Android қосымшаларын кім жасайды және қайдан жүктеуге болады
Қосымшаларды кім жасайды
ҚҚосымшаларды бағдарламашылардың арнайы класы –әзірлеушілер жасайды. Кейбіреулер компаниялар үшін, басқалары – өздері үшін жұмыс істейді. Бір бөлігі – коммерциялық әзірлеушілер, қосымшаларды сатады немесе оларға жарнама қосады. Тағы бір бөлігі –энтузиасттар, қосымшаларды тегін таратады.
Бұл әзірлеуші Федор және ол энтузиаст
Қосымшаларды қайдан жүктеуге болады
Барлық дерлік әзірлеушілер өз қосымшаларын Плей Маркетке – Android смартфонында немесе планшетінде орнатылған арнайы каталогқа (дүкенге) қосады. Плей Маркет Гугл компаниясына тиесілі, ол қосымшалардың қауіпсіздігін тексереді және санаттар бойынша сұрыптайды.
Плей Маркет белгішесі түрлі-түсті үшбұрышқа ұқсайды. Мәзірден іздеңіз, ол әдетте Google қалтасында болады
Бұл каталогты көру және қосымшаларды құрылғыға орнату үшін интернетке қосылып, Гугл есептік жазбасына тіркеліңіз (бұл тегін).
Қосымша бағаларын әзірлеушілер белгілейді. Кейбіреулер оларды тегін таратады.
Қосымшалар Play Market дүкенінен жүктеледі.
Тақырып бойынша:
Қосымшаларды жүктеу үшін сізге Гугл есептік жазбасы қажет.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар