Samsung теледидарында MAC адресін қалай көруге болады
MAC адресі дегеніміз не
MAC адресі – бұл интернетке кіру рұқсаты бар әрбір құрылғыда болатын арнайы код. Ол құрылғы интернетке (желіге) қосылған кезде оны «тану» үшін қажет. MAC адресі ағылшын әріптері мен сандарының тіркесімі сияқты, мысалы, осындай: 18-67-B0-42-1D-2E.
Әдетте, теледидар интернетке қосылған кезде MAC адресі қажет емес. Бірақ кейде белгілі бір жағдайларда (мысалы, MAC адрестері бойынша қосылымдарды сүзгілеуді баптау үшін) оны білу қажет.
Төменде әртүрлі серияларға арналған нұсқаулар берілген, сондықтан тексеру алдында теледидарыңыздың сериясын біліңіз.
Тақырып бойынша:
• C, B, A сериялы теледидарда
- Теледидар мәзіріне кіріңіз: пультке байланысты Menu түймесін, немесе Home түймесін басыңыз және теледидар экранынан Параметрлер > Барлық параметрлер тармағын таңдаңыз.
- Қолдау тармағын таңдаңыз.
- Осы теледидар туралы опциясын таңдаңыз.
- Экранда теледидар туралы ақпарат, соның ішінде MAC адресі пайда болады. Адрес көрсетілмесе, көрсеткіні төмен басыңыз.
• R, N, M, Q, LS сериялы теледидарда
- Теледидар мәзіріне кіріңіз: пультке байланысты Menu түймесін, немесе Home түймесін басыңыз және теледидар экранынан Параметрлер тармағын таңдаңыз.
- Қолдау тармағын таңдаңыз.
- Осы теледидар туралы опциясын таңдаңыз.
- Экранда теледидар туралы ақпарат, соның ішінде MAC адресі пайда болады. Адрес көрсетілмесе, көрсеткіні төмен басыңыз.
• K сериялы теледидарда
- Теледидар мәзіріне кіріңіз: пультке байланысты Menu түймесін, немесе Home түймесін басыңыз және теледидар экранынан Параметрлер тармағын таңдаңыз.
- Қолдау тармағын таңдаңыз.
- Samsung-қа жүгіну опциясын таңдаңыз.
- Экранда теледидар туралы ақпарат, соның ішінде MAC адресі пайда болады. Адрес көрсетілмесе, көрсеткіні төмен басыңыз.,
• J, H, F, E сериялы теледидарда
- Теледидар мәзіріне кіріңіз. Қашықтан басқару пультіне байланысты түймесін басыңыз:
• J сериясы — Menu немесе Menu/123 және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
• H сериясы — Menu немесе Keypad және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
• F сериясы — Menu немесе More және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
• E сериясы — Menu және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз. - Қолдау тармағын таңдаңыз.
- Samsung-қа жүгіну опциясын таңдаңыз.
- Экранда теледидар туралы ақпарат, соның ішінде MAC адресі пайда болады. Адрес көрсетілмесе, көрсеткіні төмен басыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар