Samsung теледидарында параметрлерді қалай қалпына келтіруге болады
Параметрлерді қалпына келтіргеннен кейін теледидарда не болады
- Барлық параметрлер (желі параметрлерінен басқа) зауыттық қалпына келтіріледі;
- Барлық конфигурацияланған телеарналар жойылады;
- Бағдарлама өзгеріссіз қалады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Теледидардың сертификатталғанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, параметрлерді қалпына келтіру Smart TV функциясының шектелуіне әкелуі мүмкін.
Теледидар сериясын нақтылаңыз және төменде тиісті нұсқауларды ашыңыз.
Нұсқаулар пульттен басқару үшін көрсетілген. Егер пульт жұмыс істемесе, теледидар корпусындағы басқару түймелерін пайдаланып параметрлерді қалпына келтіруге болады. Іс-әрекет тәртібі өзгеріссіз қалады.
Тақырып бойынша:
- N, M, K сериялы — Menu немесе Home және теледидар экранынан Параметрлер тармағын таңдаңыз.
- J сериясы — Menu немесе Menu/123 және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
- H сериясы — Menu немесе Keypad және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
- F сериясы — Menu немесе More және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
- E сериясы — Menu және теледидар экранынан Мәзір тармағын таңдаңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар