Galaxy смартфонын пайдалану кезінде экран сөніп қалса не істеу керека

Соңғы жаңартулардың күні : 23.12.2024

Егер смартфонның экраны тым тез өшіп қалса немесе керісінше тым баяу өшсе, экранның автоматты түрде өшу уақытының — тайм-аут мәнін тексеріңіз.

Егер сізге экранға қарап тұрғанда сөніп қалмауы керек болса, - Қарау кезінде өшірмеу функциясын іске қосыңыз.

Егер сіз оны қолданған кезде смартфонның экраны еріксіз сөніп қалса, құрылғының жұмысын тексеріңіз.

Смартфон экранының жұмыс уақытын өзгерту және оның жұмысын тексеру туралы төмендегі нұсқаулықтан оқыңыз.

Galaxy смартфонын пайдалану кезінде экран сөніп қалса не істеу керек
Төменде келтірілген нұсқауларды орындамас бұрын, телефондағы бағдарламалық жасақтама мен жүйелік қосымшалардың өзекті нұсқасына жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Экранның тайм-аут уақытын қалай орнатуға болады

Экранның тайм-аут уақыты (күту уақыты) — бұл батареяны үнемдеу үшін белгілі бір уақыттан кейін экранды автоматты түрде өшіретін мүмкіндік.

Әдепкі параметр 15 секундтық мән болып табылады. Егер бұл мән сізге сәйкес келмесе және экран тым тез сөніп қалса, экранның күту уақытын ұзағырақ етіп өзгертуге болады.

Дисплей бөліміне өтіңіз Дисплей бөліміне өтіңіз

1-қадам. Параметрлерді ашып, Дисплей бөліміне өтіңіз.

Экранның тайм-аут уақытын басыңыз Экранның тайм-аут уақытын басыңыз

2-қадам. Экранның тайм-аут уақыты тармағын басыңыз.

Экранның қажетті күту уақытын орнатыңыз Экранның қажетті күту уақытын орнатыңыз

3-қадам. Экранның қажетті күту уақытын орнатыңыз.

Ескерту:

  • Экран қаншалықты ұзақ жанса, телефонның батареясы соншалықты тез таусылады.
  • Экранның күту уақытын 15 секундтан 30 минутқа дейін (телефон үлгісіне байланысты) орнатуға болады. Экранды үнемі қосулы етіп жасау мүмкін емес.

Экранға қарап тұрған кезде ол өшпейтіндей етіп қалай жасауға болады

Сіз телефонды ұстамаған кезде, батарея қуатын үнемдеу үшін экран автоматты түрде өшеді. Бірақ экранды түртпеу әрқашан телефонның пайдаланылмайтынын білдірмейді.

Samsung Galaxy смартфондары алдыңғы камера арқылы бетіңізді танитын және оған Қарап тұрған кезде экранның өшуіне жол бермейтін қарау кезінде өшірмеу мүмкіндігімен жабдықталған.

Қосымша параметрлер бөліміне өтіңіз Қосымша параметрлер бөліміне өтіңіз

1-қадам. Параметрлерді ашып, Қосымша параметрлер бөліміне өтіңіз.>.

Қозғалыстар мен қимылдар тармағын басыңыз Қозғалыстар мен қимылдар тармағын басыңыз

2-қадам. Қозғалыстар мен қимылдар тармағын басыңыз.

Қарау кезінде өшірмеу функциясын іске қосу үшін жүгірткіні басыңыз Қарау кезінде өшірмеу функциясын іске қосу үшін жүгірткіні басыңыз

3-қадам. Қарау кезінде өшірмеу функциясын іске қосу үшін жүгірткіні басыңыз.

Ескерту:

Скриншоты устройства и пункты меню могут отличаться в зависимости от модели устройства и версии программного обеспечения.

Пайдалану кезінде смартфон экраны сөніп қалатын болса не істеу керек

Егер сіз оны қолданған кезде (дисплейді түртсеңіз) құрылғының экраны сөніп қалса, оның жұмысын тексеру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1 Телефонның тысқабын шешіңіз.

Егер телефонға кітапша тысқабы тағылған болса, ол қақпақ смартфонның артқы бетіне тиген кезде экранның құлыпталуын тудыруы мүмкін. Мұндай жұмыс құрылғының ішкі құрылымымен байланысты.

Телефонның тысқабын шешіп тастап, оның жұмысын бақылап көріңіз.

Егер тасқапсыз телефон еріксіз сөніп қалса, келесі ұсынысқа өтіңіз.

2 Қимылдарды басқаруды өшіріңіз.

Егер телефонда қимылдарды басқару қосулы болса, экран екі рет түртілгенде ол сөнетін болады.

Мақаладағы ұсыныстарды орындау арқылы мүмкіндіктің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.

3 Смартфонның жұмысын қауіпсіз режимде тексеріңіз.

Жүктелген қолданбалардың бірі телефонның жұмысына әсер етуі мүмкін. Мұны тексеру үшін смартфонды қауіпсіз режимде жүктеңіз. Бұл режимде барлық жүктелген қолданбалар өшіріледі және құрылғының жұмысына әсер етпейді. Оның жұмысын бақылаңыз және экран әрі қарай да еріксіз сөніп тұрғанын тексеріңіз.

Егер телефон қауіпсіз режимде жақсы жұмыс істесе, бұл мәселе жүктелген қолданбалардың кейбірінде екенін білдіреді. Жүктелген қолданбаларды бір-бірлеп жойып, құрылғының жұмысын тексеріңіз. Соңғы орнатқандардан бастаған дұрыс..

  • Егер мәселе қауіпсіз режимде сақталса, келесі ұсынысқа өтіңіз.
4 Смартфон параметрлерін қалпына келтіріңіз.

Смартфонды немесе планшетті толығымен қалпына келтіру оны зауыттық күйіне қайтарады және бағдарламалық жасақтаманың бұзылуын болдырмайды.

Параметрлерді қалпына келтіру құрылғыдағы барлық деректерді жояды.
Қалпына келтірмес бұрын барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды ұсынамыз..

Егер жоғарыдағы ұсыныстар мәселені шешуге көмектеспесе, смартфонды диагностикалау үшін жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!