Барынша жақсы көріну. Көбірек үлгеру. Арманға қол созу.
Бұл біздегі ең үлкен Galaxy Watch экраны, жаттығулардың жеке бағдарламасы және ұйқы сапасына талдау жасау, сондай-ақ уақытқа дес бермейтін эстетика арқасында шындыққа айналды.1, 2
Осы жаңартылған классикалық модельмен бірге
амандыққа апарар жолды бастаңыз.
Экраны үлкендеу. Безелі жұқалау
Сапфир әйнегі төмен түсіп, алдыңғы дисплейдің үстіне орнатылады.
Классикалық Galaxy Watch6 айналмалы жақтауы сағат тілімен баяу қозғалады.
Жақсартылған айналмалы
безельді бағалаңыз1
Уақытқа дес бермейтін классикалық стиль. Дайвингке арналған, культке айналған сағат дизайнынан шабыттанған Galaxy Watch6 Classic-тің жұқа айналмалы безелі экранмен түйсік деңгейінде өзара әрекеттесу үшін бірқалыпты және жауап беретін айналдыру арқасында тарихты болашаққа апарады. Дөңгелек жақтауы тот баспайтын болаттан жасалғандықтан, сағатқа көз салған сайын оны тартымды ете түседі.
Сағат белдіктері түймені басу арқылы ажыратылады.
Мәжіліс залынан жаттығу залына дейін
— бір-ақ қадам
Түймені бір рет басып-ақ бауды ауыстыруға болады. Ыңғайлы бағыттағышы жаңа бау тағуды жеңілдетеді - сыртыл естілгенше сәл басып тұрсаңыз болды. Офистен жаттығуға дейін - оп-оңай.7
Көбірек жасауға мүмкіндік беретін қуатты процессор
Galaxy Watch6 Classic-тің жетілдірілген процессоры арқасында аз уақытта көп іс атқарып үлгеріңіз. 18%-ға артқан процессор жылдамдығы мен қосымшаны іске қосу уақытының жылдамдығы сізге күні бойы нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.1
Galaxy Watch6 Classic процессоры жиегімен және дисплейімен бірге жиналады.
Аккумулятор қуаты күні бойына жетеді. Сізге де жетеді
Күн сайын жұмыс істеуге арнап жасалған құрылғы 40 сағатқа дейін қуаттамай істей береді. Қуаты таусылып жатыр ма? Бар-жоғы 30 минутта 45%-ға дейін жылдам қуаттап алып, жұмысты жалғастыруға болады!8, 9, 10
Galaxy Watch6 Classic-тің алдыңғы планында қуаттау экранының графикалық интерфейсі көрініп тұр. Сандар "50%"-дан бастап "100%"-ға дейін артады, бұл аккумулятордың толық қуатталғанын білдіреді.
Қол көмегінсіз
түсіру
Сол жақта-Galaxy Z Fold5 икемді режимде. Оң жақта Galaxy Watch6 Classic камераны басқару функциясын бейнелейтін Galaxy Z Fold5 сияқты экраны бар.
Жақыннан және қашықтан селфиге түсу үшін Galaxy Watch6 Classic-ты Galaxy Z Fold5-ке қосыңыз. Galaxy Z Fold5-тегі Flex режимі мен камера контроллері фото және видео түсірілім режимдерін оңай ауыстыруға, масштабты ұлғайтуға және кішірейтуге мүмкіндік береді - осының бәрі сіздің білегіңізде тұрған күйі жасалады - өте ыңғайлы Galaxy Watch6-дағы батырманы бассаңыз болды - сурет дайын!11, 12
Смарт-сағатта
бастап,
смартфонда жалғастырыңыз.
Прогресіңізді қадағалау үшін өзіңіздің Galaxy Z Fold5-ке қосылыңыз. Жаттығулардың тиімділігін бақылау және денсаулық көрсеткіштеріне мониторинг жасау үшін өзіңіздің Galaxy Watch6 Classic-іңізді пайдаланыңыз. Қадам саны, жаттығу қарқыны, жүрек жиырылуы жиілігі тағы басқаны қоса алғандағы белсенділігіңізді үлкен экраннан көру үшін Galaxy Watch-ыңызды Samsung Health қосымшасымен синхрондаңыз.1
Күн сайынғы қадамдар мен прогресс шәкілі таңбашасы көрініп тұр. Қадамдар саны 824-тен 3 456-ға дейін, ал орындау индикаторы сәйкесінше ұлғайған. Galaxy Z Fold5 экранының оң жағында толық деректері бар Samsung Health қосымшасы көрініп тұрады.
Көбірек жасауға
арналған энергия
Смартфоныңызды ұмытып кетсеңіз де, күніңіз жайлы болсын. Сіз Galaxy Watch6 Classic арқылы тікелей қоңырау шала аласыз, хабарламалар жібере аласыз және музыка тыңдай аласыз. Немесе «Телефонымды іздеп табу» функциясын пайдаланып өз смартфоныңызды таба аласыз.11, 13, 14, 15, 16
Халықаралық роуминг арқасында байланыста боласыз
Қала аралап жүрсіз бе, тауға шығасыз ба әлде жағажайда демалып жатсыз ба, халықаралық роуминг сізге жақындарыңызбен байланыста болып, маңызды ақпаратқа алып отыруыңызға мүмкіндік береді.13, 17
Samsung Wallet әрдайым жаныңда
Енді қолма-қол ақша немесе карта іздеп қалта ақтарудың керегі жоқ, себебі сізде Samsung Wallet бар. Ол арқылы сатып алған заттарыңыздың ақысын оңай төлей аласыз, экран бетін саусағыңызбен сипап өтсеңіз болғаны.20
Galaxy Watch 6 Classic экранында экранның жоғарғы жағында Samsung Wallet қолданбасын қазір сағатта пайдалануға болатынын көрсететін NFC белгішесі бар несие картасын көруге болады.
Қосымша мүмкіндіктерді ашыңыз және көбірек жасаңыз
Танымал смартфон Қосымшаларының керемет жиынтығы енді сіздің білегіңізде де бар. Gmail, Strava, Spotify және сағаттағы басқа үшінші тарап қолданбалары сияқты сүйікті қолданбаларыңызға қосылыңыз.21
Ұйқының сапасын инновациялық талдау
Ұйқыңыздың сапасын жақсартуға арналған егжей-тегжей ақпараты бар жақсартылған талдау жүйесі. Енді сіз Galaxy Watch6 Classic арқылы ұйқыңызды жақсартып, дұрыс дағдыларды қалыптастыра аласыз. Ұйқыңыз қануы үшін түнде Fabric Band бауы бар Galaxy Watch-ты тағыңыз. PPG датчигінің жасыл жарық диодын көзге көрінбейтін инфрақызылға ауыстыру үшін, дисплей жарығын бәсеңдету үшін және хабарламаны өшіру үшін құрылғыны міндетті түрде ұйқы режиміне ауыстырыңыз. 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28
Ұйқының әр кезеңінде өткізілген уақыт туралы ақпаратты көруге болады. Сергек болу - 35 мин, REM - 1 сағ 30 мин, жеңіл - 4 сағ 30 мин, терең - 55 мин. Ақпарат кесте түрінде де бейнеленеді.Мақсатыңызға жету үшін дене құрамына талдау жасау
Дене құрамын егжей-тегжейлі талдау (БИА) арқылы көрсеткіштеріңізді қадағалаңыз. Көздеген салмақты, май, бұлшықет массасы пайызын және басқа көрсеткіштерді белгілеп, содан кейін денсаулық пен жақсы көңіл-күйге арналған мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін, оңтайлы бағдарламаны әзірлеңіз.36, 37, 38
Қауіпсіздік функциясы көмекке келеді
Құлауды анықтау функциясы құлаған сәтте зақым келді ме, жоқ па, соны анықтап, қажет болса, SOS шұғыл сигналын жібереді. Келіп жеткен қызметтерге қажет ақпаратты беру үшін бір батырманы басу арқылы бұғаттау экранынан медициналық ақпаратты ала аласыз.39, 40, 41, 42
Өз ЖЖЖ дербес аймағыңызды біліңіз
Galaxy Watch6 Classic сіздің ЖЖЖ дербес аймағын анықтай алады. Өзіңізге керек ЖЖЖ белгілі аймағын да қолмен орната аласыз. Жаттығу кезінде ЖЖЖ көзделген аймағына кіргенде, майдан арылу кезінде болсын, кардио немесе қарқыны жоғары жаттығулар кезінде болсын, сізге ескерту жіберіледі. Аймақтан шыққан кезде, құрылғы жүктемені түзету үшін тағы да ескертеді. 43
U тәрізді пішінді құрайтын 5 түрлі иілген сызықты көруге болады. Олардың әрқайсысының сарыдан бастап қызылға дейінгі түрлі реңктері бар. HR дербестенген аумағының өзгергенін көрсететін, түсі сондай жүрек пен жүрек жиырылуы жиілігінің санына қарай, әр сызықтың ортасында орналасқан ақ нүкте сызық бойымен жылжиды. Функциялық батырмасы қосылған және 5 HR аймағы бар HR дербестенген аймағының графикалық интерфейсін көруге болады. Жүрек жиырылуының жиілігі 90-нан 114, 125, 158 және 174-ке дейін артқанда, таңдап алынған аймақ сәйкесінше 1-ден 5-ке дейін өзгереді.
Жаттығуларға талдау жасау - Барынша нәтижеге жету үшін өз кестеңізді жасаңыз
Galaxy Watch6 Classic арқылы өзіңіздің прогресіңіз бен жетістіктеріңіз туралы құнды ақпарат алыңыз . Күн сайынғы белсенділікті тіркеп, прогресті қадағалап отыру үшін 90-нан астам жаттығуды қадағалап, өз жаттығуыңызды құрыңыз. Сіз жүгіру, жүру және велосипед тебу сияқты кейбір жаттығулар үшін автоматты анықтауды белсендіре аласыз.44, 45, 46
Өзіңіздің достық фитнес тапсырмаларыңызды жасаңыз
Командаға топтық жаттығулар ұсыну арқылы жаттығулардың тиімділігін арттырыңыз. Мақсатқа бірге жету үшін жаттығу барысында бір-біріңізді ынталандырыңыз.
Жоспарларыңыз өзгерді ме?
Бау мен циферблатты
ауыстырыңыз!
Өзіңіздің жеке Galaxy Watch6 Classic-іңізді жасаңыз. Баулардың мол жиынтығынан таңдап алып, көңіл күйіңізге қарай, бейнеңізді байсалдыдан кейіптен стильді бейнеге дейін өзгертіңіз. Ұнатқан дизайнды таңдаңыз да, жақсы көретін қосымшаларыңызды қолданып, циферблатыңызды ыңғайластырыңыз.47
Ауыстырыңыз, жақсартыңыз және айырбастаңыз.
Оп-оңай
Өз Galaxy Watch таңдайтын уақыт келді
- Galaxy Watch4 Classic-пен салыстырғанда.
- Экранды салыстыру Galaxy Watch6 Classic (43 мм) моделіне негізделіп жасалған.
- Экранын және безель енін салыстыру Galaxy Watch6 Classic (43 мм) моделіне негізделіп жасалған.
- Galaxy Watch4 Classic (42 мм) моделінің экранымен салыстырғандағы Galaxy Watch6 Classic (43 мм) моделі экранының өлшемі.
- Galaxy Watch6 Classic 50 метрге дейінгі тереңдікте 5ATM төмен қысымда 10 минут бойы су өткізбейді. Олар жоғары қысым болатын дайвингте немесе су спорты түрлерінен жаттығуларда қолдануға жарамайды. Құрылғы немесе қолыңыз дымқыл болса, қолданбас бұрын мұқият кептіріп алу керек. Galaxy Watch6 Classic 1,5 метрден аспайтын тереңдікте ішіне шаң мен тұщы судың енуінен (IP68) 30 минутқа дейін қорғайды. Күтім жасау/пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қоса алғандағы қосымша ақпаратты алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
- 200 кгс тұрақты жүктеме кезінде өлшенген Виккерс бойынша қаттылық негізінде.
- Еліне немесе өңіріне байланысты бауы өзгеше болуы мүмкін. Қосымша баулар бөлек сатылады.
- Автономды жұмыс істеудің нақты уақыты желі ортасына, пайдалану режиміне және басқа да факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Әрқайсысы Samsung смартфонына қосылған, алдын ала шығарылған Galaxy Watch6 Classic (BT & LTE) нұсқасын пайдаланып, Samsung өткізген тестілеу; құрылғылардың барлығы алдын ала нұсқаға арналған бағдарламалық жасақтама, Galaxy Watch Magnetic (EP-OR900) жылдам қуаттауға арналған USB C кабелі мен қуаты 25 Вт (EP-TA800) Samsung USB қуат беру адаптері арқылы тестіленді. Қуаттау уақыты өңірге, баптауларға, пайдалану режиміне және қоршаған орта факторларына байланысты; нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін.
- Қуаты 25 Вт (PA 800) Samsung USB С қуаттау адаптері бөлек сатылады.
- Galaxy Z Fold5 бөлек сатылады.
- Камера контроллерін Galaxy Watch4-те және S9 сериялы Galaxy-мен және кейінгі нұсқаларымен бірге шығарылған Galaxy Watch-тың соңғы модельдерінде қолдануға болады. Камера контроллерін масштабтау функциясын One UI 5.1 жүйесі немесе одан жоғары нұсқасы бар Galaxy S, Galaxy Note және Galaxy Z сериялы смартфондармен және камера контроллерін сүйемелдеу функциясымен бірге істейтін Samsung Galaxy Watch4 сериясында және Galaxy Watch-тың кейін шыққан модельдерінде қолдануға болады.
- Galaxy Watch6 Classic-тің кейбір функцияларын пайдалану үшін LTE желісіне қосылу керек. LTE желісіне LTE модельдерінде ғана қосылуға болады.
- Bluetooth моделі мобильді желіге қосылған, үйлесетін мобильді құрылғымен түйіндесуі керек.
- Қосымшалар мен сервистердің барлығы бірдей Wear OS-пен үйлесе бермейді.
- Wear OS-тағы Galaxy Watch Android 10 немесе одан жоғары жүйесі бар смартфонмен түйіндескенде, «Телефонымды іздеп табу» функциясы қолдануға болады. Бұл функцияны пайдалану үшін түйіндескен смартфон Samsung есептік жазбасында тіркелген болуы керек.
- Халықаралық роумингті қоссаңыз, смартфон операторының тарифтік жоспарына байланысты төлем алынуы мүмкін.
- GPS функциясын қолдану үшін интернетке қосылу керек. LTE модельдерінде түйіндескен смартфонсыз қолдануға болады. LTE-ні сүйемелдемейтін модельдер түйіндескен смартфонға Bluetooth арқылы қосылуы керек.
- GPS қосылған кезде ағымдағы орналасқан жеріңіз туралы ақпаратты Galaxy қолданбалары және үшінші тарап қолданбалары орынға негізделген қызметтерді ұсыну үшін жинап, пайдалана алады.
- Samsung Wallet-тің қол жетімділігі және оның мүмкіндіктері елге немесе аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
- Кейбір қосымшалардың қол жетімділігі елге немесе аймаққа байланысты болуы мүмкін.
- Samsung Health қосымшасының 6.24 немесе одан кейінгі нұсқасы қажет.
- Galaxy Watch6 Classic-ті Android 10.0 бар Samsung Galaxy смартфонымен және 1,5 ГБ кем емес жад көлемімен түйіндестіру керек.
- Ұйқы сапасына талдау жасау функциясы жалпы сауықтыру мен фитнеске ғана арналған. Қандай да бір ауруды анықтау, диагностика жасау, емдеу үшін пайдалануға арналмаған. Өлшеулер өзіңіз қолдану үшін ғана арналған. Кеңес алу үшін медицина қызметкеріне барыңыз.
- Ұйқыны жаттықтыру функциясы үшін 2 демалыс күнін қоса алғандағы 7 күннен кем емес мерзімдегі деректер керек.
- Қандағы оттегі деңгейін анықтау функциясын пайдалану мүмкіндігі елге немесе өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін.
- Ұйқы режимін белсендірген кезде көзге көрінбейтін жарық диод қосылады.
- Fabric Band бауы бөлек сатылады және Galaxy Watch4-пен әрі Galaxy Watch-тың кейін шыққан сериясымен үйлеседі. Елге/өңірге немесе байланыс операторына байланысты қолда бар баулар өзгеше болуы мүмкін.
- HR ескертулері тек жалпы сауықтыру мен фитнеске арналған. Кез келген медициналық жағдайды немесе ауруды анықтау, диагностикалау, емдеу, бақылау немесе Басқару мақсатында пайдалануға арналмаған. Құрылғы мен қосымша арқылы алынған кез-келген денсаулық туралы ақпарат медициналық кеңес ретінде қарастырылмауы керек. Пайдаланушылар дәрігерден кез-келген медициналық кеңес сұрауы керек.
- Тұрақты емес жүрек ритағы туралы хабарландыру (IHRN) мүмкіндігінің қолжетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Медициналық құрылғы (SaMD) ретінде бағдарламалық жасақтама ретінде мақұлдау/тіркеудің ұлттық шектеулеріне байланысты, ол тек қызмет қол жетімді елдерде сатып алынған сағаттар мен смартфондарда жұмыс істейді (дегенмен, пайдаланушылар қызмет көрсетпейтін елдерге барған кезде қызмет шектелуі мүмкін). AFib - ті көрсететін тұрақты емес ритақтың әр эпизоды туралы хабарлама беруге арналмаған және хабарламаның болмауы патологиялық процестің жоқтығын білдірмейді. Бұл басқа белгілі ритақ бұзылыстары бар пайдаланушыларға немесе 22 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналмаған. Пайдаланушылар білікті медициналық маманмен кеңесусіз жасалған болжамдар негізінде клиникалық әрекеттерді түсіндірмеуі немесе қабылдамауы керек.
- ЭКГ қосымшасының қол жетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Медициналық құрылғы (SaMD) ретінде бағдарламалық жасақтама ретінде мақұлдау /тіркеудің ұлттық шектеулеріне байланысты, ECG қосымшасы тек қызмет қол жетімді елдерде сатып алынған сағаттар мен смартфондарда жұмыс істейді (дегенмен, пайдаланушылар қызмет көрсетпейтін елдерге барған кезде қызмет шектелуі мүмкін). Тексеріңіз https://117.p.syniva.es/apps/samsung-health-monitor қосымша ақпарат және қызмет көрсету елдері туралы Соңғы жаңартулар үшін. Қолданба 22 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналмаған. Пайдаланушылар білікті медициналық маманмен кеңесусіз құрылғының шығуы негізінде клиникалық әрекеттерді түсіндірмеуі немесе қабылдамауы керек.
- Қан қысымының нақты көрсеткіштерін алу үшін әр 4 апта сайын қан қысымы мониторы мен манжетті калибрлеу қажет. Android 9.0 немесе одан жоғары нұсқасы бар Galaxy смартфоны қажет.
- Қан қысымын өлшейтін қосымшаның қол жетімділігі елге немесе аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін. Медициналық құрылғы (SaMD) ретінде бағдарламалық жасақтама ретінде мақұлдау / тіркеудің ұлттық шектеулеріне байланысты қан қысымын өлшейтін қосымша тек қызмет қол жетімді елдерде сатып алынған сағаттар мен смартфондарда жұмыс істейді (алайда, пайдаланушылар қызмет көрсетпейтін елдерге барған кезде Қызмет шектеулі болуы мүмкін). Тексеріңіз https://117.p.syniva.es/apps/samsung-health-monitor қосымша ақпарат және қызмет көрсету елдері туралы Соңғы жаңартулар үшін. Қолданба 22 жасқа толмаған адамдарға қолдануға арналмаған.
- Пайдаланушылар тыныштықтағы қан қысымын дәстүрлі манжет сияқты өлшеп, жаттығу, темекі шегу немесе ішу кезінде өлшеуден бас тартуы керек. Қан қысымын өлшейтін қосымша гипертонияға немесе басқа жүрек ауруларына, сондай-ақ 22 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналған диагностикалық мақсаттарға арналмаған. Пайдаланушылар білікті медициналық маманмен кеңесусіз құрылғының шығуы негізінде клиникалық әрекеттерді түсіндірмеуі немесе қабылдамауы керек. Қан қысымын өлшейтін қосымша дәстүрлі диагностикалық немесе емдеу әдістерін алмастыруға арналмаған.
- Өлшенген қан қысымының тарихын жұптастырылған смартфондағы Samsung Health Monitor қолданбасынан көруге болады.
- Диагностика және емдеу кезінде пайдалануға арналмаған. Жалпы сауықтыру мен фитнеске ғана арналған.
- Функцияны Samsung Galaxy Watch4 пен Galaxy Watch одан кейінгі модельдерінде ғана қолдануға болады. Денеңізде кардиоширатқыш немесе басқа да имплантталған медициналық құрылғылар болса, сондай-ақ жүктілік кезінде мұны қолдануға болмайды. Құрылғы және қолданба арқылы алынатын, денсаулыққа байланысты кез келген ақпарат медициналық консультация деп қаралмауы керек. Жасыңыз 20-ға толмаса, өлшеу нәтижелері дәл болмауы мүмкін. Өлшеулер өзіңіз қолдану үшін ғана арналған. Кеңес алу үшін медицина қызметкеріне барыңыз.
- Үйлесімді смартфондар мен қолдануға болатын функциялар елге/аймаққа, байланыс операторына немесе құрылғыға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
- Galaxy Watch6 Classic-қа Wear OS-тың соңғы нұсқасы орнатылған болуы керек.
- Құлауды анықтау функциясын пайдалану үшін, ол Galaxy смартфоныңыздағы Galaxy Wearable қосымшасында қосылған болуы керек.
- Шұғыл шақырту үшін желіге қосылу керек немесе Galaxy смартфонымен түйіндесуі керек.
- Смарт-сағат, Samsung Health қосымшасы немесе онымен байланысты бағдарламалық жасақтама арқылы жинақталған ақпарат диагностикаға, емдеуге немесе аурудың немесе басқа жағдайлардың профилактикасына арналмаған.
- Жүрек-өкпе мүмкіндігіне сүйеніп, жүгіру кезіндегі ЖЖЖ-ның әрбір аймағы диапазонын анықтау үшін, 4 км/сағ немесе одан жоғары тұрақты жылдамдықпен таза ауада 10 минуттан көп жүгіру керек.
- Үйлесімді смартфондар мен қолдануға болатын функциялар елге/аймаққа, байланыс операторына немесе құрылғыға байланысты өзгеше болуы мүмкін.
- Жаттығуларды автоматты түрде анықтау баптауларға енгізілуі керек. Автоматты түрде анықтау жаттығулардың барлық түрінде қолданылмайды.
- Galaxy Watch6-да ғана қолдануға болады және үйлесімді мобильді құрылғымен түйіндескен болуы керек.
- Еліне немесе өңіріне байланысты бауы өзгеше болуы мүмкін. Қосымша баулар бөлек сатылады.
- Сынған құрылғылардың құнын арнайы өзгертетін жекелеген акция өткізілмесе, сынған құрылғыларға жасалатын жеңілдіктер мөлшері толық функциялы құрылғыларға қарағанда, айтарлықтай төмен болады.
- Құрылғыңызды бізге айырбас жасауға жібермесеңіз, қосымша төлем алынады. Пайдалану жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар қолданылады.
- Bluetooth, Wi-Fi немесе LTE арқылы қосылу керек.
- Бөгде қосымшаларды бөлек жүктеу керек.
- Samsung ұсынған Wear OS бар Galaxy Watch құрылғысымен үйлесімділік. Smart Switch-тің соңғы нұсқасы жүктелген смартфонмен түйіндестіру қажет.
- Жіберуге болатын деректер мен контент оперциялық жүйеге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Әдеттегі өнімділік үшінші тараптың зертханалық жағдайында тестіленді Әдеттегі сыйымдылық — бұл IEC 61960-3 стандартына сәйкес тестіленген үлгілер арасында батарея сыйымдылығының ауытқуын есепке алғандағы есептік орташа сыйымдылық.
- Әрқайсысы Samsung телефонына қосылған, алдын ала шығарылған Galaxy Watch5 (BT & LTE) нұсқасын пайдаланып, 2022 жылдың маусымында Samsung өткізген тестілеу; барлық құрылғылар алдын ала нұсқаға арналған бағдарламалық жасақтаманы, Galaxy Watch Magnetic (EP-TA800) жылдам қуаттауға арналған USB C кәбілін және қуаты 25 Вт (EP-TA800) Samsung USB C қуаттау адаптері арқылы тестіленді. Қуаттау уақыты өңірге, баптауларға, пайдалану режиміне және қоршаған орта факторларына байланысты; нақты нәтижелер өзгеше болуы мүмкін.
- Әдеттегі өнімділік үшінші тараптың зертханалық жағдайында тестіленді Әдеттегі сыйымдылық — бұл IEC 61960-3 стандартына сәйкес тестіленген үлгілер арасында батарея сыйымдылығының ауытқуын есепке алғандағы есептік орташа сыйымдылық. Атаулы сыйымдылығы - 573 мА·сағ Автономды жұмыс істеудің нақты уақыты желі ортасына, пайдалану режимдеріне және басқа да факторларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
key features
-
Экран
-
Фитнес
-
Ұйқы
-
Денсаулық
Сипаттамалары
-
NFC Иә
-
Bluetooth нұсқасы Bluetooth v5.3
-
Өлшемі (негізгі дисплей) 1.3" (33.3мм)
-
Процессор 1.4ГГц
-
Сақтау орны (ГБ) 16
-
Датчиктер Акселерометр, Барометр, Биоэлектрлік Импеданс Анализінің Сенсоры, Электрлік Жүрек Сенсоры, Гироскоп Сенсоры, Геомагниттік Сенсор, Холл Сенсоры, Инфрақызыл Температура Сенсоры, Жарық Сенсоры, Жүрек Соғу Жиілігінің Оптикалық Сенсоры
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз