Сымсыз сабвуферді саундбарға қалай қосуға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 30.08.2024

Егер сіз бір жиынтықтан емес Samsung саундбары мен Samsung сабвуфері арасында байланыс орнатқыңыз келсе (мысалы, әртүрлі уақытта сатып алынған), олардың бір-біріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. 

Samsung үйлесімді сабвуфер үлгілерінің тізімін Samsung саундбарының пайдаланушы нұсқаулығынан нақтылауға болады. Нұсқаулықты нұсқаулар, драйверлер, бағдарламалар және бағдарламалық жасақтама бөлімінен жүктеуге болады.

Саундбар мен сабвуфердің қуатын қосқанда, олардың арасындағы сымсыз байланыс автоматты түрде орнатылуы керек. 

Саундбарды Power батырмасымен қосқаннан кейін, ол қолжетімді құрылғыларды автоматты түрде іздей бастайды. Жұптастыру процесінде сабвуферде көрсеткіш өзгереді: Standby шамы сөніп, Link жанады.

Ескерту:

Құрылғылар арасындағы максималды қашықтық 10 метрден аспауы керек және олардың арасында қабырғалар болмауы керек.

Егер олай болмаса, сабвуферді саундбарға қолмен қосыңыз:

1 Қуат кабельдерін саундбар мен сабвуфер корпусындағы қосқыштарға салыңыз, содан кейін екі құрылғыны да розеткаға қосыңыз.
Samsung HW-F850 сабвуферінің артқы жағындағы қуат кабелін қосуға арналған арнайы қосқыш Samsung HW-F850 сабвуферінің артқы жағындағы қуат кабелін қосуға арналған арнайы қосқыш

Samsung HW-F850 сабвуферінде қуат кабелін қосуға арналған қосқыш

Samsung HW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы қуат кабелін қосуға арналған арнайы қосқыш Samsung HW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы қуат кабелін қосуға арналған арнайы қосқыш

Samsung HW-Q700A сабвуферінде қуат кабелін қосуға арналған қосқыш

2 Сабвуфердің артқы жағында ID SET түймесі орналасқан. Оны 5 секунд басып тұрыңыз.
Түйме екі нұсқада пайда болуы мүмкін:
  • түйме терең орналасқан — бұл жағдайда оны қағаз қыстырғыш сияқты жұқа затпен басу керек;
  • түйме корпуста орналасқан және оны саусақпен басуға болады.
Samsung HW-F850 сабвуферінің артқы жағындағы ID SET түймесі бар арнайы тереңдік Samsung HW-F850 сабвуферінің артқы жағындағы ID SET түймесі бар арнайы тереңдік

Samsung HW-F850 сабвуферінде ID SET түймесі терең орналасқан

Samsung HW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы арнайы ID SET түймесі Samsung HW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы арнайы ID SET түймесі

Samsung HW-Q 700 a сабвуферінде ID SET түймесі корпуста орналасқан

Standby Standby күту режимінің индикаторы сөніп, Link Link қосылымының индикаторы көк түспен жыпылықтай бастайды.

Samsung HW-F850 сабвуферінің жоғарғы панеліндегі шамдардың жыпылықтауы Samsung HW-F850 сабвуферінің жоғарғы панеліндегі шамдардың жыпылықтауы

Samsung HW-F850 сабвуферінің жоғарғы панеліндегі көрсеткіш

Samsung HW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы шамдардың жыпылықтауы Samsung HW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы шамдардың жыпылықтауы

НW-Q700A сабвуферінің артқы жағындағы көрсеткіш

3 Саундбардан пультті алыңыз, құрылғының өзін әлі қосу қажет емес. Пультіңіздің түріне байланысты Дыбысты өшіру (Mute) Дыбысты өшіру (mute) түймесі немесе Жоғары түймесін басыңыз. Оны 5 секунд басып тұрыңыз.
Дыбысты өшіру (Mute) және "Жоғары" батырмалары бар Samsung саундбарларының пульті

Ескерту:

Егер бірде-бір түймені басу нәтиже бермесе, ақпаратты нақтылау үшін саундбарға арналған пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Нұсқаулықты Нұсқаулар, драйверлер, бағдарламалар және БЖ бөлімінен жүктеуге болады..

4 Саунбар дисплейінде ID SET хабары пайда болады.
Samsung саундбар дисплейіндегі "ID SET" хабары

Саундбар үлгісіне байланысты:

  • ID SET жазуы жойылғаннан кейін ол автоматты түрде қосылуы мүмкін;
  • немесе саундбарды қосу үшін  Power Standby  түймесін басу керек .
Samsung саундбарының корпусындағы арнайы "Power" түймесі

Ескерту:

Қосу әдісі, дисплейдің орналасуы және саундбардағы түймелер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бұл ақпаратты пайдаланушы нұсқаулығында нақтылауға болады, оны ұсқаулықтар, драйверлер, бағдарламалар және БЖ бөлімінен жүктеуге болады.

5 Саундбар мен сабвуфер арасында байланыс орнатылғаннан кейін сабвуфердегі Link шамы үнемі көк түспен жарқырайды. Егер қосылым шамы көк түспен жанбаса, қосылым сәтсіз аяқталды. Саундбарды өшіріп, 2-қадамнан бастап процедураны қайталаңыз..

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!