«GALAXY UNPACKED 2024»
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Galaxy Unpacked 2024» жарнамалық науқанына (бұдан әрі – «Науқан») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») және Науқанның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Қатысушы Науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжай бойынша:  https://117.p.syniva.es/kz_kz/ (бұдан әрі – «Науқан сайты») жарияланған Науқанға қатысудың осы ережелерімен (бұдан әрі – «Ережелер») келісетіндігін білдіреді.

 

1.        Жалпы ережелер:

1.1.     Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115 үй, Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы, 3 қабат.

1.2.     Науқанды өткізу кезеңі: 2024 жылдың 26 маусымнан бастап 2024 жылдың 10 шілдесін қоса алған мерзімде Астана қ. уақытымен сағат 17:55 дейін.

1.3.     Науқанның қорытындыларын жариялау кезеңі: 2024 жылдың 10 шілдесі.

1.4.     Науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының аумағы.

 

 

2.       Науқанға қатысушы

2.1.   Осы Ережелердің барлық шарттарын жеке, өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығына ықтиярхаты бар шетел азаматтары Науқанның қатысушысы бола алады (бұдан әрі – «Қатысушы»).

2.2.   Науқанға Ұйымдастырушының қызметкерлері, олармен байланысты тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Науқанды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты басқа да компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3.   Науқанға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде немесе өзге жолмен дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау  үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) жоюды қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4.   Қатысушы Науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

 

3.       Науқанның сипаттамасы және қатысу шарттары

3.1.   Осы Ережелерге сәйкес әрбір Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, осы Ережелердің 4 тарауында қарастырылған сыйлықты алу мүмкіндігін иеленеді.

3.2.   Қатысушылардың біреуі сондай-ақ осы Ережелердің 4 тарауында қарастырылған сыйлықты жеңіп алу мүмкіндігін иеленеді.

3.3.   Науқанға қатысу үшін Қатысушы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асыруы тиіс:

3.3.1.   Науқанды өткізу кезеңінде Қатысушы Науқанның сайтында Қатысушыны тіркеу формасын толтыруы қажет.

3.4.   Науқанға қатысу үшін әрбір Қатысушыдан тек бір тіркелген өтінім қабылданады.

 

 

4.       Сыйлықтар

4.1.   Науқанның барлық Қатысушылары үшін Науқан бойынша сыйлыққа мыналар жатады:

•      номиналы 10 000 (он мың) теңге болатын промокод;

•      Z Flip моделі смартфонының пайдаланушылары үшін 30 000 (отыз мың) теңге номиналына промокод болып табылады;

•      Z Fold моделі смартфонының пайдаланушылары үшін 50 000 (елу мың) теңге номиналына промокод болып табылады.

4.2.   Z Fold және Z Flip пайдаланушылары үшін промокод олардың Samsung Account есептік жазбасы бар болғанда жіберілетін болады.

4.2.1.   Осы Ережелердің 3.3.1 тармақшасында көрсетілген Науқанға қатысу тәсілі жоғарыда көрсетілген Сыйлық берілетін Қатысушылардың санын шектемейді;

4.2.2.   Науқанның шеңберінде әрбір Қатысушы 1 (бір) Сыйлықтан артық Сыйлықты ала алмайды;

4.2.3.   Науқанның шарттарын орындаған Қатысушылар Сыйлықты тіркеу формасында көрсетілген электронды мекенжайларына жолдау арқылы автоматты түрде алады;

4.3.   Науқан бойынша бір жеңімпазға жүлде SAMSUNG тауар белгісімен ұялы құрылғы (бұдан әрі – «Жүлде») болып табылады. Жеңімпазды жариялау 2024 жылдың 10 шілдесінде samsung.kz сайтында және Samsung Kazakhstan YouTube-арнасында Galaxy Unpacked тікелей эфирінде өтеді.

4.3.1.   осы Ережелердің 3.3. тармақшасында көрсетілген Науқанға қатысудың тәсілі жоғарыда көрсетілген Жүлде Қатысушылардың арасындағы 1 (бір) жеңімпазға берілетіндігін білдіреді.

4.3.2.   Науқанның шеңберінде алынған Жүлдеге осындай типке жататын тауарларға қойылатын стандартты кепілдік әрекет етеді.

4.3.3.   Жүлденің нақты түсі тауардың қоймада болуына тәуелді, ол Акция сайтындағы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желісінің аккаунттарындағы кескіннен өзгеше болуы мүмкін.

4.3.4.   Жүлдені жеткізу Жеңімпаз анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізуді, салықтарды төлеуді немесе өзге де төлемдерді талап етсе, осындай төлемдерді жүзеге асырмаңыз, шұғыл түрде Ұйымдастырушыны хабардар етіңіз. Ұйымдастырушымен осы Ережелердің төменгі жағында көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттері арқылы хабарласуға болады;

4.3.5.   Қатысушы осы Ережелерде көзделген барлық шарттардың талаптарын орындаған жағдайда Жүлдені алу үшін келесі іс-әрекеттерді орындауға міндетті:

-         жеке басын куәландыратын құжатты/шетелдік азаматтың ықтиярхатын ұсыну. Осы ретте, жеке куәліктің/ықтиярхаттың деректері қатысу формасын толтырған кезде көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс;

-         Жеткізу парағын/тауарларды шетке шығару шығыс қағазын толтыру және қол қою;

-         Фото/бейне түсірілім келісіміне қол қою;

-         Жүлдені қолда ұстап фотосуретті түсіру.

4.4.   Осы ретте Ұйымдастырушы Сыйлықтардың және Жүлделердің санын өз бетімен анықтау, сондай-ақ оларды өзгерту құқығын өз артынан қалдырады;

4.5.   Сыйлықтарды және Жүлделерді ақшалай қаражатқа немесе өзге де тауарларға айырбастауға болмайды. Науқанның қатысушысы Сыйлықты және/немесе Жүлдені алудан бас тартуға құқылы, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақылар жүзеге асырылмайды;

4.6.   Сыйлықты және/немесе Жүлдені алу құқығы өзге тұлғаларға беріле алмайды;

4.7.   Қатысушы келесі жағдайларда Науқанға қатысу құқығынан және Сыйлықты немесе Жүлдені алу мүмкіндігінен айырылады:

˗         Науқанның қандай да бір шарттары бұзылғанда;

˗         Қатысушы сенімсіз/қате деректерді бергенде;

˗         Ұйымдастырушы/серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмағанда;

˗         Алаяқтық әрекеттердің немесе өзге де заңға қарса әрекеттердің орын алу фактілері анықталған жағдайда;

˗         жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартқан кезде.

 

 

5.       Науқан Жеңімпаздарын анықтау тәртібі,

5.1.   Ұйымдастырушы Астана қ. уақыты бойынша 2024 жылдың 26 маусымнан бастап 10 шілдесін қоса алған мерзімде сағат 17:59-ға дейін жіберілген Қатысушының тіркеу деректерін модерациялауды және жинауды жүзеге асырады;

5.2.   Науқан Қатысушыларына Сыйлықтарды беру samsung.kz сайтында және Samsung Kazakhstan YouTube-арнасында Galaxy Unpacked тікелей эфирі аяқталғаннан соң тіркелген кезде формада көрсетілген электронды мекенжайлар бойынша хаттарды автоматты түрде жолдау арқылы жүргізіледі. Ол 2024 жылдың 13 шілдесінде Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:59 кешіктірмей жүзеге асырылады.

5.3.   Қатысушылар арасындағы Жүлдені анықтау ұтыс ойыны 2024 жылдың 10 шілдесінде samsung.kz сайтында және Samsung Kazakhstan YouTube-арнасында Galaxy Unpacked тікелей эфирінде жүзеге асырылады, жеңімпаздар https://www.random.org. сайты арқылы кездейсоқ сандардың генераторы көмегімен анықталатын болады.

5.4.   Өткізілген Науқанның нәтижелері және жеңімпаздардың тізімі Науқанның сайтында 2024 жылдың 11 шілдесінен кешіктірмей жарияланатын болады.

5.5.   Егер жеңімпаз атанған Қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, онда Қатысушылардың резервті тізіміндегі бірінші үміткер жеңімпаз болып танылады. Осы ретте, резервті тізім ретінде ұтыс ойны кезінде анықталған әлеуетті жеңімпаз үміткерлердің тізімі танылады. Егер осы резервті қатысушылар да модерациядан өтпесе, Ұйымдастырушы Науқанды қандай да бір қосымша ұтыс ойындарынсыз және резервті тізімнің қатысушыларын хабардар етпей аяқтауға құқылы.

5.6.   Науқан аяқталғаннан кейін Ұйымдастырушы Жүлдені алу жөніндегі нұсқауларды беру үшін Жеңімпазбен байланысады.

 

 

6.       Өзге шарттар

6.1.   Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Ережелерде белгіленген құқықтары мен міндеттері бар. 

6.2.   Науқанның барлық Қатысушылары Науқанға қатыса отырып, Науқанның Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Сыйлықты алу үшін Науқанның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау іс-әрекеттерін орындаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады.

6.3.   Қатысушы Науқанға қатыса отырып, осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Науқанға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

6.4.   Науқан байқау, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа да құмар ойын болып табылмайды.

6.5.   Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға/Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалынуы мүмкін. Қатысушы/Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

6.6.   Науқанды орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан оның жеке куәлігін ұсынуды талап етуі мүмкін.

6.7.   Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін ұсынуға, сондай-ақ басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Науқанға байланысты болмайтын өзге де мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді. 

6.8.   Ұйымдастырушының Науқанды өткізудің Ережелеріне сәйкес Науқанды өткізуге байланысты барлық сұрақтары бойынша қабылдаған шешімдері түпкілікті болып танылады.

6.9.   Науқанның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана іс-әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді.   

6.10. Ұйымдастырушы Науқан шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

6.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаздың, әлеуетті Жеңімпаздың және (немесе) Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса, ол қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, онда Ұйымдастырушы осындай Жеңімпаз немесе әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушыны қатыстырмауға құқылы және осындай қатысудан шектетілген Жеңімпаз немесе Қатысушы  қандай да бір жерде хабарланса, бейнеленсе немесе жарияланса да, Ұйымдастырушы оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

6.12. Осы Ережелердің кез келген талаптарының жарамсыздығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа талаптардың растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір талап жарамсыз немесе өзгеше орындалмайтын болса, не заңға қайшы келсе, онда осы Ережелердің қалғаны қолданысын жалғастырады және осында жарамсыз немесе заңға қайшы талаптар болмағандай бекітілген талаптарға сәйкес түсіндіріледі.

6.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпаратты ұсынып, заңға қарсы құралдар арқылы қатысса немесе басқаша айтқанда, оның сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзғаны танылса, Ұйымдастырушы осындай тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуін талап етуге құқылы.

6.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында белгіленген тармақтармен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі өзгеше болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Ұйымдастырушы колл-орталығының байланыс телефондары:

  
8-10-800-500-55-500 – стационарлық телефоннан қолдаудың бірыңғай қызметі

7799 – ұялы телефоннан қолдаудың бірыңғай қызметі