Samsung теледидарындағы Smart Hub қосымшасы жұмыс істемейді
Егер Samsung теледидарында бір қосымша ашылмаса немесе қара экран көрсетілсе, төмендегі ұсынымдарды орындап көріңіз. Басқа қосымшалар бұл ретте дұрыс жұмыс істеуі тиіс.
Теледидарды қайта жүктеңіз
Қайта жүктеу үшін теледидарды розеткадан 2 минутқа ағытыңыз. Содан кейін оны қосып, қосымшаны іске қосып көріңіз.
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Жұмыс істемейтін қосымшаны қайта орнатыңыз
Ескертпе:
- Қосымшаны тек OS Tizen-дегі J, K, M, N, Q, LS (2015 – 2018 жылдары шығарылған) теледидарларында қайта орнатуға болады. Егер сізде басқа теледидар болса, келесі ұсынымға өтіңіз.
Тақырып бойынша:
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Теледидарды басқа Wi-Fi рұқсат нүктесіне қосыңыз
Қосымша жүгінетін кейбір IP мекенжайларды провайдер бұғаттағандықтан, қосымша жұмыс істемеуі мүмкін.
Мұны тексеру үшін теледидарды басқа рұқсат нүктесіне қосыңыз. Мұны істеудің ең оңай жолы – смартфонды Wi-Fi рұқсат нүктесіне айналдырып, оған қосылу.
Қосымшаның жұмысын тексеріңіз.
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, мәселе Интернет провайдерінде.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
DNS серверінің адресін өзгертіңіз
Провайдерден басқа, мәселе DNS серверінде болуы мүмкін. Мұны тексеру үшін теледидардағы DNS серверінің адресін өзгертіңіз.
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Smart Hub баптауларын арылтуды орындаңыз
Smart Hub баптауларын арылту барлық жүктелген қосымшаларды жояды және зауыттық қосымшаларды қайта орнатады. Арылту кезінде барлық деректер мен қосымша баптаулары, олармен бірге қателер жойылады.
Ескертпе:
Smart Hub арылтудан бұрын теледидарыңыздың Ресей үшін сертификатталғанына көз жеткізіңіз. Теледидардың зауыттық жапсырмасына қараңыз; сертификатталған техниканың үлгі коды XRU үлгі кодымен және EAC белгішесімен аяқталуы керек.
Үлгі Ресейге арналмаған болса, Smart Hub арылтудан кейін бұғатталуы мүмкін.
Ескертпе:
Қосымшаларды іске қоспас бұрын барлық алдын ала орнатылған қосымшалардың жүктелгеніне көз жеткізіңіз. Олардың белгішелері қара түспен жарық түсірмеуі керек.
Қосымшаны жүктеу жылдамдығы Интернет қосылымының жылдамдығына байланысты.
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Теледидар баптауларын арылтуды орындаңыз
Арылту теледидарды зауыттық күйіне қайтарады және барлық қателерді жояды.
Ескертпе:
Арылтудан бұрын теледидарыңыздың Қазақстан үшін сертификатталғанына көз жеткізіңіз. Теледидардың зауыттық жапсырмасына қараңыз; сертификатталған техниканың үлгі коды XKZ үлгі кодымен және EAC белгішесімен аяқталуы керек.
Үлгі Қазақстан арналмаған болса, Smart Hub арылтудан кейін бұғатталуы мүмкін.
Арылтудан кейін қосымшаны іске қосып көріңіз.
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Теледидардың жасақтамасын жаңартыңыз
Теледидарға арналған жаңа жасақтама болса, оны орнатыңыз. Жаңа жасақтама болмаса, келесі ұсынымға өтіңіз.
Жасақтаманы жаңартқаннан кейін қосымшаны іске қосып көріңіз.
Қосымша жұмыс істесе, теледидарда бәрі жақсы, оны пайдалануды жалғастырыңыз.
Қосымша жұмыс істемесе, келесі ұсынымға өтіңіз.
Қосымша әзірлеушісіне хабарласыңыз
Жоғарыдағы ұсынымдар көмектеспесе және қосымша әлі де жұмыс істемесе, оның әзірлеушісіне хабарласыңыз.
Әдетте контактілер Samsung Apps-та қосымшаның толық сипаттамасында көрсетіледі, мысалы, Yandex үшін - youtubetv [email protected]. Қосымшаның толық сипаттамасын ашу үшін, оны Samsung Apps дүкенінен тауып, экранда үш нүкте түріндегі батырманы таңдаңыз.
Ашылған терезеде әзірлеушінің контактілерін табуға тырысыңыз: әдетте бұл сайт немесе email.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар