Samsung теледидарында спутниктік арналарды қалай табуға және орнатуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 24.07.2024

Спутниктік антеннаны Samsung теледидарына қалай қосуға болады

Алдымен спутниктік антеннаны теледидарға қосыңыз. Спутниктік антенна екі тәсілмен қосылады:

Теледидарда Satellite ағытпасы болса, антенна теледидарға тікелей қосылады. Теледидар антеннадан сигналды дербес қабылдап, бейнені экранда шығарады.

Satellite ағытпасы

Теледидарда Satellite ағытпасы болмаса, антенна спутниктік ресивер – антеннадан сигнал қабылдап, бейнені теледидарда көрсететін құрылғы арқылы қосылады.

Ресивер

Сырттай ресивер кәдімгі бейнемагнитофонға ұқсайды. Антеннаны қосқаннан кейін арналарды табыңыз. Арналарды іздеу тәсілдері теледидарға және антеннаны қосу тәсіліне байланысты.

Антенна Satellite ағытпасына қосылған болса, арналарды қалай табуға болады

2019-2015 жылғы Samsung теледидарларында (T, R, N, M, Q, LS, K, J сериялары) жұмыс істейді.

Ең оңай тәсіл. Теледидар арналардың бекітілген тізімін алады, ретін баптау немесе қажетсіздерін жою мүмкін болмайды.

  1. Спутниктік антеннаны Satellite ағытпасына қосқаннан кейін теледидарды қосып, мәзірге кіріңіз.
  2. «Трансляция» бөліміне кіріп, «Автоматты түрде баптау» тармағын таңдаңыз.
  3. «Іске қосу» басыңыз.
  4. «Антенна» тармағында тізімнен оператордың атын таңдаңыз.
  5. Арналарды іздеу үшін «Сканерлеу» басыңыз.
  6. Арналарды іздеу аяқталғанша күтіңіз.
  7. Дайын. «Жабу» батырмасын басып, мәзірден шығыңыз.

2019-2012 жылғы Samsung теледидарларында (T, R, N, M, Q, LS, K, J, H, F, E, D сериялары) жұмыс істейді.

Теледидар барлық қолжетімді арналарды табуы үшін көп уақыт қажет. Ретін баптау немесе қажетсіздерін жою мүмкін емес болады.

 

  1. Спутниктік антеннаны Satellite ағытпасына қосқаннан кейін теледидарды қосып, мәзірге кіріңіз.
  2. «Трансляция» бөліміне кіріп, «Автоматты түрде баптау» тармағын таңдаңыз.
  3. «Іске қосу» басыңыз.
  4. «Антенна» тармағында «Спутниктік антенна» тармағын таңдаңыз.
  5. Баптау үшін қажетті параметрлерді орнатыңыз:
    — Тапқыңыз келетін арналардың түрін таңдаңыз: радиоарналар, теледидар арналары немесе барлығы;
    — Тізімнен қажетті спутникті таңдаңыз. Спутниктің атын спутниктік оператордан анықтаңыз; Қажетті спутник тізімде болмаса, арналарды қолмен іздеңіз.
    «LNB баптаулары» тармағына барлық деректерді енгізіңіз. Мәндерді спутниктік оператордан анықтаңыз;
  6. Деректерді енгізгеннен кейін сигнал сапасын тексеріңіз.
  7. Сигнал сапасы 100 мен 80 арасында болса, «Жабу» басыңыз.
  8. Сигнал сапасы 80 төмен болса, Тон - 22Кгц өшіріп көріңіз. Бұл көмектеспесе, антеннаның орнатылуын және қосылымын тексеріңіз. Сигналдың төмен сапасы антеннадан нашар сигнал келіп жатқанын көрсетеді. Теледидар арналарды таба алмайды немесе оларды кедергімен көрсетеді.
  9. Арналарды іздеу үшін «Сканерлеу» басыңыз.
  10. Арналарды іздеу аяқталғанша күтіңіз.
  11. Дайын. «Жабу» батырмасын басып, мәзірден шығыңыз.

 

Теледидар кейбір арналарды таппаса, арналарды қолмен іздеп көріңіз.

2020-2012 жылғы Samsung теледидарларында (T, R, N, M, Q, LS, K, J, H, F, E, D сериялары) жұмыс істейді.

Бұл көп уақытты алады, әрбір транспондердің параметрлерін білу керек. Тек қажетті арналарды табуға және олардың ретін баптауға мүмкіндік береді.

 

  1. Спутниктік антеннаны Satellite ағытпасына қосқаннан кейін теледидарды қосып, мәзірге кіріңіз.
  2. «Трансляция» бөліміне кіріп, «Қосымша баптаулар» тармағын таңдаңыз. Егер бұл тармақ жоқ болса, «Арна баптаулары» тармағын таңдаңыз.
  3. «Спутниктік жүйе» тармағын таңдаңыз. Бұл тармаққа кіру үшін PIN-кодты енгізіңіз. Әдепкі мәні 0000.
  4. «Спутникті таңдау» ашыңыз, User Sat (кез келген) таңдаңыз. Басқа ✓ бар болса, оларды алып тастаңыз. «Сақтау» басыңыз.
  5. Өшірілген болса, «LNB қуат көзі» тармағын қосыңыз.
  6. «LNB баптаулары» тармағын таңдаңыз.
  7. Баптау деректерін енгізіңіз:
    — Транспондер баптауларын қойыңыз;
    — DiSeqC режимі пайдаланылмаса, ол өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
    — Жоғарғы LNB және Төменгі LNB орнатыңыз;
    — LNB түріне байланысты Тон - 22 КГц орнатыңыз. Әмбебап LNB үшін Авто таңдаңыз.
  8. Барлық деректерді спутниктік оператордан анықтаңыз.
  9. Деректерді енгізгеннен кейін сигнал сапасын тексеріңіз.
  10. Сигнал сапасы 100 мен 80 арасында болса, «Жабу» батырмасын басыңыз. Сигнал сапасы 80 төмен болса, Тон - 22Кгц өшіріп көріңіз. Бұл көмектеспесе, антеннаның орнатылуын және қосылымын тексеріңіз. Сигналдың төмен сапасы антеннадан нашар сигнал келіп жатқанын көрсетеді. Теледидар арналарды таба алмайды немесе оларды кедергімен көрсетеді.
  11. «Қосымша баптаулар» тармағына оралыңыз («Артқа» батырмасын пайдаланып) және «Баптаулар» тармағын қолмен таңдаңыз. «Қосымша баптаулар» тармағы жоқ болса, «Арна баптаулары» тармағын таңдаңыз.
  12. Транспондер → Жасау таңдаңыз.
  13. Баптау деректерін енгізіп, «Сақтау» басыңыз. Деректерді спутниктік оператордан анықтаңыз.
  14. Арналарды бір транспондерде табу қажет болса, «Желіні іздеу» тармағында «Өшіру» таңдаңыз. Барлық арналарды табу қажет болса – «Қосу» таңдаңыз.
  15. «Іздеу» батырмасын басыңыз. Арналарды іздеу аяқталғанша күтіңіз.
  16. Дайын. OK батырмасын басып, мәзірден шығыңыз.

Антенна спутниктік ресиверге қосылған болса, арналарды қалай табуға болады

Арналарды іздемес бұрын теледидарды спутниктік ресиверге қосыңыз (HDMI, қызғалдақтар немесе басқа кабель арқылы).

Содан кейін ресиверді баптаңыз. Мұны қалай істеу керек, пайдалану нұсқаулығынан қараңыз немесе спутниктік операторға хабарласыңыз.

Кодталған арналарды көру мүмкін емес. Не істеу керек?

Кодталған арналарды көру үшін CAM модулін теледидарға қосыңыз. CAM модулін спутниктік оператордан немесе электроника дүкендерінде сатып алыңыз.

Эфирлік (кәдімгі антенна арқылы) немесе кабельдік телевизияны қалай баптауға болады

Спутниктік телевизияны баптау эфирлік немесе кабельдік телевизияны баптаудан ерекшеленеді.

Төмендегі бөлек мақаланы пайдаланыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!