CAM модулін теледидарға қалай дұрыс қосу керек
Бұл мақалада сіз CAM модулін және рұқсат картасын (сыртқы тіркемені пайдаланбай) пайдаланып, кабельдік ТВ немесе спутниктік антеннаны теледидарға тікелей қосуды үйренесіз.
Рұқсат картасы бар CAM модулін цифрлық ТВ қызметтер жеткізушісі береді және ол провайдердің ақылы цифрлық арналарының кодын ашу үшін пайдаланылады.
Ескертпе:
Спутниктік антеннаны қоспас бұрын, теледидарда кірістірілген спутниктік тюнер (теледидардың артұы панеліндегі ANT In Satellite ағытпасы) бар екеніне міндетті түрде көз жеткізіңіз. Теледидар спутниктік антеннаны қосуды қолдамаса, рұқсат картасы бар CAM модулін қосу қажет емес, өйткені көру тек сыртқы тіркеме арқылы мүмкін болады.
CAM модулін қалай қосуға болады
Үлгіге байланысты CAM модулін қосуға болады:
- Common Interface слоты арқылы (теледидардың бүйір жағында);
- теледидардың артқы панелінде орнатылатын бөлек Common Interface адаптері (теледидармен бірге жиынтықта беріледі) арқылы;
- One Connect Box ішіндегі Common Interface слоты арқылы.
CAM модулін Common Interface слоты арқылы қалай орнату керек
● Картаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (карта чипіндегі металл түйіспелер CAM модулінің алдыңғы жағына қарап тұруы керек).
● Модулі бар карта бөлек сатып алынады (әдетте кабельдік немесе спутниктік хабар тарату провайдерінен).
CAM модулін жиынтықтағы COMMON INTERFACE (CI) адаптерін пайдаланып қалай орнату керек
Common Interface (CI) адаптері теледидармен бірге жиынтықта беріледі. Егер бұл керек-жарақ жоғалса, оны біздің авторландырылған сервистік орталықтарда сатып алуға болады.
● Картаның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз (карта чипіндегі металл түйіспелер CAM модулінің алдыңғы жағына қарап тұруы керек).
● Модулі бар карта бөлек сатып алынады (әдетте кабельдік немесе спутниктік хабар тарату провайдерінен).
● Модуль тірелгенше тығыз және дұрыс жағымен салынғанына көз жеткізіңіз.
CAM модулінің анықталғанын қалай тексеруге болады
CAM модулін теледидарға қосқаннан кейін құрылғыдағы баптаулар мәзірі арқылы қосылымды тексеруді ұсынамыз.
- Егер мәзір кірістірмесі қолжетімді болса, онда бәрі жақсы.
- Егер кірістірме қолжетімді болмаса:
Адаптер тығыз салынбаған болуы мүмкін. Бұл мүмкіндікті жою үшін CAM модулін жоғарыдағы нұсқаулыққа сәйкес қайта қосыңыз.
Мүмкіндік болса, басқа CAM модулімен қосылымды тексеріңіз.
- Егер басқа CAM модулі сәтті қосылған болса, мәселе бұрын пайдаланған модульде болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін провайдеріңіздің қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз.
- Басқа CAM модулі де қосылмаса, мәселе адаптердің немесе теледидардың жағында болуы мүмкін. Мұны шешу үшін жақын жердегі сервистік орталыққа хабарласуды ұсынамыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар