енгізу және аккаунтқа кіру үшін «Әрі қарай» басыңыз Құпия сөзді енгізу және аккаунтқа кіру үшін «Әрі қарай» басыңыз

6-қадам. «Кіру» басқан болсаңыз, аккаунтқа кіру үшін бастапқы экранға ораласыз. Қажетті адрес «Электрондық пошта» өрісінде көрсетілген болады. Құпия сөзді енгізу және аккаунтқа кіру үшін «Әрі қарай» басыңыз.

• Аккаунт байланыстырылған телефон нөмірі есіңізде болмаса:

«Есептік жазба сәйкестендіргішін табу мүмкін емес» ашыңыз «Есептік жазба сәйкестендіргішін табу мүмкін емес» ашыңыз

3-қадам. «Есептік жазба сәйкестендіргішін табу мүмкін емес» басыңыз.

Атыңызды, тегіңізді және туған күніңізді толтырыңыз Атыңызды, тегіңізді және туған күніңізді толтырыңыз

4-қадам. Аккаунтта көрсетілген атын, тегін және туған күнін толтырыңыз. Содан кейін «Жалғастыру» басыңыз.

5-қадам. Сізге осындай жеке ақпарат кездесетін табылған аккаунттардың тізімі көрсетіледі. Адрес толық көрсетілмейді, бірақ сіз қай пошта жәшігін тіркегеніңізді еске түсіре аласыз. «Кіру» басыңыз, сонда сіз бастапқы экранға ораласыз және аккаунтқа кіре аласыз. Құпия сөз есіңізде болмаса, «Samsung account құпия сөзін ұмытсаңыз, не істеу керек» нұсқаулығындағы қадамдарды орындаңыз.

6-қадам. Жүйеде лайық деректері бар аккаунттар табылмаса, тиісті хабарлама пайда болады. «Әрекетті қайталау» батырмасын басып, дербес деректерді мұқият толтырыңыз. Еске түсіріп көріңіз, мүмкін сіз тіркелу кезінде басқа ақпарат көрсеткен боларсыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!