Samsung теледидарындағы сурет мезгілді түрде жоғалып кетсе не істеу керек
Егер теледидар (арналар, қолданбалар арқылы бағдарламалар, сыртқы көздерден алынған бейнелер) қараған кезде сурет жоғалып, дыбыс қалса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
Мұны істеу үшін теледидарды өшіріп, ашаны розеткадан шығарып, 1-2 минут күтіңіз. Содан кейін теледидарды розеткаға қосыңыз.
Егер теледидарды розеткадан өшіру мүмкін болмаса, теледидарды пульттің көмегімен қайта қосыңыз. Ол үшін пульттегі қуат түймесін бірнеше секунд басып тұрыңыз.
Теледидарды қосып, оның жұмысын тексеріңіз.
- Теледидар тіркемеге қосылған антеннаның немесе кабельдің мықтап салынғанын тексеріңіз. Антеннаны немесе кабельді теледидардағы қосқыштан алып, содан кейін қайта қосыңыз.
- Теледидарды басқа кабель арқылы қосып көріңіз.
Егер кабельді ауыстыру көмектессе, мәселе теледидар қосылған алдыңғы кабельде. Ол зақымдалған болуы мүмкін.
Егер кабельді ауыстырғаннан кейін ештеңе өзгермесе —келесі қадамға өтіңіз.
Параметрлер > Қолдау > БЖ жаңарту > Қазір жаңарту тармағын ашыңыз. Егер сіздің теледидарыңыз үшін бағдарламаның жаңа нұсқасы болса, жүктеу автоматты түрде басталады.
Тақырып бойынша:
Егер алдыңғы қадамдарды орындағаннан кейін жағдай қайталанса — теледидар жөндеуді қажет етеді. Жабдықты диагностикалау және жөндеу үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар