Samsung теледидарында бейне жылтылдап тұрса, не істеу керек
Не болып жатыр
Samsung теледидарының экраны жылтылдайды немесе жыпылықтайды.
Бұл неге болып жатыр
- Теледидарға лайық емес модуль немесе One connect кабелі қосылған
- Теледидар жұмысында іркіліс орын алды
- Сигнал көзі және оның қосылымы проблемалары
- Теледидардың бағдарламалық жасақтамасы ескірген
- Баптауларда арнайы көмескі жарық функциясы қосылған (ақау емес)
Не істеу керек
Кейде қарапайым қайта жүктеу мәселені шеше алады – одан кейін іркілістер жойылады. Алдымен теледидарды түймемен өшіріңіз, содан кейін оны розеткадан ағытыңыз, бір минут күтіп, қайта қосыңыз.
Әрбір теледидар үлгісінде One Connect блогының тиісті үлгісі бар. Сондықтан, теледидар үлгісі кодының One Connect блогының зауыттық тақтайшасындағы үлгі кодына сәйкес келетінін тексеріңіз.
Samsung теледидарларында қозғалыстың арнайы көмескі жарығы және LED жарығы болады. Кейде көмескі жарық жылтылдау ретінде қабылданады. Егер ол қосулы болса, оны өшіріп көріңіз.
Қозғалыстың көмескі жарығын өшіру жолын білу үшін осы жерді басыңыз
1-қадам. «Баптаулар» ашыңыз.
2-қадам. «Жалпы» таңдаңыз (егер мұндай тармақ жоқ болса, «Жүйе» таңдаңыз).
3-қадам. «Энергияны үнемдеу» тармағына өтіңіз (тармақ «Үнемді режим» деп аталуы мүмкін).
4-қадам. Өшіру үшін «Қозғалыстың көмескі жарығы» басыңызз. Тармаққа қарама-қарсы шеңбер бос болуы керек.
Smart LED көмескі жарығын өшіру жолын білу үшін осы жерді басыңыз
- JS сериялы теледидарларда:
Мәзір > Бейне > Бейне параметрлері ашыңыз. Smart LED таңдап, оны өшіріңіз.
- KS сериялы теледидарларда:
Баптаулар > Бейне > Қосымша баптаулар ашыңыз. Smart LED таңдап, оны өшіріңіз.
- M сериялы және одан кейінгі теледидарларда:
1-қадам. «Баптаулар» ашыңыз.
2-қадам. «Бейне» таңдаңыз.
3-қадам. «Қосымша баптаулар» тармағына өтіңіз.
4-қадам. «Бейне анықтығы баптаулары» басыңыз. Кейбір теледидар үлгілерінде қажетті тармақ Auto Motion Plus баптаулары немесе Motion Plus баптаулары деп аталады.
5-қадам. «LED анық бейнесі» таңдаңыз.
6-қадам. «Өшіру» таңдаңыз.
Бейне өңдеу баптаулары серпінді. Егер олар қосылса, бейне таратылатын мазмұнға байланысты өңделеді. Кейде бұл жылтылдауды тудыруы мүмкін.
Барлық бейне өңдеу баптауларын өшіру жолын білу үшін осы жерді басыңыз
1-қадам. «Баптаулар» ашыңыз.
2-қадам. «Бейне» таңдаңыз.
3-қадам. «Қосымша баптаулар» тармағына өтіңіз.
4-қадам. Барлық бейне өңдеу баптауларын өшіріңіз. Үлгіге байланысты келесі бейне өңдеу баптаулары болуы мүмкін:
- Бейне анықтығын баптау: «Бейне анықтығы баптаулары» таңдаңыз, одан кейін «Бенйе анықтығы» басып, оны өшіріңіз.
- Контрастты жақсарту: «Контрастты жақсарту» таңдаңыз, «Өшіру» басыңыз.
- Цифрлық шу сүзгісі
- Motion Plus баптаулары (немесе Auto Motion Plus баптаулары)
- Жергілікті күңгірттеу
- Сынақ ақауды анықтаған жоқ — теледидарда бәрі жақсы. Мәселе сигнал көзінде немесе оның қосылымында болуы мүмкін. Мұны тексеру үшін кабельді және сигнал көзін ауыстырып көріңіз.
- Сынақ ақауды анықтады — бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз. Бағдарламалық құрал әлдеқашан жаңартылған болса, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ескертпе:
- Бейне ақауы мерзімді түрде білінсе, сынақ оны көрсетпеуі мүмкін. Егер жылтылдау мезгіл-мезгіл пайда болса, баптауларды арылтуды орындаңыз..
БЖ жаңа нұсқасы шығарылса, оны орнатыңыз. БЖ жаңа нұсқалары жүйе жұмысын тұрақтандырады және ықтимал қателерді жояды.
Ағымдағы сигнал көзін көру үшін пульттегі «OK» немесе «INFO» түймесін басыңыз. Сигнал көзі экранда көрсетіледі.
Мысалы, сізде эфирлік немесе спутниктік теледидар болса, теледидарға компьютерді немесе смартфонды қосып көріңіз. Осыдан кейін теледидардың жұмысын тексеріңіз.
Басқа көзден таратылған кезде бейне қалыпты болса, теледидарда бәрі жақсы. Мәселе сіз әдетте пайдаланатын сигнал көзінде.
Тақырып бойынша:
Арылту теледидарды зауыттық күйіне қайтарады және жұмыс қателерін жояды.
Тақырып бойынша:
Samsung теледидарында баптауларды арылтуды қалай орындау керек
Жоғарыда келтірілген ұсынымдар сізге көмектеспесе, техниканың жұмысын диагностикалау және жөндеу үшін жақын жердегі тіркелген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар