Samsung теледидарын пайдалану үшін есептік жазбаны (Samsung Account) қалай жасауға болады

Соңғы жаңартулардың күні : 21.08.2024

Samsung Account есептік жазбасын жасау әдісі теледидар сериясына байланысты:

  • N, R, T, A, B, C сериялары үшін (2018 жылдан бастап) Samsung есептік жазбасын смартфонда немесе компьютерде алдын ала жасау керек.
  • D, E, F, H, J, K, M сериялары үшін (2011-2017 жж.) есептік жазбаны теледидардағы интерфейс арқылы немесе смартфонда немесе компьютерде алдын ала жасауға болады.

Теледидардың үлгісін нақтылаңыз және төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

2023 жылы шығарылған теледидарлар мен смарт мониторлардың смарт мүмкіндіктерін (Smart Hub) пайдалану үшін тіркелген Samsung есептік жазбасына кіру керек.

1 Samsung Account сайтында смартфонда немесе компьютерде алдын ала есептік жазба құрыңыз.
2 Теледидиарда Параметрлер > Жалпы және құпиялық > Жүйе реттегіші > Samsung есептік жазбасы > Есеп-шот ашу тармағын ашып, QR кодын сканерлеп, бұрын жасалған Samsung есептік жазбасына өтіңіз.
Теледидар экранындағы QR коды

1 Samsung Account сайтында смартфонда немесе компьютерде алдын ала есептік жазба құрыңыз.
2 Теледидиарда Параметрлер > Жалпы және құпиялық > Жүйе реттегіші > Samsung есептік жазбасы > Есеп-шот ашу тармағын ашып, QR кодын сканерлеп, бұрын жасалған Samsung есептік жазбасына өтіңіз.
Теледидар экранындағы QR коды

Есептік жазбаны Samsung Account сайтында құруға болады

немесе

1 Теледидиарда Параметрлер > Жалпы және құпиялық > Жүйе реттегіші > Samsung есептік жазбасы тармағын ашыңыз.
2 Есеп-шот ашу опциясын таңдаңыз.
3 Пайдалану шарттарымен танысып, Қабылдаймын тармағын басыңыз.
4 Электрондық поштаңызды енгізіп, құпиясөз ойлап табыңыз.
5 Атыңызды, тегіңізді және жасыңызды көрсетіңіз.
6 Есептік жазба жасалды. Теледидарды пайдалануды жалғастыру үшін Дайын түймесін басыңыз.

Есептік жазбаны Samsung Account сайтында құруға болады

немесе

1 Теледидарда Мәзір > Smart Hub > Samsung есептік жазбасын ашыңыз.
2 Samsung есептік жазбасын құру тармағын таңдаңыз.
3 Пайдалану шарттарын қарап шығыңыз және ОК түймесін басыңыз.
4 Электрондық пошта мекенжайын, құпиясөзді және жеке деректерді көрсетіңіз. Содан кейін ОК түймесін басыңыз.
5 Профиль үшін суретті таңдап, ОК түймесін басыңыз.

Есептік жазбаны Samsung Account сайтында құруға болады

немесе

1 Теледидарда Мәзір > Smart мүмкіндіктері > Samsung есептік жазбасы > Samsung есептік жазбасын құру тармағын ашыңыз.
2 Құпиялылық шарттары мен саясатын қарап шығыңыз, құсбелгілерді қойыңыз және Келесі түймесін басыңыз.
3 Электрондық пошта мекенжайын, құпиясөзді және жеке деректерді көрсетіңіз. Содан кейін Келесі түймесін басыңыз.
4 Тіркелгіні жасауды аяқтау үшін Аяқтау түймесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Профильді өзгерту пәрменін таңдаңыз: жеке тұлғаны немесе төлем картасын тіркеу, әлеуметтік желі есептік жазбасын байланыстыру.

Есептік жазбаны Samsung Account сайтында құруға болады

немесе

1 Smart Hub іске қосыңыз - пульттің ортасындағы smart button түймені басыңыз.
2 Пульттегі A-button "A" түймені басыңыз.
3 Электрондық пошта мекенжайы мен құпиясөзді енгізіп, Есептік жазбаны құру түймесін басыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!