Samsung теледидары Wi-Fi желісін жоғалтса не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 24.12.2024

Бұл мақалада сіз Samsung теледидарында Wi-Fi желісіне қосылу жиі жоғалып кетсе (үзілсе) не істеу керектігін білесіз.

Samsung теледидарында Wi-Fi жұмыс істемейді
1 Роутерді теледидарға жақынырақ орналастырыңыз.
Теледидар Wi-Fi жабдығының кедергісі немесе әлсіз сигналы салдарынан сигналды жоғалтуы мүмкін. Роутерді теледидардан 5 метрден алыс емес жерге қойыңыз.

Wi-Fi роутер (маршрутизатор) интернетті оған қосылған смартфондар, компьютерлер, теледидарлар және т.б. арасында таратады. Роутер әдетте желілік кабельдерді қосуға арналған антенналары мен порттары бар шағын тікбұрышты қорапқа ұқсайды.

Роутер
2 Роутер параметрлерін қалпына келтіріңіз.
Роутерді розеткадан шамамен 1 минут ажырату арқылы параметрлерді қалпына келтіріп көріңіз. Содан кейін ол үшін БЖ жаңартуын тексеріңіз. Егер жаңарту болса, оны міндетті түрде орнатыңыз.
3 Роутер параметрлері бойынша ұсыныстарды тексеріңіз.
Роутердің admin-тақтасында келесі параметрлерді өзіңіз көрсетіп көріңіз немесе провайдерден көмек сұрай аласыз.
Роутер параметрлері бойынша ұсыныстарды тексеріңіз

Арнаны өзгерту

2.4 Ггц үшін

WI-Fi 6 арнасы ұсынылған

5 Ггц үшін

WI-Fi 44 арнасы ұсынылған 

Шифрлау түрі

WPA2-PSK

Шифрлау кілті

AES

IP-мекенжайларын тарату

DHCP

Егер роутердің параметрлерін ұсынылғанға дейін өзгерткеннен кейін, теледидар әлі де Wi-Fi қосылымын жоғалтса, келесі қадамға өтіңіз.

4 Роутердің мобильді рұқсат нүктесімен жұмыс істеуін тексеріңіз.
Интернетті телефоннан таратып көріңіз.
  • Егер сізде Samsung Galaxy болса, интернетті қалай таратуға болатындығы туралы толық нұсқаулықты Samsung Galaxy-ді модем немесе Wi-Fi рұқсат нүктесі ретінде қалай пайдалану керектігі туралы мақаладан таба аласыз
  • Егер сізде iPhone болса, Параметрлер мәзіріне > Модем режимі > Басқаларға рұқсат беру тармағына өтіңіз.
  • Iphone 12 немесе одан кейінгі үлгілер, iPad Pro 11 дюйм (3-ші буын немесе одан кейінгі), iPad Pro 12,9 дюйм (5-ші буын немесе одан кейінгі) немесе iPad mini (6-шы буын) құрылғылары үшін "Максималды үйлесімділік" мүмкіндігін қосыңыз. Содан кейін модем режимінде құрылғыларды құрылғыға қайта қосып көріңіз.

Егер мобильді интернет байланысы тұрақты болса,онда теледидармен бәрі жақсы. Келесі қадамға өтіңіз.

5 Теледидардағы DNS-серверінің мекенжайын ауыстырыңыз.
DNS-ті 8.8.8.8 немесе 208.67.222.222-ге ауыстырыңыз.
6 Теледидарда параметрлерді қалпына келтіріңіз.
Теледидардың бағдарламалық жасақтамасының бұзылуын болдырмау үшін параметрлерді қалпына келтіруді ұсынамыз.

Егер жоғарыда аталған қадамдар көмектеспесе, теледидарды диагностикалау және жөндеу үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.


Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!